7


  • Учителю
  • Сабақ 'табиғаттағы күштердің маңызы'

Сабақ 'табиғаттағы күштердің маңызы'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала


Алматы облысы, Райымбек ауданы, Қаратоған ауылы

«Н.Өмірзақов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекетттік мекемесі

Куберова Гаухар Дүйсенқызы

География-экология пәнінің мұғалімі

Сыныбы: 5

Пәні: Жаратылыстану

Тоқсаны: 3

Сабақтын тақырыбы;

Табиғаттағы күштер

уақыты

Жалпы мақсаты


Оқушыларды табиғаттағы әр түрлі күштермен таныстыру және теориялық материалдарды іс жүзіндегі жұмыстармен ұштастырып отыру.

45минут

Күтілетін нәтиже


  1. Күш ұғымын біледі

  2. Табиғаттағы күштерді сипаттайды

  3. Табиғаттағы күштерді ажыратады

  4. Табиғаттағы күштерді талдайды

  5. Табиғаттағы күштерді өмірде қолданады

  6. Табиғаттағы күштерге баға береді

Сілтеме


Оқулықтар, атластар, Глобус, жарты шарлар картасы, әр түрлі суреттер


Оқыту әдістері


Блум таксономиясы, топтық,жұптық жұмыстар, сын тұрғысынан ойлау, АКТ,


Психологиялық ахуал қалыптастыру

Сыныпты ұйымдастыру,

жылы ахуал қалыптастыру

Сергіту сәтін ұйымдастыру

5мин

Сыныпты топқа бөлу

Конфеттер арқылы топқа бөлу

2мин

«Білу,түсіну»


«Кім білгіш? » әдісі

  1. Күш дегеніміз не?

  2. Табиғатта қандай күштер бар?

  3. Күш ұғымы қалай пайда болды?

  4. Күштің маңызы қандай?

  5. Үйкеліс күші дегеніміз не?

  6. Тартылыс күші дегеніміз не?


5мин

«Қолдану» теориясы

Оқушылар сын тұрғысынан ойлана отырып, күш сөзіне , табиғаттағы күштер туралы өз ойларын ортаға салады, пікір алмасады.

5мин

«Талдау » теориясы

1-топ - Күш

2-топ - Үйкеліс күші

3-топ -Тартылыс күші

Топтық талдау жұмыстары

«Қонақ кәде» әдісі арқылы әр топтың оқушылары бір-біріне қонаққа барып, өз топтарының тапсырмаларын бір-біріне баяндап және түсіндіріп береді.

Денелердің бір-бірімен әсерлесуін сипаттайтын физикалық шама - күш деп аталады. Табиғатта күштің түрлері көп. Солардың бірі - үйкеліс күші. Бұл бір дене екінші бір дененің бетімен қозғалғанда пайда болатын күш. Мысалы, шана мен қардың арасындағы , аяқ киімнің жермен үйкелісі.

Табиғаттағы негізгі күштердің бірі - тартылыс күші. Горизонталь лақтырылған доп түзу қозғала бермейді, соңында жерге құлайды, Жердің Жасанды серігі Жерді айналып қозғалады, секірген адам қайтып жерге түседі, өзендегі су ағады. Мұның барлығы Жердің тартылыс күшімен байланысты. Айдың тартылысы Жердегі теңіздер мен мұхиттардың тасуы мен тартылуын туғызады. Күн жүйесі планеталары Күнді айнала қозғалады. Жердегі барлық денелер бірін-бірі тартады. Мұның бәрі Бүкіләлемдік тартылыс күші деп аталады.

15мин

«Жинақтау»

«Инсерт» әдісі арқылы топтар жаңа тақырыпты қаншалықты түсінгендігін анықтайды.

8мин

«Бағалау»

Бағалау парақшасы арқылы бағалау

Екі жұлдыз, бір тілек

5мин

Үйге тапсырма

Ғаламшардағы тіршілік

тақырыбын оқу, талдау, сұрақтарға жазбаша жауап беру





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал