- Учителю
- Материктер мен мұзиттардың зерттелу кезеңдері географиядан қысқа мерзімді сабақ жоспары (7 сынып)
Материктер мен мұзиттардың зерттелу кезеңдері географиядан қысқа мерзімді сабақ жоспары (7 сынып)
Қысқа мерзімді жоспарлаугеография
Сынып:7 «А»
Сабақтың тақырыбы:
«Материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері»
Мақсаты:
(SMART, орта мерзімді жоспардан алынады)
Оқушылар материктер мен мұхиттардың зерттелуін, ашылған жаңалықтары мен заңдылықатарын түсінді.
Күтілетін нәтижелер:
(орта мерзімді жоспардан алынады)
Барлығы: материктер мен мұхиттардың зерттелуін, ашылған жаңалықтар мен заңдылықатары жөнінде түсінеді ;
Көпшілігі: сұрақ қояды және жауап береді;
Кейбірі: картамен саяхат жасай алады;
Оқулық:
(ҚР ББҒМ ұсынған)
7 сыныптың географиясы, атлас картасы.
Оқушыламен амандасу
Оқушыларды түгендеу
Сабақ мақсаты мен міндеттерін анықтау
Амандасады
Кім жоқ екенін айтады
2 мин
Оқушыларды топқа бөлу.
1 топ «Колумб».
2 топ «Геродот»
3 топ «Уалиханов»
4 топ «Пири» топтарына бөлінеді
Топ аттары жазылған қағаз қиындылары.
8 мин
Үй тапсырмасын тексеру.
ӨЗІНДІК ОЙЫН
Қалыптастырылатын дағдылар:
-
ақпаратты басқару;
-
ойлау.
Ойын барысы:
1. Оқушыларға сабақта қарастырылатын тақырыпқа қатысы бар сұрақтардың
жауаптары беріледі. Жауаптар жай ғана күн, есім немесе орын, эмоция немесе абстрактілі түсініктер түрінде болуы мүмкін.
2. Оқушылар әр жауап үшін сұрақ ойлап табуы керек.
3. Егер жауаптың бір мәнді сұрағы болмаса, оқушылар өздері ойлап тапқан
сұрақтарды бір бірімен салыстырып, белгілі бір сұраққа қатысты тоқтамға қалай келгенін дәйектейді.
Мысалы: 510,2 млн км2 (Жер шары бетінің жалпы ауданы қанша?)
Берілетін сұрақ жауаптары:
1.510,2 млн км2
2. Архипелаг
3. Маржандық аралдар
4.Ескі дүние
5.70,8%
6.Жаңа дүние
7.Мариана шұңғымасы
8.Алты материк
9.149,1 млн км2
10. Еуазия
«Қазына жинау» әдісі
Әр дұрыс жауап үшін тиын ақша алуға мүмкіндік бар, сабақ соңында көп тиын жиған оқушылар жақсы баға алады.
АКТ сұрақтар жазылған слайд.
Бағалау парақшалары
5 мин
-
«Миға шабуыл»
Интербелсенді тақтаға тақырыпты ашу мақсатында: тұсбағар, дүрбі,карта,кеме фотосуреттері беріледі де мұғалім балалардан
«осы берілген заттарды кімдер қолданады?»деген сауал қояды.
Мұғалімнің жауабы: - Иә балалар бүлқұралдарды саяхатшылар саяхаттары барысында қолданады, біздің бүгінгі тақырбымыз «материктер мен мұхиттардың зерттелу кезеңдері» деп аталады.
2.Ұлы саяхатшылар бейнебаян көрсетіліп,мәтінмен танысады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, бүгінгі сабақтың негізгі түйінді идеясын айтады.
АКТ фотосуреттерден тұратын слайд,
Тақырып жазылған слайд.
15 мин
Мағанананы ашу Топтық жұмыс
Мәтінді төртке бөліп әр топқа тарсырма беріледі:
«Геродот» тобының тапсырмасы: «Ежелгі дәуірдегі оқымыстылардың еңбектеріне кластер құрастыру» тапсырылады
«Колумб» тобының тапсырмасы «Ұлы географиялық ашылу кезеңінің кестесін құрастыру» тапсырылады.
«Уалиханов» тобының тапсырмасы: «ХІХ ғасырдағы басты географиялық жаңалықтарды әр саяхатшыны өзі зерттеген материктерге сәйкес жапсыру» тапсырылады
«Пири» тобының тапсырмасы: «ХХ ғасырдың ірі жаңалықтары мен қазіргі заманғы география ғылымының мақсатын көрсететін сызба құрастыру» тапсырылады.
Оқушылар берілген тапсырманы орындап, араларынан спикер сайлап жұмыстарын қорғайды.
«Бағдаршам» әдісі
• Жасыл - мақсатқа қол жеткізілді, сенімді жеткізе бңлдң
• Сары - біршама алға жылжу бар, кейбір мәселелер бойынша табысқа қол
жеткізілді, алайда сенімсіздік бар, кеңес, көмек сұрайды.
• Қызыл - жетістікке қол жеткізбеді, абыржуда.
Жасыл, сары түспен бағаланған топ оқушыларына бір - бірден тиын ақша беріледі.
«Еңбектің авторы кім?» тапсырмасы
-
«География» а.Геродот
-
«Географика» ә.Страбон
-
«Тарих» б.Эратосфен
-
«Үш теңіздің ар в. А.Никитин
жағына саяхат»
Оқушылар еңбектерді авторымен сәйкестендіреді.
«Қазына жинау» әдісі
Картамен жұмыс:
«Геродот» тобы: Х. Колумбтың жолымен саяхат жасайды.
«Колумб» тобы: Васко даГаманың жолымен саяхат жасайды
«Уалиханов» тобы:Ф. Магеллан жолымен саяхат жасайды.
«Пири» тобы: Саяхатшылардың атымен аталған географиялық обекътілерді табады.
Оқушылар мәтіннен саяхатшылар туралы оқып картадан олардың жолдарын табады. Орталарынан спикер сайлап интербелсенді тақтадағы физикалық картаға әр саяхатшының жолын түсіреді, «Пири» тобы саяхатшылардың атымен берілген обекътілерді көрсетіп белгілейді.
«Бас бармақты жоғары көтеру» әдісі
• Бас бармақ жоғары - күтілетін нәтижеге қол жеткізгендігіне сенімді.
• Бас бармақ көлденең - біршама дәрежеде қол жеткізілді, бірақ одан да жақсы
нәтижеге жетуге болар еді.
• Бас бармақ төмен - жетістікке жетуде прогресс шамалы.
3 мин
рефлексия
Білемін,білдім, білгім келеді
парағын толтыру
Білемін,білдім, білгім келеді
парағы
2 мин
Үйге тапсырма беру
§2 оқу. Кескін картаға саяхатшылардың аты берілген обекътілерді түсіру