- Учителю
- Сабақтың тақырыбы: «Өсімдіктер қандай болады?»
Сабақтың тақырыбы: «Өсімдіктер қандай болады?»
Пәні: дүниетану | Мерзімі: | Сыныбы: 3-А | ||
Сабақтың тақырыбы: | «Өсімдіктер қандай болады?» | |||
Сабақтың реті: | 1-сабақ | |||
Жалпы сабақтың мақсаты: | 1.Оқушылар өсімдіктің тіршілік ету жағдайларына бейімделе алатынын өсімдіктер жайлы мәлімет алып түсініктерін тереңдетеді 2.Ойларын еркін жеткізе отырып тілдік қарым -қатынас жасау дағдылары дамиды. 3.Табиғатқа ұқыпты қарауға, ұжымда,шағын топта жұмыс жасауды бір-бірін тыңдауға , сыйлауға, бағалауға үйренеді.
| |||
Оқу нәтижелері:
| - Өсімдіктердің әр түрлі жағдайда өсетіндігі туралы біледі; - мәтіннің негізгі идеясын түсінеді; - тақырып бойынша төменгі дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар қоюды, оған жауап бере алады; - алдыңғы білімдерін пайдалана отырып, ойларын еркін жеткізе алады; - бірлесіп жұмыс жасай алады; - бір-біріне сыйластық көзқараспен қарайды; - бірін-бірі тыңдайды; - шығармашылық тұрғыда жұмылып жұмыс жасай алады. | |||
Сабақтың типі: | Білім және іс-әрекет тәсілдерін кешенді қолдану
| |||
Сабақты ұйымдастыру түрі: | Тренинг-әңгіме | |||
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: | Ойлан, Бірік, Бөліс, Ойлан, жауап бер, болжау, гүлдер әдісі, кластер, поэзия минуты, ыстық орындық, күту ағашы,көңілді күлегештер | |||
Жұмыс түрлері: | Ұжымдық, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс | |||
Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі яғни дереккөздер: | Интерактивті тақта, ақ парақшалар, флипчарт, маркерлер, стикерлер, таратпа қағаздар | |||
І Қызығушылығын оятукезеңі: | ||||
Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | |||
1-әрекет . Ұжымдық жұмыс: Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын құру. Оқушылар бір-біріне есімдеріне байланысты комплимент сөздер айтып күніне сәтілік тілейді. | Оқушылар бір-біріне комплимент сөздер айтып күндеріне сәтілік тілейді.
| |||
2-әрекет. Ұжымдық жұмыс:Оқушыларды топтарға бөлу. | Оқушылар үлтелдің үстінен өсімдіктердің суретін алады. Сол бойынша топқа бөлінеді | |||
3-әрекет. Ұжыммен жұмыс: Ойлан, Бірік, Бөліс әдісі бойынша топ мүшелерін сайлап алуды, топ ережесін сақтап отыруды тапсыру. | Топ мүшелерін сайлайды. Ережені сақтауға уәде береді. | |||
4-әрекет.Ұжымдық жұмыс: Үй тапсырмасы тексеру | Оқушылар өсімдіктердің алуан түрлілігі тақырыбын әңгімелеп, суреттер бойынша түсінгендін айту | |||
5-әрекет. Ұжымдық жұмыс : «Күту ағашы» әдісі арқылы оқушыларға сабақтан не күтетіндіктерін сұрау | Оқушылар сабақтан не күтеді соны стикерге жазып іледі. | |||
6-әрекет.Ұжымдық жұмыс: Ойсергек. Сергітуге билету | Интерактивті тақтадан бейнебаяндағы қимылдарға қарап қайталап, қимылдар жасайды. | |||
7-әрекет. Ұжымдық жұмыс: Мұғалім оқушыларға жұмбақ жасырады. Бұтақта ілініп тұрамын, | Оқушылар жұмбақтың шешімін табады. (Жеміс) | |||
8-әрекет. Ұжымдық, топтық жұмыс. Ойлан, жауап бер әдісі бойынша Өсімдіктер қандай жерлерде тіршілік ететінін білесіңдер ме? Топтарыңда Өсімдіктердің тіршілік ету ортасы туралы талқылауды тапсыру. | Оқушылар алдынғы білімдеріне сүйене отырып жауап береді. Топтарында отырып талқылайды. Жариялайды. | |||
9-әрекет. Ұжымдық жұмыс: Болжау әдісі бойынша күннің суықтығы өсімдіктер үшін қандай? Бүгінгі сабақта қандай тақырыппен танысамыз деп ойлайсыңдар?
| Оқушылар кейбір өсімдіктер аз ғана су мен жарықта да аяз да зиян келтіре алмайтындығын,сабақтың тақырыбы мен мақсатын айқындайды. | |||
10-әрекет.Оқушыларға тақырыпты түсіндіру мақсатында бейне жазба көрсету | Оқушылар назарын аударып бейне баяннан түсінгендерін баяндайды | |||
11-әрекет. Ұжымдық жұмыс: Бүгінгі сабақта ең белсенді оқушыға сыйлық бар екенін және ыстық орындығы деп аталатын орындыққа ең белсенді қатысушы отыратынын ескерту. | Оқушылар алдағы тапсырмаларды бар ынтасы мен қызығушылықтарымен орындайтынын айтады, ниеттерін білдіреді. | |||
12-әрекет. Ұжымдық жұмыс: «Гүлдер» әдісі арқылы оқушылардың жаңа ұғым атауларын түсіну дәрежесін анықтау.
| Егер түсінбесе «қызыл», көмек керек болса «сары», барлығын түсінсе «көк» түс көтереді. | |||
ІІ Мағынаны ажырату кезеңі: | ||||
13-әрекет. Топтық жұмыс: Кластер әдісі бойынша Өсімдіктер қандай болады? Мәтінінің мазмұнымен танысуды және топта талқылап негізгі идеясын табуды тапсыру. | Мәтіннің мазмұнымен танысады, топта талқылап негізгі идеясын табады. Жариялайды. | |||
14-әрекет. Топтық жұмыс: Маған көрсет әдісі бойынша өсімдіктердің өсіп -өнуі үшін не қажет ?деп ойлайсыңдар постер дайындауды тапсыру. | Топтың бірлескен күшімен постер дайындайды. Жариялайды. | |||
15-әрекет.Қызықты мәләмет жариялау. Бейнебаян арқылы | Оқушыларды қызықты тұсын жариялайды | |||
ІІІ Ой толғаныс кезеңі: | ||||
17-әрекет. Жеке жұмыс: «Оқушы өздерінің өсімдік туралы өлеңдерін оқу» шағын поэзия минуты | Оқушылар естеріне түскен өлеңдерін оқиды.5-6 оқушы жариялады. | |||
18-әрекет. Ұжымдық жұмыс: Ең белсенді оқушыны сынып болып анықтауды тапсыру. | Оқушылар ең белсенді болған оқушыны ортаға шығарып ыстық орындығына отырғызады. | |||
19-әрекет. Ыстық орындыққа отырған оқушыға сыйлық тапсыру және бүгінгі сабақтан не үйренгенін, не ұнағанын, не үшін белсенді болғанын білу үшін кері байланыс жасау. | Ал қалған оқушылар ең белсенді сабаққа қатысушыға өз сауалдарын қояды. | |||
20-әрекет.Семантикалық карта арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау | Оқушылар алған білімдерін семантикалық картаға түсіреді. | |||
21-әрекет.Ұжыммен жұмыс: Топ басшысы баға қояды. | Топ жұмысын бағалау парағы бойынша топ басшылар топ мүшелерін бағалайды. | |||
22-әрекет. Жеке жұмыс: Кері байланыс: «Көңілді күлегештер» әдісі бойынша | Тақырыпты жақсы меңгердім деген оқушылар кемелерін теңізге орналастырады,өзіне сенімсіздер жағаның шетінде қалады | |||
Мұғалім | Абдрахманова Гульбакыт Уахитовна |
Алматы қаласы
Алмалы ауданы
№96 мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі
Абдрахманова Гульбакыт Уахитқызы