- Учителю
- География сабағы кеш 'Жұлдызды сағат'
География сабағы кеш 'Жұлдызды сағат'
"Жұлдызды сағат" ойынының шарттары.
-
"Бәйге". Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Жауап тез, әрі қысқа болу керек. Әр дұрыс
жауапқа жұлдызша беріледі.
-
"Мақал- сөз мәйегі". Сан есімі бар мақал- мәтелдердің, сол сияқты биология, химия, физика, география пәндерімен байланысты мақал- мәтелдердің жалғасын табу.
-
"Оңтүстік- солтүстік" ойыны. Жүргізуші солтүстік, оңтүстіік, батыс, шығыс бағыттарын айтқанда ойыншы сол бағытқа қарап отыра қалу керек.
-
"Кім жылдам" сөзжұмбақтар шешу.
-
"Саяхатшы" ойыны. Картадан көрсетілген аралдарға тек мұхиттар арқылы жету керек.
-
"Жылдамдық" ойыны.
-
"Сен- маған, мен- саған" ойыны. Әр топ бір- біріне өздері дайындап әкелген сұрақтарын қояды
-
Қорытынды. Жұлдызшаны ең көп жинаған топ жеңімпаз атанады.
"Бәйге"бөлімінің сұрақтары.
1.Бір-біріне тік бұрыш жасап қиылысатын қандай түзулер?
(перпендикуляр)
2.Көлемдері бірдей ағаш пен көмірдің қайсысының массасы көп?
(темір)
3. Өсімдіктердің өсімді мүшелерін ата. (сабақ, жапырақ, та-р)
4. Жер шарында ең алғаш пайда болған құрылық.
(Пангия)
5. Бір элемент атомдарының екінші бір элемент атомының белгілі бір санын қосып алу қабілеті. (валенттілік)
6. Тік төртбұрыш ауданы неге тең? (ұзындығы мен енінің көбейтіндісіне тең)
7. Күштің бірлігі (Ньютон)
8. Сабақ қандай қабаттардан тұрады? (қабық, камбий, сүрек, өзек.)
9. Атмосфераның жерден санағанда ІІ қабығы. (стратосфера)
10. Заттардың оттекпен әрекеттесуі (тотығу)
11. Құрама сандар дегеніміз не? (2- ден көп бөлгіші бар сандар)
12. Күшті өлшейтін аспап (динамометр)
13. Жапырақтарда жүретін процесс (фотосинтез)
14. Воейков белдеуі Қазақстанның қандай ендігімен өтеді? (50 солтүстік ендікте)
15. Қышқыл мен негіз арасында тұз және су түзе жүретін реакциялар (бейтараптану)
16. Темірдің тотығуы (таттану)
17. Дұрыс бөлшектер дегеніміз не? (алымы бөлімінен кіші бөлшектер)
18. Қысымның бірлігі (Паскаль)
19. Өсімдіктің жер асты мүшесі (тамыр)
20.Жер шарын алғаш айналып шыққан саяхатшы. (Ф.Могелла)
ІІ. "Мақал- сөз мәйегі"
1.Білім-теңіз
(Мектеп- кеме).
2.Еменнің иілгені- сынғаны
(Жігіттің екі сөйлегені- өлгені).
3. Бір тал кессең - (он тал ек).
4. Түйе атасы- нар
(Ағаш атасы- шынар).
5.Қабат- қабат қаттама
(Ақылың болса аттама).
6.30 тістен шыққан сөз (30 рулы елге тарайды)
7.Жеті рет өлшеп бір рет кес
8.Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішер.
ІІІ. Берілгени буындардан сөз құрау.
1. Жара-, тану-, тыл-, ыс;
2. Тура-, темп-, е-, ра-;
3. Еу-, зия-, ра-;
4. Ар-, ме-, тика-, иф-;