7


  • Учителю
  • Қоршаған ортаның экологиясы Сабақ жоспары 5 класс

Қоршаған ортаның экологиясы Сабақ жоспары 5 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

5 ә класс 18.05.2016ж

Ашық сабақ

Тақырыбы: Қоршаған ортаның экологиясы.

ҚР «Табиғат қорғау »заңы

Мақсаты:

Оқушыларға қоршаған орта ,экология ұғымдары туралы оқушылардың білімін қалыптастыру. Өз бетімен білім алуға, ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрете

отырып, ой-өрісін дамыту.Пәнге деген қызығушылықты арттыру.



Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: АКТ,кесте,сандар сыры,топтастыру,венн диаграммасы,сәйкестендіру,БББ,

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Үй жұмысы

1 топ тапсырмасы.Сандар сөйлейді

1978 жыл-

1981жыл-

307-

12-

10-

26-

80-

288-

2 топ Венн диаграммасы

3 топ карамен жұмыс.

Жаңа сабақ.

Табиғатты қорғау үшін қандай шара қолдану керек?

Егер адам табиғатты қорғамасы қандай жағдай болар еді?

Қоршаған ортаның экологиясы Сабақ жоспары 5 класс









1 топ

« Экология» терминін ғылымға 1866 жылы неміс ғалымы Э.Геккель енгізді. Грек тілінен аударғанда «үй туралы ғылым» деген мағынаны береді.

Экология -тірі ағзалар мен олардың жүйелерінің қоршаған ортамен өзара байланысын, олардың бір-біріне әсері мен өзара әрекеттесуін зерттейтін ғылым.

Қоршаған орта бірнеше қабаттан тұрады, әр қабаттың өзіндік экологиялық сипаты бар. Атмосфера, негізінен табиғи және жасанды жолмен ластанады.

Табиғи ластану- атмосферадағы белгілі мөлшерде шаң-тозаңның көтерілуі.

Жасанды ластану- көліктердің жанар майларының жануынан,өнеркәсіптердің,жылу электр стансаларының мұржаларынан бөлінген газдардан болады.

Қоршаған ортаға көліктерден бөлінген газдардың құрамында көміртек,күкірт,азоттан басқа 25-27% қорғасын болады.



2-топ

Литосфера қабатының негізгі құраушысы-топырақ. Топырақ- жердің беткі-жылу,су,ауа,өсімдіктер мен жануарлар, микроағзалардың біріккен құнарлы қабаты.

Адамның шаруашылақ әрекеттерінде табиғатты қорғаудың түрлері ережелерін сақталмауы топырақтың ластануына әкеліп соғады. Мысалға: өндірістік құрлыстың қалдықтары,адамдардың пластикалық бөтелкелерді,полиэтилен қаптарды,күл-қоқыстарды лақтырып тастауының әсерінен топыраққа, ауаға түрлі зиянды заттар бөлінеді.

Гидросфера-ғаламшарымыздағы қоршаған ортаның маңызды құрамдас бөлігі. Судың құрамына қарай ащы,тұщы болып бөлінеді.Жер бетінде тұщы судың мөлшері өз болғандықтан дүние жүзінің кейбір аумақтарындағы басты проблемаға айналып отыр.

Суды көп мөлшерде пайдаланатыны- ауылшаруашылық саласы,өнеркәсіп,жылу электр стансалары.Кейінгі жылдары жалпы сулардың ластануы қатты байқалады. Негізгі ластаушы факторларға өндіріс орындарынан шыққан қалдық сулар, тұрмызтық жағдайда қолданған сулар, түрлі улы химиялық тыңайтқыштар сіңген сулар, мұнай өнімдерін өндіру кезінде ластанған сулар жатады.

Қазақстан Республикасының Ата заңының екінші бабында қоршаған ортаны қорғау туралы мәселелері қамтыған.38-бапта «ҚР азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті»делінген.



3 топ



ҚР Қоршаған ортаны қорғау туралы заңы 1997 жылы 15 шілдеде қабылданған. Заңның негізгі мақсаты- қазіргі ұрпақ- өздерің және болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық,экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілеу,табиғат байлықтарын ұтымды пайдалану жолдарын көрсету. Заң 18 тарау, 89 баптан тұрады.ҚР өмір сүретін әрбір азамат осы заңды білуге және оны қолдануға міндетті.

Ұлттық заңдардан басқа, ҚР тарапынан халықаралық қоршаған ортаны қорғауға қатысты 30-ға жуық конвенция мен келісімшартқа қол қойылды.

Су тапшылығына орай оны үнемдеу қажет. Табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану барысында қоршаған ортаны сақтай аламыз.



Берілген тапсырма бойынша постер қорғау.

бағалау.

Видео ролик. Экология және Қазақстан.

Ой толғаныс.

«Адамның табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ»

Қортындылау.

1 топ тапсырмас. Сәйкесін тап

Экология терминін ғылымға неміс 25-27%

ғалымы Э.Геккель енгізді.

Көліктен бөлінген қорғасынның мөлшері 89



ҚР қоршаған ортаны қорғау туралы заңы қабылданды 1866ж





Заң баптан тұрды 1997ж



2 топ тапсырмасы.

Табиғи ластану мен жасанды ластанудың ұқсастығы мен айырмашылығын жаз.Венн диаграммасы

3 топ тапсырмасы.

Мақал-мәтел.

Топ басшыларына арналған

Аяқ-іздері арқылы сұрақтарға жауа беріп қоқыстарды тазалау.



1.Қанша ұлттық саябақ бар?

2.Қорықтарды атап шық?

3.Қазақстанның алғашқы саябағы қай жылы шығарылды?

4.Қорық дегеніміз не?

5.Экология терминін ғылымға енгізге ғалым?

6.Экология дегеніміз не?

7.Табиғи ластану дегеніміз?

8.Жасанды ластану неден болады?

9.ҚР қоршаған ортаны қорғау туралы заңы қашан қабылданды?

10.Қоршаған ортаның экологиясының ластануына қандай факторлар әсер етеді?

11.Неліктен елімізде Табиғатты қорғау заңы қабылданды?

12.Қоршаған ортаға көліктерден бөлінген газдардың құрамында?

13.Топырақ дегеніміз?

14.Заң неше тараудан,баптан тұрады?

15Қоршаған орта қандай қабаттардан тұрады?

16.Оңтүстік Қазақстан мен Жамбыл облысында орналасқан қорық?

Адам мен табиғт -егіз эссе

Қортынды бағалау.

Үй тапсырмасы.

Қоршаған ортаның экологиясы.

















№ 3 Қарауылкелді орта мектебі

















Қоршаған ортаның экологиясы

( 5 ә класс жаратылыстану)













Пән мұғалімі: Мәуешова Ә

























2015-2016 оқу жылы





























































 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал