- Учителю
- Солт. Жарты шар материктері табиғатындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар
Солт. Жарты шар материктері табиғатындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар
Сыныптар: 7 «Ә»
Күні:
.
Тақырыбы: Солт. жарты шар материктері табиғатындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар
Мақсат-міндеттер:
Білімділік мақсаты - Солтүстік жарты шар материктерінің (Еуразия мен Солтүстік Америка) қазіргі кездегі бір-бірінен қашық орналасқанына қарамастан олардың табиғат жағдайларындағы ұқсастықтарын түсіндіру. Әр материктің табиғат жағдайларындағы өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсету.
Дамытушылық мақсаты - Проблемалық жағдай туғыза отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мақсаты - Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 7 сынып Атлас, Дүниежүзінің физикалық картасы, глобус, кескін карталар
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс