- Учителю
- Португалия 10 классе урок факультатив
Португалия 10 классе урок факультатив
Сабақтың тақырыбы: Португалия Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Өткен материалдарды естеріне түсіріп, карталарды
пайдалана білуге, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, проблемалық
сұрақтар қою арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін
арттыру.
Дамытушылық: білім алушылардың география пәніне деген қызығушылығын
арттыра отырып, ой - өрісін, ойлау қабілетін, танымдық
белсенділігін арттыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: білім алушыларды ұйымшылдыққа, ұжымшылдыққа, Отан,
халқына, еліне деген сүйіспеншілікке баулу. Топпен жұмыс істеу
дағдыларын молайту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, жекелей және жалпы сыныппен
жұмыс.
Көрнекілігі: карта, қызықты деректер.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Білім алушыларды түгендеу. Кабинеттің,
білім алушылардың сабаққа дайындықтарын тексеріп, сабақты бастау.
ІІ. Өткен материалды қайталау жұмыстары.
Оқушылардың білімдерін тексеру мақсатында бүгінгі сабақты өткен 6 - 10 сыныптарда оқыған « География» материалдарынан алған білімдеріңді таңғажайып саяхат түрінде қайталаймыз. 1-кезең.«Сандықшада не бар?»1-топқа:XVI ғасырдың бас кезінде Педро де Леон дейтін 13 жасар бала Оңтүстік Америкаға сапар шеккен испандық қарақшылардың кемесіне ілесіп Перуге келеді.Ол мұнда жергілікті халықтың осымен тамақтанатынын байқайды.Перуліктер оны папа деп атайды екен.Папаның күнге кептірілгенін чуньо деп атайды.Ал француздар оны жер алмасы деп,итальяндықтар әуеліТартуфоль деп атапты.Ресейде XVIII ғасырдан бастап тарай бастады.Оның мұнда тарауында І Петрдің еңбегі зор.Сандықшада не бар?(Картоп) 2-топқа:Бұл күміс сияқты жарқыраған ақ түсті,өте жеңіл.Одан түрлі ыдыс-аяқтар, күнделікті тұрмыста жиі пайдаланатын бұйымдар жасалынады.Әсіресе,оның басқа металдармен қоспасы өте құнды.Мұндай қоспалар әрі берік,әрі жеңіл болғандықтан, ұшақтарды, ғарыш кемелерін жасауға кеңнен қолданылады.Ол таза күйінде XIX ғасырдың басында өндіріле бастады.Оны балқыту алғашқы кезде өте қиынға түсті.Біразға дейін мұның сирек әрі қымбат болғаны соншалық Франция королінің отбасында одан жасалған пышақ пен шанышқы алтыннан да қымбат,сирек кездесетін зат ретінде қолданылған.Сандықшада не бар?(Алюминий) 2-кезең. «Географиялық лабиринт»
1-топқа: 1.Ауа райын болжайтын адамдар.(Синоптиктер)
2. Экватор ұзындығы ? (40 000 км)
3.Күн жүйесіндегі планета саны.(9)
4. Ең үлкен материк ? (Еуразия)
5.Ең ыстық материк.(Африка)
6.Гүлдер елі.(Голландия)
7.Дүние жүзін алғашқы болып жүзіп шыққан адам.(Ф.Магеллан)
8.Ұлыбританияны материктен бөліп тұрған бұғаз.(Ла-Манш)
9.Үш үлкен нәсілді ата? (еуропеоид, монголоид, негроид)
10. Орамалды әйел - ана бейнесінде қандай елдер бейнеленген?
(Португалия, Испания)
11. Олимпиада ойындарының отаны.(Грекия)
12. Бразилиялықтар қай тілде сөйлейді?(Португал)
13. Ең күшті жел қалай аталады? (Дауыл)
14.Дүниежүзінде неше мұхит бар? (4)
15. Жер шарын кішірейтілген моделін ? (Глобус)
2-топқа:
1. Дүние жүзіндегі ең терең көл қалай аталады? (Байкал).
2. Ватикан мемлекеті қай қалада орналасқан?(Рим)
3.Атмосферадағы оттегінің пайыздық мөлшері.(21℅)
4.Ең үлкен шөл.(Сахара)
5.Шайдың отаны.(Қытай)
6. Жер бетінде су көп пе, жоқ әлде құрлық па? (71% -су, 29% -құрлық).
7. Еуразия нешеге бөлінеді? (Европа, Азия)
8.Қазақстан қай материкте орналасқан.(Еуразия)
9. Экватордың ұзындығы қанша? (40000 км)
10.Аспанмен тілдескен тау (Тянь-Шань)
11. Африкадағы ең ежелгі мемлекет (Египет)
12. Көңіл күйі болмаған адамның бейнесінде қандай материк
бейнеленген?
(Африка)
13. Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі?(5)
14. Ауыспалы жел қалай аталады? (Муссон)
15. Дүниежүзінде неше құрлық бар? (6)
Жаңа сабақтың жоспары.
Португалия (порт. Portugal), ресми атауы Португалия Республикасы(порт. República Portuguesa) - Оңтүстік-Батыс Еуропаның қиыр шетінде, Атлант мұхиты жағалауында орналасқан мемлекет. Пиреней түбегінің батыс бөлігін және Азор, Мадейра аралдарын алып жатыр. Солтүстігі мен шығысында Испаниямен, ал оңтүстігі мен батысын Атлант мұхиты шайып жатыр. Ел аты Порту (лат. Portus Cale - «жылы кемежай») қаласы атынан бастау алады. Жер көлемі 92,1 мың км². Халқы 10,1 млн. (2000). Халқының 99%-ы португалдар, қалғанын испандықтармен бразилиялықтар құрайды. Португалияның саяси картасы.Ресми тілі - португал тілі. Халқы католик дінін ұстанады. Астанасы -Лиссабон қаласы Әкімшілік-аумақтық жағынан 18 округ және 2 автономиялық облыстан тұрады. 1976 ж. қабылданған конституциясы бойынша елдіПрезидент басқарады. Жоғарғы заң шығарушы органы - бір палаталы республикалық жиналыс. Атқарушы билік үкіметтің қолында. Ұлттық мейрамы - Португалия күні - 10 маусым (1580). БҰҰ-ға (1955), Еурокеңеске (1976),НАТО-ға (1949) және Еуроодаққа (1993) мүше. Ақша бірлігі - эскудо.
Географиясы
Португалияның ең биік нүктесі - Монт Пико(Пико аралы).Португалиядағы ең биік қырат - Серра-да-Эштрела көрінісі.Атлант мұхиты жағалауы негізінен ойпатты, құмды, аз тілімделген. Елдің солтүстік бөлігінде Месста таулы қыраты (ең биік жері - 1991 м, Серра-да-Эштрела), Тежу өзенінің оңтүстігіне қарай Португалия ойпаты, оңтүстік шетінде Серра-да-Алгарви аласа таулы өлке (биіктігі 902 м-ге дейін) жатыр. Климаты субтропиктік, жерортатеңіздік. Қаңтарда орташа температура 5 - 10С, маусымда 20 - 27С. Жылдық жауын-шашын мөлшері 400 мм (оңтүстігінде), 800 мм. (солтүстігінде) және 1200 - 2500 мм (тауда). Ірі өзендері - Дору (Дуэро), Тежу, Гвадиана. Солтүстігінде таулы-орманды,күлгін, оңтүстігінде қызыл-қоңыр топырақ тараған. Аумағының 5%-ға жуығы орман. Қасқыр, түлкі, сусар, генетта, алжир кірпісі, көптеген кеміргіштер,кесіртке, жылан, әртүрлі құстар мекендейді. Жағалық сулары балыққа бай. Негізгі табиғи қорлары: вольфрам, қалайы кен тасы, темір, уран кен тасы, қоңыр көмір кені.Ежелгі тарихыПортугалия аумағын адамдар тас дәуірінен мекендей бастаған. Қола дәуірінде елдің солтүстікінде металлургиялық өндіріс дамыды. Б.з.б. 1-мыңжылдықта Португалияға кельттер келіп қоныстанды. Б.з.б. 4 - 3 ғ-лардалузитандар көшіп келді. Олар мал шаруашылығымен және егіншілікпен шұғылданды. 5 ғ-да Португалия жері свевтер корольдігінің құрамына енді. 585 ж. вестготтар свевтер мемлекетін өздеріне қосып алды.Ортағасырлардағы Португалия713 - 18 ж. Португалияны арабтар мен берберлер басып алып, Кордово халифатының құрамына кіргізді. 1143 ж. тәуелсіз Португалия корольдігі (астанасы Коимбра) құрылды. 13 ғ-да Португалияда сословиелік монархия орнап, 15 - 16 ғ-ларда абсолютизм орнықты. 15 ғ-да португалдар Африканың батыс жағалауын, Мадейра, Жасыл Мүйіс және Азор аралдарын өзіне қаратты. 1500 ж. Бразилияны басып алуға кірісті. Шығыс Африкаға, Үндістанға, Оңтүстік-Шығыс Азияға экспансиясы күшейді. 1581 - 1640 ж. Испанияның қол астына қарады.Жаңа замандағы ПортугалияАфрикадағы Португалия отарларының соғысы(1961-74ж.)1703 жылдан бастап Англияға, 1807 ж. Францияға тәуелді болды. 1820 ж. қыркүйекте либералдық конституция күшіне енді. 1822 ж. 7 қыркүйекте Бразилия тәуелсіздігін алды. 1910 ж. 4 қазандағы португал революциясы нәтижесінде монархия құлатылды. 1-дүниежүзілік соғысқа (1916 жылдан бастап) Антанта жағында қатысты. Соғыстан кейін елде саяси жағдай күрт нашарлап, 1926 ж. 28 мамырда Португалияда әскери диктатура орнады. 1932 ж. шілдедегі төңкерістен кейін фашисттік тәртіп орнады. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Португалия АҚШ-пен</ тығыз әскери-саяси ынтымақ орнатты. 1948 ж. 28 қыркүйекте Маршалл жоспарына, 1949 ж. 4 сәуірде НАТО-ға қосылды. 1950 - 70 ж. елде саяси жағдайлар қайта шиеленісті. Португалияның отарларында ұлт-азаттық қарулы көтерілістер басталды. 1974 ж. сәуірде елде әскерилер көтеріліс жасап, Ұлттық құтқару кеңесін құрды. Отарлардың губернаторлары орнынан алынып, парламент, Ұлттық халық қимылы фашисттік партиясы, Қауіпсіздік бас басқармасы таратылды, саяси тұтқындар босатылды, сөз, баспасөз бостандығы жарияланды. Португалияда демократиялық өзгерістер жариялана бастады. 1975 ж. елде мемлекеттік және аграрлық реформалар жүргізілді. Португал үкіметі Африкадағы отарларына толық тәуелсіздік берді. 1976 ж. сәуірде жаңа конституция қабылданды. 1976 жылдан Португалия нарықтық қатынасқа толық көшкен, көппартиялы демократиялық елге айналды.Экономикасы.Португалия Еурокеңеске(көкпен боялған) мүше.Португалия - ЕО мүшелерінің бірі.
Қорытынды.Португалия индустриалды-аграрлы ел. Елде металл өңдеу, химия, мұнай өңдеу, тігін, балық консервілеу, шарап жасау өндірістері жақсы дамыған. Соңғы жылдары кеме жасау және жөндеу, электр жабдықтары, күкірт қышқылы, тыңайтқыш, тоқыма, аяқ киім өндірісі дамуда. Халқының 20%-ы ауыл шаруашылығында жұмыс істейді. Басты ауыл шаруашылығы өнімдері - астық өнімдері (бидай, күнбағыс), картоп, жүзім, зәйтүн жемісі, ет және сүт өнімдері алынатын мал шаруашылығы дамуда. Елге туризм едәуір табыс әкеледі. Экспортқа тігін және тоқыма өнеркәсібі өнімдерін, шарап тығынын (әлемде алдыңғы орында), ағаш өнімдерін, шарап, аяқ киім, қағаз, балық және балық өнімдерін, электр жабдықтарын шығарады. Сырттан отын-энергия өнімдері, химиялық өнімдер, құрал-жабдықтар, азық-түлік, көпшілік тұтынатын тауарлар әкелінеді. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлшері 13 840 АҚШ долл. (1997). Негізгі саудадағы серіктестері: Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия және АҚШ.