7


  • Учителю
  • География пәнінен сабақ жоспары 'Табиғат зоналары' 8 класс

География пәнінен сабақ жоспары 'Табиғат зоналары' 8 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Өткізілген күні: 11.02.2012

Сыныбы: 8 «Ә»

Пәні: Қазақстанның физикалық географиясы

Сабақтың тақырыбы: Табиғат зоналарының климатына, жер беті суларына, топырақ, өсімдік жамылғысына және жануарлар дүниесіне сипаттама

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды табиғат зонасы түрлерімен таныстыру, толық, жан-жақты мәлімет беру.

Сабақтың міндеті:

  1. Білімділік: Табиғат зоналары түрлерінің климатын, фауна және флорасын ашып ұғындыру. Ерекшеліктерімен таныстыру. Жан-жақты оқып үйренуге, географиялық ұғымдармен заңдылықтарды терең меңгерулеріне көмектесу.

  2. Тәрбиелілік: Айналамызды қоршаған орта - табиғат кешені. Сол

тәрізді табиғат зонасы табиғат кешенінің бейнесі тәрізді. Ендеше

оқушыларды қоршаған ортамызды, айнала әсем табиғатымызды

қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

  1. Дамытушылық: Оқушылардың өз бетімен, топпен жұмыс жасай білу

қабілетін, қызығушылықтарын арттыру. Шығармашылық, ізденушілік

қабілетін, дүниетанымын дамыту. Ғылыми көзқарастарын

қалыптастыру.

Сабақ түрі: ашық сабақ

Сабақ әдісі: ауызша баяндау, түсіндірмелі-иллюстриативті, венн

диаграммасы, сұрақ-жауап,топтық, жеке жұмыс, сызба

арқылы түсіндіру, картамен жұмыс.

Көрнекіліктер: Қазақстанның физикалық картасы, атлас, кескін карталар,

интерактивті тақта, кесте сызылған плакаттар.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй тапсырмасын тексеру

  3. Қайталау. Білімді бақылау

  4. Жаңа білімді қалыптастыру

  5. Жаңа білімді бекіту

  6. Қорытындылар. Сабақты бекіту

  7. Үй тапсырмасын беру


Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпқа кіру, оқушылармен амандасу, сынып тазалығын бақылау, оқушыларды түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, балалардың назарын сабаққа аудару.


Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылардың өткен сабақта берілген тапсырмасын, карта, құрал-жабдықтарын тексеріп, сабаққа дайындығын қадағалау.

Қайталау. Білімді бақылау

«Адасқан сөздер» деп аталатын бұл сайысымызда білімді бақылау ретінде оқушыларды 2 топқа бөлеміз. Топ оқушыларына тапсырма үйлестіріледі.

Кестенің төменгі жағында берілген сөздерді сәйкестендіріп, адасқан сөздерді орнына қою керек.

Сұрақтар

Жауаптар

1

Табиғат зонасы -

температура жағдайларымен ылғалдануы, өсімдіктер мен жануарлардың дүниесі бірдей болатын ірі табиғат кешені.


2

Орманды дала зонасы -

Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының аз ғана бөлігін алып жатыр.


3

Дала зонасы -

көлемі 77 млн га.


4

Шөлейт -

республиканың 14%-ын алып жатыр.


5

Шөл зонасы -

Каспий теңізі жағалауынан Тарбағатай тауының етегіне дейін созылады.


6

Табиғат кешені -

табиғат компоненттерінің заңды түрде ұштасуы, жер бетінің бір бөлігі, барлық табиғат компоненттерінің өзара күрделі байланыста бола отырып, өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсетін жер бетінің бөлігі.


7


Табиғат компоненттері


Өлі: топырақ, су, ауа, тау жыныстары.

Тірі: өсімдік , жануар, адам.


8

Дала зонасы -

еліміздің 29%-ы.


9

Шөлейт зонасы -

Жайықтың жағасынан Алтай тауларына дейін 2900км

10

Орманды дала зонасы -

көлемі 1 млн га (0,4%).


  1. температура жағдайларымен ылғалдануы, өсімдіктер мен жануарлардың дүниесі бірдей болатын ірі табиғат кешені.

  2. Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының аз ғана бөлігін алып жатыр.

  3. көлемі 77 млн га.

  4. республиканың 14%-ын алып жатыр.

  5. Каспий теңізі жағалауынан Тарбағатай тауының етегіне дейін созылады.

  6. табиғат компоненттерінің заңды түрде ұштасуы, жер бетінің бір бөлігі, барлық табиғат компоненттерінің өзара күрделі байланыста бола отырып, өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсетін жер бетінің бөлігі.

  7. топырақ, су, ауа, тау жыныстары.

  8. еліміздің 29%-ы.

  9. Жайықтың жағасынан Алтай тауларына дейін 2900км

  10. көлемі 1 млн га (0,4%).

Жаңа білімді қалыптастыру

Табиғат зонасы - температура жағдайларымен ылғалдануы, өсімдіктер менжануарлардың дүниесі бірдей болатын ірі табиғат кешені.

Табиғат зоналарын ең негізгі сыртқы факторлар қалыптастырады. Олар көп жағдайда күн жылуының таралуына тәуелді. Тағы бір фактор аумақтың ылғалдылығының әртүрлілігі. Жылу мен ылғалдың арақатынасы нәтижесінде әр түрлі табиғи зоналар пайда болады. Мәселен, аумаққа күн жылуы көп түссе, оның біраз ылғалдылығы жеткіліксіз болса, онда шөлді аймақтар пайда болады.

Әрбір зона өзіне тән климатымен, топырағымен, өсімдік және жануарлар дүниесімен ерекшеленеді. Кейде бір зонаның ішінде басқа зоналарға ұқсас жеке улескілер де кездеседі.

Қазақстанның жазық бөлігінде солтүстіктен оңтүстікке қарай бірте - бірте орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары ауысып отырады. Сонымен бірге бұл зоналарда топырақ және өсімдік жамылғысы батыстан шығысқа қарай да өзгереді. Оның себебі осы бағытта климаттың континенттігі артады.

Республиканың биік таулы аудандарында зоналар биіктікке байланысты ауысып отырады.

Қазақ жеріне орманды дала зонасының тек оңтүстік шеті сүйірленіп кіреді. Жазық далада шоқ - шоқ болып ормандар өседі. Қазақстанның орманды дала зонасы Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының азғана бөлігін алып жатыр. Өзендері түгелдей дерлік қар суымен толығады. Ертістің, Жайықтың, Тобылдың, Есілдің, т.б. бірқатар ірі өзендердің суы халықтың тұрмыс қажеті үшін ғана емес, өнеркәсіп мақсаты үшін ғана емес, өнеркәсіп мақсаты үшін де пайдаланылады.

Дала зонасы 77 млн. га жерге тараған Қазақстанның біраз аумағын, дәлірек айтқанда, 29 % - ынан астамын алып жатыр. Дала зонасы өзендердің деңгейі төмен. Зонаны Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Нұра, Торғай, Шар, Ырғыз және бірнеше шағын өзендер кесіп өтеді. Дала зонасының топырағы қара және қызыл қоңыр топырақ типіне жатады. Даланың оңтүстік бөлігінде негізгі өсімдіктермен қатар жусанның кейбір түрлері өседі. Даланың барлық жерінде осы зонаның негізгі жануары қасқыр көп болады. Далада ақбөкендер кездеседі.


Сипаттама

Орманды дала зонасы

Дала зонасы

Территориясы

Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының аз ғана бөлігін алып жатыр

Батыс Сібір жазығының оңтүстік шеті, Торғай үстіртінің солтүстігі, Мұғалжар тауы, Каспий маңы ойпатының солтүстік жартысы, Орал етегі, Жжем үстірті, Сарыарқаның солтүстігі мен орталық аудандары жатады.

Климаты

Біршама қолайлы, жазы қоңыржай ыстық

Континентті, жазы ыстық әрі құрғақ.

Ірі өзендері

Ертіс, Жайық, Тобыл, Есіл.

Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Нұра, Торғай, Шар, Ырғыз

Топырағы

Қара қоңыр топырақ

Қара және қызыл қоңыр топырақ


Шөлейт зонасы. Шөлейттің климаты құрғақ, тым континентті. Жауын - шашын аз, жылдық жауын - шашынның мөлшері 180 - 300 мм аралығында. Көктемнің аяғы мен жаздың басында жауын - шашын мол түседі, қыста және жазда жауын - шашын аз жауады. Шөлейттің негізгі топырағы - ашық қара қоңыр топырақ. Қызғылт - күрең топыраққа қарағанда оның құрамында шірінді аз болады. Шөлейт зонасында 3000 - нан астам көл бар.

Шөл зонасы. Шөл зонасы Каспий теңізі жағалауынан Тарбағатай тауының етегіне дейін созылады. Шөл зонасының жалпы көлемі 117 млн га, республика аумағының 44 % - ына жуығын алады. Шөл дала зонасы егін шаруашылығы үшін шамалы пайдаланылады. Қой және жылқы шаруашылығы басым дамыған. Ойдын - ойдын суармалы жерлерде көкөніс, бақша егіледі.Шөл зонасы солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлінеді. Солтүстік шөлдерде Үстірт және Тұран ойпатының солтүстік жартысы, Бетпақдала үстірті, Мойынқұм, Балқаш маңы құмдары жатады.


Жаңа білімді бекіту

№1 «Әріптер сыры» атты сайысымызда слайд бетінде 42 әріп жазылады. Әр топтан оқушы 1 әріпті таңдап, кейін мұғалім сұрақ қойған кезде оқушы таңдаған әріптен басталатындай жауап беруі тиіс.

А

Ә

Б

Ш

Т

Д

Р

М

Ж

Н

С

Қ


Сұрақтары:

  1. Орманды дала зонасының территориясы? (Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыраты)

  2. Орманды дала зонасының жылдық жауын-шашын мөлшері?(300-350мм)

  3. Орманды дала зонасындағы қай ормандар мемлекет тарапынан қорғауға алынған? (Дуброва, Мамлют)

  4. Дала зонасының климаты қандай? (Континентті, жазы құрғақ, аңызақ жел соғып тұрады)

  5. Дала зонасы шөптесін өсімдіктерге бай. Ендеше өсімдіктердің қандай түрлерін білесіңдер? (Боз, бетеге, атқонақ, еркекшөп, кермек, қаңбақ)

  6. Дала зонасының жер беті сулары? (Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Нұра, Торғай, Шар, Ырғыз)

  7. Шөлейттің негізгі топырағы? (ашық қара қоңыр топырақ)

  8. Шөлейт зонасындағы қысқы ең төменгі температура? (-50°С)

  9. Шөлейт зонасы топырағының беткі қабатының шірінді мөлшері?

(2-3%)

  1. Шөлде кездесетін тек қазақстанда өсетін өсімдік? (Дермене жусаны)

  2. Шөл зонасындағы құм бетінің жаздағы температурасы? (+70°С)

  3. Шөл зонасында қандай қорықтар ұйымдастырылған?

(Барсакелмес, Үстірт)

№2 Кескін картамен жұмыс. «Зоналарға саяхат» деп аталады. Оқушыларға кескін карта және кілттік сөздер беріледі. Слайдта көрсетіледі. Оқушылар кілттік сөздің қандай зонаға қатысты екенін тауып, сол зонаның шекарасын кескін картаға түсіру керек. Қай топ бірінші болса, сол топқа ұпай саны беріледі.


Кілттік сөздер:

«Алғырлар» тобы.

  1. 1млн га; 6 мың көл; Мамлют. (жауабы: орманды дала зонасы)

  2. +70°С; дермене жусан; Үстірт. (жауабы: шөл зонасы)

«Білгірлер» тобы

1) Жайық; 29%; 2200км. (жауабы: дала зонасы)

2) -50°; ашық қара қоңыр топырақ; итмұрын. (жауабы: шөл зонасы)


№3 Венн диаграммасымен жұмыс. (қосымша уақытқа)

Қорытындылар. Сабақты бекіту

Топтардың ұпай саны анықталып, жоғары ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады. Топ оқушылары түгелдей бағаланады.

Үй тапсырмасы

Табиғат зоналарының климатына, жер беті суларына, топырақ, өсімдік жамылғысына және жануарлар дүниесіне сипаттама. Кескін картаға табиғи зоналарды түсіріп, табиғат зонасы тақырыбына сөзжұмбақ құрап келу.


«Алғырлар» тобы

Сұрақтар

Жауаптар

1

Табиғат зонасы -


2

Орманды дала зонасы -


3

Дала зонасы -


4

Шөлейт -


5

Шөл зонасы -


6

Табиғат кешені -


7


Табиғат компоненттері

8

Дала зонасы -


9

Шөлейт зонасы -

10

Орманды дала зонасы -



  1. Республиканың 14%-ын алып жатыр.

  2. Каспий теңізі жағалауынан Тарбағатай тауының етегіне дейін созылады.

  3. еліміздің 29%-ы.

  4. Жайықтың жағасынан Алтай тауларына дейін 2900км

  5. Көлемі 1 млн га (0,4%).

  6. Өлі: топырақ, су, ауа, тау жыныстары.

Тірі: өсімдік , жануар, адам.

  1. Температура жағдайларымен ылғалдануы, өсімдіктер мен жануарлардың дүниесі бірдей болатын ірі табиғат кешені.

  2. Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының аз ғана бөлігін алып жатыр.

  3. Табиғат компоненттерінің заңды түрде ұштасуы, жер бетінің бір бөлігі, барлық табиғат компоненттерінің өзара күрделі байланыста бола отырып, өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсетін жер бетінің бөлігі.

  4. Көлемі 77 млн га.

«Білгірлер» тобы

Сұрақтар

Жауаптар

1

Табиғат зонасы -


2

Орманды дала зонасы -


3

Дала зонасы -


4

Шөлейт -


5

Шөл зонасы -


6

Табиғат кешені -


7


Табиғат компоненттері

8

Дала зонасы -


9

Шөлейт зонасы -

10

Орманды дала зонасы -



  1. Республиканың 14%-ын алып жатыр.

  2. Каспий теңізі жағалауынан Тарбағатай тауының етегіне дейін созылады.

  3. еліміздің 29%-ы.

  4. Жайықтың жағасынан Алтай тауларына дейін 2900км

  5. Көлемі 1 млн га (0,4%).

  6. Өлі: топырақ, су, ауа, тау жыныстары.

Тірі: өсімдік , жануар, адам.

  1. Температура жағдайларымен ылғалдануы, өсімдіктер мен жануарлардың дүниесі бірдей болатын ірі табиғат кешені.

  2. Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының аз ғана бөлігін алып жатыр.

  3. Табиғат компоненттерінің заңды түрде ұштасуы, жер бетінің бір бөлігі, барлық табиғат компоненттерінің өзара күрделі байланыста бола отырып, өзіндік ерекшеліктерімен көзге түсетін жер бетінің бөлігі.

  4. Көлемі 77 млн га.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал