- Учителю
- Урок по географии 'Оңтүстік Американың өзендері мен көлдері' (7 кл)
Урок по географии 'Оңтүстік Американың өзендері мен көлдері' (7 кл)
Мектебі:№ 4 ОМ
Пән мұғалімі:Узакпаева А.М.
Пәні: География
Тақырыбы: Оңтүстік Американың өзендері мен көлдері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оңтүстік Америка материгінің өзен көлдерінің орналасуын, алаптарын, пайда болуын, қазіргі ерекшелігін түсіндіру.
Оқушыларды картадан өзендер мен көлдерді анықтай алуға, сипаттама беруге үйрету, ой-өрісін дамыту.
Дамытушылық: Бұрынғы оқыған ұғымдарын дамыту, сабаққа белсенділігін арттыру, картамен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Судың маңызын түсіндіру арқылы оны қорғауға, тиімді пайдалануға, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің физикалық картасы, атлас, флештаспа, кескін карта, интерактивтік тақта, тақырыптық карта, оқулық.
Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақ типі: Жаңа білімді игерту.
Әдіс-тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап, кестесі, Бірі жіңішке... Бірі жуан... ойыны т.б.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, Сынып тазалығына көңіл бөлу, құрал-жабдықтарды түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
"Шаттық шеңберіне " жиналу.Топқа бөліну
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру Бірі жіңішке... Бірі жуан...
1.Оңтүстік Америка мен Отты Жер аралын не бөледі?
2.Вавиловтың зерттеуінше Оңт .Америка қай өсімдіктердің отаны
1.Латын Америкасы дегеніміз не?
2. Саяхатшылар «Қаңтар өзені »деп ат берген географиялық объекті
1.Америкаға басқыншылардың көптеп ағылуына байланысты қай мемлекет жойылып кетті?
2.Өткен материктер бойынша ең төмен жатқан нүктелерді атаңдар
1.Батыс жарты шардың ең биік нүктесі
2. Өткен материктер бойынша ең биік нүктелерді атаңдар
1. Америка көп жылдар бойы қай елдердің отары болды?
2 Перу суық ағысы қандай ағысқа айналады?
1.Оңт.Американың табиғатын зерттеп 30 томдық еңбек жазған зерттеуш
2.Дрейк бұғазы қай мұхиттарды бөледі?
ІІІ. Жаңа білімді қалыптастыру. Қызығушылықты ояту
Таулардан өзен ағар сарқыраған
Айнадай сәуле беріп жарқыраған
Жел соқса,ыстық соқса бір қалыпта
Аралап тау мен тасты арқыраған І.Жансүгіров
І топ. Оңтүстік Американың өзендері Амазонка
ІІ топ. Парана мен Оринокадан бастап соңына дейін
ІІІ топ. Статистикалық мәліметтермен жұмыс
1.Тақырыпшаларды игеруге 5 минут уақыт беріледі
2.Презентацияға дайындық
3.Презентацияны қорғау
ІV.Қосымша мәліметтер
Амазонканың сағасын ж. испан теңізшісі В.Я. Пинсон ашқан. Өзен арнасымен ж. алғаш рет испан Ф. Орельяк саяхат жасаған. Алабының ауданы 7,2 млн. м², ұзындығы Укаяли бастауынан есептегенде 7000 км-ден асады.
Титикака - ежелгі көлемді суқойманың қалдығы; суының химиялық құрамы мұхит суына жақын. Суының орташа температурасы 11°С. Көл суы балық аулау, кеме қатынасы, жер суару үшін пайдаланылады. Жағалауында ірі портты қала - Пуно орналасқан. Көлдің оңтүстік-шығысы мен аралдарда ежелгі үндіс мәдениетінің ескерткіштері бар.
Оңтүстік Америкадағы ірі сарқырамалар қатарына Кукенан, Рорайма жатады
IV.Адасқан әріптер
V. Жаңа сабақты бекіту. Ыстық орындық
Сұрақтары: 1. Амазонка Өзеннің сағасын ең алғаш қай жылы және кім ашты?
1500 ж. испан теңізшісі В.Я. Пинсон ашқан
2. Амазонка Өзен арнасымен ______ж. алғаш рет испан конкистадоры __________саяхат жасаған. (1541 жылы Ф. де Орельяк)
3. Неліктен Амазонканы ақ және қара өзен деп атайды?
4. Амазонканың ұзындығы қанша? (7000 км-ден)
5. Амазонка өзенінің жануарлары (пиранья, анаконда, арапаима, қара кайман т.б.)
6. Оңтүстік Американың ірі сарқырамаларын ата. (Анхель, Кукенан, Рорайма, Игуасу)
9. Титикака көлінің ауданын және биіктігін ата. ( 3812 м)
10. Оңтүстік Америка көлдерін ата. (Титикака, Маракайбо, Патус, Поопо, Лагоа-Мирим)
VІ.Адасқан әріптер
VII. Үйге берілген тапсырма бойынша ПРЕЗЕНТАЦИЯНЫ ҚОРҒАУ
VІІI. Үйге тапсырма беру. Бағалау.
$ 40.Өзендері мен көлдері Кескін картаға өзендері мен көлдерін түсіру