7


  • Учителю
  • Урок по географии на тему: 'Физикалық география нені оқытады? Жер туралы географиялық білімнің дамуы'

Урок по географии на тему: 'Физикалық география нені оқытады? Жер туралы географиялық білімнің дамуы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Күні: ................... География 6сынып

Тақырыбы: Кіріспе. Физикалық география нені оқытады?
Жер туралы географиялық білімнің дамуы.

Мақсаты:

  1. Оқушыларға география ғылымы жайлы білім беру. География ғылымының бөлімдері. Жер туралы географиялық білімдердің дамуына шолу жасау. Оның зертелу тарихын анықтау

  2. Оқушылардың өз ойын айта білу, өз бетімен жұмыс жасау іс әрекеттерін қалыптастыру.

  3. Оқушылардың сабақта отыру мәнерін, тыңдай білу қасиетін арттыру.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ
Сабақ әдісі: интерактивті, түсіндірмелі, сұрақ жауап, өз бетімен жұмыс
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, кестелер. суреттер


САБАҚ БАРЫСЫ
І Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасып оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Оқушылардың құрал жабдықтарын( кітап, дәптер, қалам, күнделік, атлас, карта, және қосымша екі дәптер, түсті қарандаштар) барларын тексеру немесе келесі сабаққа бағыштау. Оқушылардың санын анықтау.
ІІ Жаңа сабақ
Қазір оқулықпен жұмыс жасаймыз. Ол үшін кітапты ашып, бірінші абзацты оқимыз.
Оқып болсақ, мына сұрақтарға маған кім жауап береді:

  1. География сөзі қандай елден щыққан. (ол елді картадан көрсет)

  2. Ол не деген мағынаны білдіреді (гео..... жер, графо......жазамын) Жерді сипаттап жазу деген мағынаны білдіреді
    География

Физикалық география Экономикалық география

Табиғат денелері мен құбылыстарының Жер бетіне Өнеркәсіп, пен ауыл шаруашылық , тұр
таралузаңдылықтарын және олардың себептерін мыс, көліктің халықтардың орналасу
зерттейді заңдылықтарын зерттейді.

География терминін ғылымға енгізген б.з.б ІІІ ғасырда грек ғалымы ЭРОТОСФЕН. Ең алғашқы картаны да жасаған ЭРОТОСФЕН. Сондықтан Эротосфен географияның атасы болып табылады.
? Оқушылар сендер қалай ойлайсыңдар жер қандай пішінді иемденеді?

  • Ең бірінші адамдар оны бір нәрсемен тіреліп тұрған жалпақ зат деп ойлаған. Әр елде әр түрлі ойлар болған.
    мысалы: Қытай, Үндістан, Парсы, Мысыр елдері( суреттен қарай қойыңдар)

Ежелгі грек географтары тұңғыш рет дүние бөліктері туралы ұғым енгізіп, ең алғаш рет ЕУРОПА мен АЗИЯ дүние бөліктерін ажыратқан.

ХVғасырда неміс картографы МАРТИН БЕХАЙМ тұңғыш рет глобус жасады. Ол глобуста Еуропа, Азия, Африка бейнеленді де, Америка туралы түсінік мүлдем болған жоқ.
XV-XVII ғасыр «Ұлы географиялық ашылулар заманы»

  • Христофор Колумб

  • Фернан Магеллан

1492жылы Х . Колумб тың үш кемесі Испаниядан шығып, Атлант мұхитына бет алды. Олар тіке жүрсе, пілі, алтыны көп Үндістанға жетемін деп ойлады. Сөйтіп Оңтүстік Америкаға келді. Алайда ол өле өлгенше ол жерді Үндістан деп өтті. Өзінің төрт рет жасаған саяхатында ол көптеген аралдарды ашты, халқын үндістер деп атап кетті.

Фернан Магеллан экспедициясы 5 кеме, 265 адамнан тұрды. Олар Х. Колумб жолымен жүріп, Оңтүстік Америка Үндістан емес екенін айтты. Материктің оңтүстігінде бұғаз тауып, оны Магеллан деп атады да, Тынық мұхитқа жол тауып шықты.

Фернан Магеллан саяхатының маңызы :

  • Жердің шар тәрізді екенін дәлелдеді

  • Тынық мұхиты ашылды

  • Дүниежүзілік мұхиттардың

біртұтастығы дәлелденді

ХІХ ғасырда барлық материктер мен мұхиттар зерттеліп болды.

Ең соңғы ашылған материк: ХХ ғасырдың екінші

жартысындағы Антарктида материгі.
Меңгергендерін тексеру:

  1. География сөзі қай елден шыққан

  2. Ол қандай мағынаны білдіреді

  3. Географияның салалары қандай

  4. Географияның негізін қалаған кім

  5. Жер туралы мәліметтер қандай мемлекеттерде дамыды

  6. Он бес, Он жетінші ғасырлар қалай аталады

  7. Тұңғыш глобусты жасаған кім

  8. Х. Колумбтың саяхаты жөнінен не білесіңдер, жылдарын ата

  9. Фернан Магелланнан ше, жылдарын ата

  10. Жер қандай?

Бекіту: Фернан Магелланнның жолын салу
Қорытынды: Оқушылардың сабаққа қатысып отыруына байланысты баға беріп, күнделіктеріне қою. Мадақтау
Үй жұмысы:
§ 1.2 Шоқан Уалиханов туралы хабарлама даярлау (зерттеулері жөнінде)





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал