- Учителю
- Презентация и конспект урока географии 'Ауа қысымы'
Презентация и конспект урока географии 'Ауа қысымы'
«Ш.Уалиханова»
География пәнінің мұғалімі Акежанова Б.З.
Тақырыбы : Ауаның қысымы және желдер.
Мақсаттары: 1Қазақстанның аумағында ауа қысымы қалай таралатынын түсіндіру, желдің
түрлерімен таныстыра отырып климат туралы білімдерің жүйелеу, тереңдету.
2 Оқушыларды тақырыпқа байланысты өздері іздену арқылы ойлау қабілетін
дамыту.
3 Оқушыларды айналадағы ортаны қорғауға баулу.
Сабақ типі : аралас сабақ
Сабақ түрі: түсіндіру, іздену, сұрақ- жауап.
Сабақтын көрнекілігі: Қазақстанның физикалық картасы, электрондық оқулық,слайд,
Сабақ барысы
І Ұйымдастыру кезеңі
ІІ Өткен материалды қайталау
1 Атмосфера циркуляциясының Қазақстан климатына құруда маңызы қандай?
2 Қазақстан климатына қандай ауа массалары әсер етеді?
3 Өзіміз тұрған жердің климатына қандай ауа массаларының әсері мол?
ІІІ Жаңа білімді меңгертуге даярлық
1 «Климат» деген сөзге ассоциация құрастыру.
2 Климат қалыптастырушы факторларды ата.
ІV Жаңа білімді меңгеру
1 Ауа қысымы деген не?
2 Жер бетіне қысымнын әр түрлі таралуының негізгі себебін түсіңдір?
3Қазақстанда ауа қысымы бірдей таралған ба?
4 Ауа қысымы картада қандай сызықпен белгілейді?
Жаңа сабақты түсіндірген кезде электрондық оқулықты, слайд пайдалану
V Жаңа білімді бекіту
1 Ойлау белсенділігін арттыруға арналған тапсырма беру
а) кітаппен жұмыс : Астана , Атырау, Қызылорда , Алматы қаларының
орташа ауа қысымын анықтау.
б) картамен жұмыс: Ебі желі, Сайқан желі, Шілік желі, Арыстанды- Қарабас ,
Мұғалжар желдері қай жерде соғатының картадан көрсету.
в) «циклон» мен « антициклон» кестесін толтыру.
г) « Қазақстанның жергілікті желдер» кестесін толтыру.
д) Өз-өзіңді тексер ( тест)
VІ Жаңа сабақты қорытындылау
1 Қазақстан аумағында ауа қысымы қалай таралған ?
2 Циклон, антициклон деген не ?
3 Қандай желдер бар?
4 Желден электр қуатын өндіру үшін қолданылып жүрген жел
двигательдерін ата?
5 Ауа райы жайлы халық болжамы не дейді?
VІ Баға қою
VІІ Үйге тапсырма: Желдің зияндық әрекеті жайлы реферат әкелу,
кескін карта толтыру.