7


  • Учителю
  • Конспект урока на тему Аустралияның климаты (7 класс)

Конспект урока на тему Аустралияның климаты (7 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сыныбы: 7

Пәні: География

Тақырыбы: Климаты. Өзендері мен көлдері

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Оқушыларға климат пен өзен көлдермен таныстыру, олардың ерекшеліктері мен маңызына тоқталу.

2.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, танымдық белсенділіктерін ояту, шығармашылықтармен жұмыс істеуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелік: Оқушылардың басқа елге, жерге, мемлекеттерге деген көзқарастарын біле отырып, елін, жерін, табиғатты аялайға, қорғауға, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдісі: Сұрақ-жауап, іздену

Сабақтың әдістемелік жабдықталынуы: Аустралия материгінің физикалық картасы, оқулық, қосымша материалдар, суреттер.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту

Үй тапсырмасын сұрау:

Жаңа сабақты түсіндіру:

Аустралия - Жер шарындағы ең құрғақ материк. Материктің көпшілік бөлігіне ауа температурасының жылдық және тәуліктік ауытқулары айқын байқалатын ыстық, құрғақ климат тән. Аустралияның тек солтүстік және шығыс жағалық бөлігіне ғана жылы ағыстар әсерінен біршама мол жауын-шашын түседі.

Материктің оңтүстік тропик шеңбері кесіп өтетіндіктен күн сәулесі мол түседі. Тіпті бірдей ендіктерде жатқан Оңтүстік Африкамен салыстырғанда Аустралияда жазғы ауа температурасы жоғары болады. Бұл Аустралияның батыстан шығысқа қарай енді болуына байланысты. Материкте жаз айларының орташа температурасы +24ºС, +28ºС шамасында, ал ең жоғарғы температура (+52,8ºС) Дарлинг өзенінің орта ағысында тіркелген. Қыста ауаның орташа температурасы +12ºС-тан +24ºС аралығында ауытқиды. Ал Аустралия Альпісінде ауа температурасының -20ºС-қа дейін төмендеуі байқалған. Ауа температурасының жаз бен қыстағы ауытқулары пассаттардың бағытына да әсер етеді.

Аустралия материгі солтүстіктен оңтүстігіне қарай субэкваторлық, тропиктік, субторпиктік климаттық белдеулерді алып жатыр. Тек Тасман аралының оңтүстік бөлігі ғана қоңыржай климаттық белдеуге енеді.

Өзендері мен көлдері. Климатының құрғақ болуына байланысты Аустралияда өзен торы өте сирек, көлдер аз. Материк жерінің жартысынан көп бөлігін (60%) қамтитын ішкі тұйық алапқа уақытша кеуіп қалатын өзен арналары - криктер тән болады. Криктер сирек жауатын жаңбырдан кейін аз ғана уақыт суға толады. Олардың барлығы дерлік материк орталығындағы қалдық көлдерге құяды. Ең ірісі - Эйр көліне бағытталған Куперс-Крик.

Аустралия өзендері негізінен жаңбыр және жер асты суларымен қоректенеді. Тек Аустралия Альпісінен басталатын өзендер көктемгі еріген қар сулары есебінен де толығады. Бүкіл жыл бойына суы мол болатын өзендер Аустралияның жауын-шашын мол түсетін шығысында орналасған. Тынық мұхит алабына жататын бұл өзендер қысқа болғанымен ағыны қатты, шоңғалды болып келеді.

Аустралияда көлдер өте аз. Ертеректегі су айдынының орнында сақталып қалған қалдық көлдер материктің батысы мен орталығында шоғырланған. Бұл көлдер өте таяз, суы тұзды болып келеді, жағалаулары қалың тұз қабыршақтарымен жабылған. Көлдер құрғақ кезеңде тартылып қалады. Ең ірісі - Эйр көлі.

Жаңа сабақты бекіту:

  1. Аустралия климатына қандай факторлар әсер етеді?

  2. Африканың оңтүстік бөлігінің климатын Африкамен салыстырып, қандай ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар екенін анықтаңдар.

  3. Неге Аустралия жерінде өзен торы сирек?

  4. Крик дегеніміз не, олар материктің қай бөлігінде таралған?





Қорытынды: Материкте беткі сулар тапшы болғанымен, жер асты суларының қоры мол. Аустралияда 33 артезиан алабы бар екендігі анықталған. Мұнда дүние жүзіндегі ең ірі Үлкен Артезиан алабы орналасқан. Жер асты суларының көпшілігі тұзды болып келеді. Қабат аралық жер асты сулары 2000 м-ге дейінгі тереңдікте жатқандықтан, оларды бұрғылап, жер бетіне шығару көп қиындық туғызады.

Үйге тапсырма: §54-оқуға. Кескін картаға климаты мен өзен көлдерін түсіріп келу.

Аустралия - Жер шарындағы ең қүрғақ материк. Материктің көпшілік бөлігіне ауа температурасының жылдық және тәуліктік ауытқулары айқын байқалатын ыстық, қүрғақ климат тән. Аустра- лияның тек солтүстік және шығыс жағалық бөлігіне ғана жылы ағыс- тар әсерінен біршама мол жауын-шашын түседі (53-сурет).

Материкті оңтүстік тропик шеңбері кееіп өтетіндіктен күн сәу- лесі мол түседі. Тіпті бірдей ендіктерде жатқан Оңтүстік Африка- мен салыстырғанда Аустралияда жазғы ауа температурасыжоғары болады. Бүл Аустралияның батыстан шығысқа қарай енді болуына байланысты. Материкте жаз айларының орташа температурасы +24°С, +28°С шамасында, ал ең жоғары температура (+52,8°С) Дарлинг өзенінің орта ағысында тіркелген. Қыста ауаның орташа температурасы +12°С-тан +24°С аралығында ауытқиды. Ал Аустралия

Конспект урока на тему Аустралияның климаты (7 класс)

Альпісінде ауа температурасының -20°С-қа дейін төмендеуі байқалған. Ауа температурасының жаз бен қыстағы ауытқулары пассаттардың бағытына да эсер етеді.

Жазда (желтоқсан - ақпан аралығы) қатты қызған материк үстін- де төмен қысым орнайды. Сондықтан бүл мезгілде материктің басым бөлігі оңтүстіктен соғатын қүрғақ пассаттардың ықпалында болады. Ал солтүстік-шығыс пассаттары ылғалды экваторлық ауа массаларын алып келетіндіктен, олар эсер ететін солтүстік жағалауда ыстық, ылғалды ауа райы орнайды. Үлкен Суайрық жотасының шығыс беткейлері Тынық мүхиттан келетін ылғалды ауа массаларының ық-палында болады. Соған байланысты тау беткейлерінде жазда мол жауын-шашын түседі.

Қыста (маусым - тамыз аралығы) жылу мөлшері азайып, материк біршама салқындайды. Сондықтан қүрлық үстінде ауаның жоғары қысымы орнап, материк қүрғақ тропиктік ауаның ықпалында болады. Жауын-шашын материктің тек шығысы мен қиыр оңтүстігіне ғана түседі. Материктің шығысына жауын-шашынды мүхиттан соғатын пассаттар әкелсе, оңтүстіктік өңірлерге ылғал қоңыржай белдеудің батыс тасымалымен келеді.





Конспект урока на тему Аустралияның климаты (7 класс)





Аустралия материгі солтүстіктен оңтүстігіне қарай субэкваторлыц, тропиктік, субтропиктік климаттыц белдеулерді алып жатыр. Тек Тасман аралының оңтүстік бөлігі ғана цоцыржайклиматтыц белдеуге енеді.

Эр белдеу ішіндегі климат айырмашылықтарына климаттық карталарға сүйене оты- рып, өз беттеріңше сипаттама беріңдер.

Өзендері мен көлдері. Климатының қүрғақ болуына байланысты Аустралия да өзен торы өте сирек, колдер аз. Материк жерінің жар- тысынан коп бөлігін (60%) қамтитын ішкі түйық алапқа уақытша кеуіп қалатын өзен арналары - криктер тән болады. Криктер сирек жауатын жаңбырдан кейін азғана уақыт суға толады. Олардың барлығы дерлік материк орталығындағы қалдық көлдерге қүяды. Ең ірісі - Эйр көліне бағытталған Куперс-Крик.

Аустралия өзендері негізінен жаңбыр жэне жер асты суларымен қоректенеді. Тек Аустралия Альпісінен басталатын өзендер көктемгі еріген қар сулары есебінен де толығады. Бүкіл жылбойына суы мол болатын өзендер Аустралияның жауын-шашын мол түсетін шығысында орналасқан. Тынық мүхит алабына жататын бүл өзендер қысқа болғанымен ағыны қатты, шоңғалды болып келеді.

Үнді мүхиты алабына Аустралияның ең үлкен өзен жүйесі - Муррей жатады. Муррей мен оның ірі саласы Дарлинг Үлкен Суайрық жотасынан басталып, Үнді мүхитына қүяды. Муррей өзеніжыл бойы Аустралия Альпісінен келетін сулар есебінен толығады. Қүрғақ кезеңде Муррейдің деңгейі күрт төмендейді, ал Дарлинг төменгі ағысында мүл- де тартылып қалады. Жаңбыр жауғанкезде Муррей өзені жазықпен тез жайылып аққанымен, су тасуы үзаққа созылмайды. Қазіргі кезде бүл өзендердің деңгейін реттеу мақсатында бірнеше жерден бөген- дердің салынуы кеме қатынасын жақсартты. Өзен сулары егістіктерді суландыруға кеңінен пайдаланылады. Егістіктер мен өнеркәсіп орын- дарында пайдаланылған өзен сулары улы химикаттармен шамадан тыс ластанған. Толық тазаланудан өтпеген бүл сулар мүхитқа қүйылып, маржандық жағалаулар мен аралдар табиғатына нүқсан келтіруде.

Аустралия да көлдер өте аз. Ертеректегі су айдынының орнында сақталып қалған цалдық көлдер материктің батысы мен орталығында шоғырланған. Бүл көлдер өте таяз, суы түзды болып келеді, жағалау- лары қалың түз қабыршақтарымен жабылған. Көлдер қүрғақ кезеңде тартылып қалады. Ең ірісі - Эйр көлі.

Материкте беткі сулар тапшы болғанымен, жер асты суларыныц қоры мол. Аустралияда 33 артезиан алабы бар екендігі анықталған. Мүнда дүние жүзіндегі ең ірі Үлкен Артезиан алабыорналасқан. Жер асты суларының көпшілігі түзды болып келеді. Қабат аралық жер асты сулары 2000 м-ге дейінгі тереңдікте жатқандықтан, оларды бүр- ғылап, жер бетіне шығару көп қиындық туғызады.

Сүрақтар мен тапсырмалар.

1. Аустралия климатына қандай факторлар өсер етеді?

2*. Африканың оңтүстік бөлігінің климатын Аустралиямен салыстырып, қандай үқсастыңтар мен айырмашылықтар бар екенін анықтаңдар.

3. Неге Аустралия жерінде өзен торы сирек?

4. Крик дегеніміз не, олар материктің қай бөлігінде таралған?

Кескін картаға климаттық белдеулердің шекарасын белгілеп, материктің басым бөлігіне қандай климат жағдайлары сәйкес ке- летінін анықтаңдар.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал