- Учителю
- 6- сынып. Физикалық география. Жердің құрылысы
6- сынып. Физикалық география. Жердің құрылысы
Пән: Физикалық география Сынып : 6
Сабақтың тақырыбы: Жердің құрылысы
Сабақтың мақсаты: Жер қабықтарын ажырату, және оның сипаттамасын білуге үйрету. Жердің сыртқы және ішкі құрылысы жайында түсінік беру. Заман талабына сай жалпы интеллектуалдық дағды мен біліктерін қалыптастыру; Ойлау есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту. Өз бетімен жұмыс істеуге, өзін -өзі бағалауға, жауапкершілікке, ынтымақтастыққа, уақыт үнемдеуге тәрбиелеу. Географиялық мәдениетке тарту
Міндеттері:
- Жер қабықтарын ажырату, және оның сипаттамасын білуге үйренеді.
- Жердің сыртқы және ішкі құрылысы туралы біледі.
Табыс критерийлері:
-тақырып бойыншша жұмыс жасай аламын;
-сыныптастарымның пікірін тыңдаймын;
-өз ойын мүмкіндігінше жеткіземін;
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы
Ресурстар: Интербелсенді тақта, флипчарт, маркер, бағалау парағы, қарындаш, өшіргіш, фломастерлер, түрлі-түсті стикерлер,"Бағдаршам", карточкалар. Фотоаппарат
Стартегиялар: «Серпілген сауал», «Класстер сызу», «ТВ шоу», «Сөйлемді толықтыр» «Конверт-сұрақ», «Сұрақ ұсын»
Сілтеме : Физикалық география. 6-сынып. "GOOGLE" іздеу сайты
Күтілетін нәтиже:
- Сыни ойлау дағдылары артады.
- Өздігінен тақырыпты меңгереді.
- Қызығушылықтары артады.
-Тақырыптың мазмұнын түсініп, өз идеясын ұсынады.
ОЖЕСОжО
Амандасу.
«Көршіңмен мақтан» жаттығуы. Мақтаншақ ойынының ойнаймыз. Барлық адам ол туралы жақсы сөз айтқанды ұнатады. Бірақ бүгін біз өзімізбен емес, көршіңмен мақтанамыз. Ең жақсы көршің болған қалай жақсы. Өзім бастаймын.
-Сандықшадан кәмпит таңдап алады. Топқа бөлу кәмпит арқылы іске асады
Топ басшы сайлатып, бағалау парақшасын береді.
Оқушылар оң жақ көршісі туралы мақтанады. Ойланып жауап береді: ол қандай, қандай жақсы қасиеттері бар? Ол нені біледі? Ол несімен ұнайды?
Қай оқушы бір түсті кәмпит алса, бір түсті кәмпит алған оқушылар дыбыссыз қадаммен топқа бөлінеді.
Өздері топ басшы сайлап алады.Топ атын жазады.
Білу
8 мин
АКТ,СТОү, ТжДБО
План мен географиялық картаның ұқсастықтары мен айырмашылықтарын «Венн» диаграммасына қарап оқиды. Тақырыпқа шығу.
«Серпілген сауал» әдісі бойынша:
Допты лақтырып өткен сабақ бойынша сұрақтар ұсынамын.
1.Географиялық картадағы бұрмалану дәрежесі қамтитын аумағына байланысты қалай өзгереді?
2.План мен картаның ұқсастығы неде?
3.План мен картаның айырмашылығы неде.
4.Картаның күнделікті тұрмыстағы пайдасы туралы мысал келтір
Оқушылар жазып келген «Венн» диаграммасын оқиды. Оқушылар сұраққа жауап бере отырып,жаңа сабақтың тақырыбын ашады және дәптерлеріне сабақтың тақырыбын жазады.
Формативті
Түсіну
10 мин
ОМОЖТ, СТОү,
«Жер қабықтары» сөзінің мәнін қалай түсінетіндіктерін тексеру мақсатында кластер сызу жұмысы беріледі.
Жердің ішкі құрылысының қарапайым сызбада бейнеленген сандардың тұсына атауын қою тапсырмасын беремін 1---------------------
2-----------------
3 -------------
Оқушылар дәптерге кластер сызып, оң жаққа жылжып, бір-бірінің жұмысын тексереді. Жердің ішкі құрылысының қарапайым сызбада бейнеленген сандардың тұсына атауын қою тапсырмасын орындайды
Жұптық бағалау - көршісінің дәптеріне смайликті жабыстырады
«Бағдаршам»
Мен көп жаңа білім алдым
Тапсырмаларды орындаған кезде біраз қателестім.
Талдау
8 мин
СТОү,ОүБжОБ
«ТВ шоу» әдісі.
Мұғалім жүргізуші оқушылармен, түрлі кейіпкерлермен сөйлескендей тақырыпты талқылайды.
Формативті бағалау
Қолдану
6 мин
СТОү, ТжДБО
«Сөйлемді толықтыр» әдісі бойынша тақтаға таңдаған оқушыны шығарып оқушылар сұрақтар ұсынады
Білімін тексеруге арналған сұрақтар:
Қалай....
Мұны қайдан білесіз....
Сіз неге олай ойлайсыз…
Түсіндіре аласыз ба… .
Формативті бағалау
Сергіту сәті (2 мин) «Қызыл өрік» биі
Жинақтау синтезі
5 мин
СТОү.
«Сұрақ ұсын» стратегиясында оқушыларға бір-біріне сұрақтар ұсынады.
Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Формативті бағалау
Рефлексия
2 мин
ОүБжОБ
Әр оқушыға бағалау парақшасы беріледі.
Парақшасын толтырады
Топ басшы бағалау кестесі бойынша топты бағалайды
Жиынтық бағалау
Үй тапсырмасы
2 мин
«Жердің құрылысы» тақырыбына қысқаша
ой-толғау жазу