- Учителю
- Материктер мен мұхиттар географиясы нені оқытыды
Материктер мен мұхиттар географиясы нені оқытыды
Сабақ: №1 Күні: 04.09.14
Сыныптар: 7 Ә
Тақырыбы: Материктер мен мұхиттар географиясы нені оқытыды
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты - Жалпы географиялық білім беру, материктер мен мұхиттар географиясы түсінігін, оның зерттеу пәні мен зерттеу объектілері туралы, зерттеу салалары туралы білімді ашу.
Дамытушылық мақсаты - Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты - Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, Материктер мен мұхиттардың физикалық картасы
Сабақ түрі: Кіріспе сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс