7


  • Учителю
  • Үнді және Тынық мұхиты тақырыбындағы География пәнінен сабақ жоспары 7-сынып

Үнді және Тынық мұхиты тақырыбындағы География пәнінен сабақ жоспары 7-сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Үнді мұхиты, Тынық мұхиты

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларға мұхиттар, олардың орналасқан орны, теңіздері, климаты, тіршілік дүниесі жайлы түсінік беру

2.Дамытушылық: Картамен, атласпен, кескін картамен, оқулықпен, жұмыс дәптерлерімен жұмыс істей білуге, іздендіруге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: Оқушыларды білімділікке, ізденімпаздылыққа, саналылыққа, уақытты үнемдеуге, ұжымдылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, іздену

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Атлас карта, оқулық, кескін карта, суреттер



Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып,

оқушыларды түгендеп, зейіндерін тұрақтандыру.

Жаңа сабақ:

Үнді мұхиты - Жер шарындағы аумағы Тынық және Атлант мұхитынан кейінгі үшінші мұхит. Көпшілік бөлігі оңтүстік жарты шарда, Азия, АФрика, Аустралия, және Антарктида құрлықтарының аралығында орналасқан. Жердің су бөлігінің 20% алып жатыр. Мұхиттың жағасы аз тілімденген. Солтүстігінде Бенгал және Парсы шығанақтары, Арабя теңізі құрлыққа бойлап еніп жатры. Аралдары біршама аз. Мухиттың шекарасында ғана аралдар бар. География үшін Үнді мұхиты жөніндегі мәліметтер Васко да Гамма (1497-1499ж) бері жинала бастады. ХVІІІ ғасырдың соңында ағылшынның теңізінде жүзушісі Джеймс Кук бұл мұхиттың тереңдігін алғаш рет өлшеген. ХІХ ғасырдың соңында мұхитты кешенді зерттеу жұмысы басталды.

Теңіздері: Қызыл, Андаман, Аравия, Тимор, Арафур;

Шығанақтары: Аден, Парсы, Оман, Бенгал, Карпентария, Үлкен Аустралия, Сент-Винсент;

Аралдары: Мадагаскар, Шри-Ланка, Сокотра, Занзибар, Мафия, Пемба (материктік), Крозе, Принц Эдуард, Комор, Амирант, Сейшель, Маскарен (жанартаулық), Мальдив, Лаккадив, Чагос, Кокос, Андаман (маржандық).

Климаты. Климат жағдайлары негізінен оңтүстік жарты шарда орналасуымен байланысты. Мұхиттың солтүстік шағын бөлігіне муссондық климат тән. Бұл бөлігінде жазда экваторлық оңтүстік-батыс, қыста тропиктік солтүстік-шығыс ауа ағындары басым. Қоңыржай ендіктерде тропиктік дауыл - тайфун жиі қайталанады. Тамыздағы ауа температурасы солтүстікте 25-270С, оңтүстікте 20-250С, оңтүстік поляр ендіктерде 00С және одан төмен. Жылдық жауын-шашын экватор маңында 2000-3000мм. Арабия түбегінде 100мм, қоңыржай ендіктерде 500-1000мм. Антарктида жағалауында 250мм.

Тіршілік дүниесі. Үнді мұхиты тропиктік және оңтүстік қоңыржай белдеулерді алып жатыр. Тропиктік белдеудіңтайыз сулы бөлігінде 6 және 8 сәулелі маржандар көп. Маржандық құрылымдарда түрлі омыртқасыздардың аса бай фаунасының өкілдері: губкалар, құрттар, крабтар, ұлулар т.б. мекендейді. Мұхит жануарларының көп бөлігін конепода шаяндары құрайды (100-ден аса түрі). Басқа омыртқасыздардан қанат аяқты ұлулар, мезузалар, т.б. жаппай тараған. Балықтардан ұшар балық, тунец, желкен балық көп. Түрлі акулалар, теңіз жыландары, теңіз тасбақасы, ірі теңіз сүтқоректілері (кит, ескек аяқтылар), құстардан альбатрос, фрегат пингвиннің бірнеше түрі тіршілік етеді.

Тынық мұхиты - көлемі мен тереңдігі жағынан ең үлкен мұхит. Батысында Еуразия мен Аустралия, шығысында Солтүстік және Оңтүстік Америка, оңтүстігінде Антарктида құрлықтарымен шектеседі. Тынық мұхиты оңтүстіктен солтүстікке 15,8мың км, шығысынан батысына 19,5 мың км созылып жатыр. Шекаралас теңіздермен есептегенде 179,7 млн км2, орта тереңдігі 3984м, көлемі 723,7 млн км3. Тынық мұхитының ең терең жері 11022м Мариана шұңғымасында.

Зерттелуі. Алғаш болып Тынық мұхитты көрген испандық Бальбоа болды. Ол 1513 жылы өз серіктестерімен Панама мойнағын кесіп өтіп, белгісіз мұхитқа шығады. Олар мұхитқа оңтүстіктегі ашық шығанақ арқылы шыққандықтан, Бальбоа бұл мұхитты Оңтүстік теңіз деп атады.28 қараша 1520 жылы Фернан Магеллан алғаш болып мұхитқа шықты. Ол Отты Жер аралынан Филиппин аралдарына дейін 3 ай 20 күнде мұхитты кесіп өтті. Осы уақыт бойы ауа райы бірқалыпты тынық болды, сол себептен Магеллан бұл мұхитты Тынық мұхиты деп атады. 1753 жылы француздық географ Ж.Н.Бюаш Тынық мұхитын Ұлы мұхит атауды ұсынды, әлемдегі ең үлкен болғандықтан. Бірақ бұл атауды көпшілік қолдамады, әлемдік географияда сөзі басым ағылшын тілді елдердің қалауымен «Тынық мұхиты» болып қала берді. 1917 жылға дейін жер аударған орыс картасында Шығыстық мұхит деп аталды.

Теңіздер: Берингов, Охот, Жапон, Сары, Шығыс-Қытай, Филиппин, Оңтүстік Қытай, Ява, Сұлу, Сулавеси, Бале, Флорес, Саву, Банда, Серам, Хальмахера, Молукк, Жаңа Гвинея, Сулейман, Коралл, Фиджи, Тасман, Росса, Амудсен, Беллинсгаузен.

Шығанақтар: Аляска, Калифорния, Панама

Аралдар: Жаңа Гвинея, Калимантан, Үлкен Зонд, Суматра, Сулавеси, Ява, Банка, Жапон аралдары (Хонсю, Сикоку, Хоккайдо, Кюсю), Филиппин аралдары (Лусон, Миндано, Самар, Негрос, Палаван, Миндоро), Жаңа Зеландия, Кіші Зонд аралдары (Тимор, Сумбава, Флорес, Сумба), Сахалин, Молукк аралдары (Серам, Хальмахера), Бисмарк архипелагы (Жаңа Британия, Жаңа Ирландия), Сулеймен аралдары (Бугенвиль), Алеут аралдары, Тайвань, Хайнань, Ванкувер, Фиджи аралдары (Вити-Леву), Гавай аралдары (Гаваий), Жаңа Каледония, Кадьяк, архипелагы, Куриль аралдары. Кіші аралдар - Жаңа Гибрид, Шарлотта патшайым аралы, Галапагос, Велингтон, Әулие Лаврентия, Рюкю аралы, Риеско, Нунивак, Сант-Инес, Д´Антркасто аралы, Самоа аралдары, Ревилья-Хихедо, Палмер, архипелагы, Шантар аралдары, Магдалена, Луизиада архипелагы, Лига архипелагы, Луайоте аралдары, Карагин, Кларенс, Нельсон, Принсессройал, Хановер, Командор аралдары.

Тіршілік дүниесі. Әлем мұхиттарының биомассасының 50% Тынық мұхитының еншісінде. Мұхиттағы өмір ағыл-тегіл және қилы, әсіресе маржан рифтар және мангр тоғайларымен шұғылданатын Аустралия, Азия жиектеріндегі тропиктік және субтропиктік аймақтарда. Тынық мұхитының суасты өсімдіктері 4 мың балдыр түрінен 29 гүлді түрлеріне дейін жетеді. Тынық мұхитының жануарлар түрінің әлемі өзге мұхиттағыға қарағанда 3-4 есеге бай, әсіресе тропика суларында. Индонезия теңіздерінде балықтың 2 мың, солтүстік теңіздерінде 3 мыңға жуық түрлері бар. Мұхиттың тропика аймақтарында молюскалардың 6 мыңға, ал Беринг теңізінде 200 жуық балықтардың түрі бар.

Бекіту.

Оқушыларға картамен жұмыс істеу тапсырылады. Картадан мұхиттардың теңіздерін, шығанақтарын, бұғаздарын, аралдарын тауып, кескін картаға түсіреді.

Үйге тапсырма: Үнді және Тынық мұхиты туралы қосымша мәлімет жазып келу.

Бағалау.









 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал