7


  • Учителю
  • 6 Класқа географиядан Тақырыбы: Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер

6 Класқа географиядан Тақырыбы: Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Пәні: Физикалық география Класс 6 «В» Күні: 26.11.2015

Сабақтың тақырыбы: Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер.
Сабақтың мақсаты: «Жанартау», «гейзер» ұғымдарын қалыптастыру. Оқушыларға жанартау үрдісінің жер қойнауынан магманың шығуы мен байланыстылығын және жанартау әрекетінің литосфераға, гидросфераға және атмосфераның қалыптасуына әсері туралы білім беру. Жанартаудың табиғи апат екені жайында экологиялық білім беру.
Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың ойлау қабілетіне, жаңалықтарды тез қабылдауды қалыптастыру, білімін дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мәні: Оқушылардың өздігінен білім ізденуге, әрекеттерін тудыру және ойлау, сөйлеу, қабылдауға байланыстыра отырып адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Карта, жанартаудың құрылысы, слайд арқылы жасалған суреттер.
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау стратегиясының элементтерін пайдалану.
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, ынтасын сабаққа аудару.
ІІ Үй тапсырмасын пысықтау. Топтастыру стратегиясы.
§20. Жер қыртысының қозғалысы. Жер сілкіну.
Сыныпты топқа бөлу мақсатында Эпицентр, ошақ, сейсмограф парақшаларын тарқатамын. Сыныптағы оқушылар өздеріне берілген парақшалардағы аттар бойынша 3 топқа бөлінеді. Топ өздерінің ішінен топ басшыларын сайлайды.
Әр топтан бір оқушыдан шығып топтың атын қорғау жұмысы жүргізіледі.

Эпицентр тобына Географиялық диктант

1. Жердің ішкі құрылысы жер қыртысы, мантия, ядродан тұрады

2. Тау жыныстарын зерттеу, пайдалы қазбаларды бағдарлаумен геологтар айналысады

3. Тау жыныстары пайда болуына қарай үш топқа бөлінеді

4. Магманың жер қойнауында суынуынан магмалық тау жыныстары пайда болады

5. Жер қыртысының қозғалуының екі түрі белгілі

6. Жер қыртысы мен жоғарғы мантиядағы ығысу мен ыдырауынан пайда болатын жер бетнің тербелуін жер сілкіну ошағы деп атаймыз

7. Жер сілкіну жиі қайталанатын аймақтар сейсмикалық деп аталады

Ошақ тобына Еске түсіру стратегиясы.
Бұл тапсырмада көрсетілген жылдарда болған оқиғаларды анықтау.Табиғи апат жайында атап өтеді.
1. 1908 жылы -
2. 1911 жылы -
3. 1923 жылы -
4. 1948 жылы -
5. 1988 жылы -
6. 1991 жылы -
7. 1999 жылы -


Сейсмограф тобына Сәйкестендіру

  1. Жердің сыртқы қабығы А) ядро

  2. Дүмпудің жер үстіндегі жері Б) тұз

  3. Темір мен никельден тұрады В) минералдар

  4. Бір минералды тау жынысы Г) жер қыртысы

  5. «Шапан» дегенді білдіреді Д) эпиценр

  6. Тау жыныстарын құрайды Е) мантия

Зерделеу стратегиясы.
1. Жер шарының ішкі құрылысын ата?
2. Мантияның қалыңдығы қаншаға жуық?
3. Ядро неден тұрады?
4. Жер қыртысын түзетін тау жыныстарын ата?
5. Жердің сілкіну күші немен өлшенеді?
6. Жер шарында қандай жер сілкіну белдеулері бар?

Мұғалім Табиғатта жер сілкінісіне, жанартаулардың атқылауына ешбір қолайсыз құбылыстары апаттылығымен тең келе алмайды. Олардың таралуы бірдей заңдылықтарға бағынады. Жер сілкінудің салдарынан жанартаудың қайта атқылауы немесе жаңа жанартаулардың түзілуі болады. Сол сияқты жанартаулар да жер сілкінісін тудыруы әбден мүмкін
ІІІ Жаңа сабақ: Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер.
Ой толғаныс стратегиясы.Дәптерге бүгінгі күн мен тақырыпты жазыңдар
Жанартаулардың атқылауы, құрылысы. Слайд №
Қысымның арқасында балқыған магма жер бетіне өңеш бойымен көтеріледі, ол жанартаудың көмейі деп аталады.
Көмей жоғарыдағы тостаған тәріздес ұңғы - кратер түзіледі. Осыдан жер бетіне лава төгіледі, газдар, су буы шығады, тастар мен күлдер атылады. Кратерлер бірнешеу болуы мүмкін. Оларды бүйірлі деп атайды.

Мына суретке қарап жанартаудың конусі қалай пайда болатынын түсінуге болады?
Конус біртіңдеп құрылады. Жер қыртысының жарықтар бойымен лава төгіледі. Лаваның бірінші қабаты төгіліп қатады, оның үстімен екінші қабаты төгіледі және солай әрі қарай жалғаса береді. Осылай қабатты конус пайда болады. Сұйық лава төгілгенде жайпақ беткейлер, ал тұтқыр лавадан - күмбез тәрізді беткейлер түзіледі

Жанартау әрекеттерінің үнсіз куәлары.
Жанартаудың атқылауы әрқашан күштілігімен, қаһарлықпен көзге түседі, сондай-ақ асқан әдемілік суреттерімен таң қалдырады, оны көріп табиғаттың алапат күшін түсінесің. Жанартаулық атқылаулар көптеген адамдарға қаза әкелетін апатты салдарға әкелді. Бұны айтқанда Помпей, Геркуланум және Стабия қаласын жойып жіберген Италиядағы Везувий жанартауының атқылауын еске алсақ жеткілікті.
Слайд №

(қосымша 2) Слайд № Везувий көрікті тау болған, ол Жерорта теңізі жанында аспанмен таласып айбынды орналасты. Тау беткейлерінде жүзім өсті, ал жиектерінде үш қала - Помпеи, Геркуланум и Стабия орналасты. Жан түршігерлік оқиға Помпейде б.ә. 79 жылында 24 тамызда болды. Табиғат апатының барлық сұмдығы Карл Брюлловтың «Помпейдің соңғы күні» суретінде (1828 г.) бейнеленген. Қорқыныштан, сұмдықтан есінен айырылған адамдар қашып құтылмақшы, олар шалынып құлап тура көшеде қаза тапты. Көбісі қираған үйлердің астында қазасын тапты, күлдің ауырлығынан құлаған шатырмен жаншылды. Қала 3 метр қалындыққа дейін күл қабаты астында көмілді.

Әңгімені жақсы тыңдасаңдар мына сұраққа жауап бере аласыңдар
Жанартау атқылауының қандай өнімдерін білесіз?
• Газдар.
• Су буы.
• Күкіртті сутегі (сероводород)
• Күл.
• Жанартаулық шыны, пемза, туф.
• Тау жыныстар

Жанартаудың координаталарын табу

10 о.е. - 780 б.б. Котопахи

40 с.е. - 90 ш.б. Камерун

370 с.е. - 130 ш.б. Этна

Эпицентр тобына Сіздердің алдынызда жай тау емес жанартау тұрғанын қандай белгілер арқылы ажыратар едіңіз (жанартауда қабатты конус, көмейі және кратер бар) Жанартаулар - атқылау өнімдерімен түзілген конус формалы таулар.

Ошақ тобына Жанартаудың түрлері

Сейсмограф тобына Жанартау әрекетінің маңызы

Бекіту. Ендеше мына сұрақтарды қарастырайық.
1. Жанартау қалай пайда болады?
2. Жанартаудың құрылысын сипаттап беріңдер.
3. Жанартауды не үшін зерттеу керек?
4. Жер бетін қалыптастырудағы жанартаудың ролі қандай?
5. Ыстық бұлақтар мен гейзерлер қандай жағдайда пайда болады?

Рефлексия кезеңі:

1. мені әсіресе таң қалдырған…
2. Сабақтың басталғанға дейін мен былай деп ойладым…, ал қазір …. білемін.
Үйге тапсырма беру. Кескін картаға жер сілкінудің жиі қайталап тұратын аймақтарын және жанартаулардың таралуын көрсетіңдер. Жанартау атқылауына байланысты қауіпсіздік ережесін құру

Бағалау. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал