7


  • Учителю
  • Урок на тему 'География 6 класс'

Урок на тему 'География 6 класс'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

КҮНІ:

Сынып: 6

Тақырыбы: Кіріспе. Физикалық география - Жер табиғаты жайындағы ғылым. Жер туралы мәліметтер қалай жинақталды?
Мақсаты:
Білімділік: «География» терминін енгізу. География пәнінің мақсатын түсіндіру. Жердің зерттелуі, жалпы географиялық мәліметтердің жинақталу тарихын меңгерту. Күн жүйесіндегі Жердің орны, пішіні мен өлшемдерін түсіндіру.
Дамытушылық: оқушылардың өткен тәжірибелерінде ұйренген икемділіктері мен дағдыларын қолдана отырып, интерактивті тақтаны пайдалана отырып білімдері мен көзқарастарын кеңейту.
Тәрбиелік: география ғылымының зерттелуін, зерттеушілердің, ғалымдардың еңбектерін оқып, пәнге деген сүйіспеншіліктерін тудыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақтың түрі: жаңа тақырып
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап
Көрнекіліктері: дүние жүзінің физикалық картасы
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Білім мен іскерліктерін жан-жақты тексеру кезеңі
3. Жаңа материалға көшуге дайындық кезеңі
4. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі
5. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
6. Сабақты қорытындылау кезеңі
7. Бағалау кезеңі
8. Үйге тапсырма беру кезеңі
Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин) Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2. Білім мен іс-керліктерін жан-жақты тексеру кезеңі.(10 мин)

1. Өткен жаратылыстану курсын қалай меігергендігін тексеру үшін сол курс бойынша сұрақтар қояды:
1) Жер туралы не білесіңдер?
2) Жерді зерттеген қандай ғалымдарды білесіңдер? Олардың қандай еңбектері бар?
3) Жұлдыз дегеніміз не? Басқа да аспан денелерін атаңдар.
4) Галактика дегеніміз не? Біздің галактикамызды атаңдар.
5) Күн жүйесі дегеніміз не? Онда қанша планета бар?

2. Іскерліктері мен дағдыларын тексеру сұрақтары:
1) Жер жүзінде қанша материк бар? Оларды ата. Картадан көрсет.
2) Қанша мұхит бар? Оларды ата және картадан көрсет. 1. Оқушылар өткен курсты естеріне түсіріп, сұрақтарға жауап береді:
1) Жер - күн жүйесіндегі планета. Оның пішіні шар тәрізді. Ол Күнді айнала және өз білігі арқылы қозғалады.
2) әл-Фараби, Әбу-Райхан-әл-Бируни, Николай Коперник…
3) Жұлдыз дегеніміз - бірнеше мың градус температураға дейін қызып тұрған аспанның жарық денесі. Кометалар.
4) жеке жұлдыздардың тобын Галактика деп атайды. Құс жолы.
5) Күн және оның айналасындағы орбиталар бойымен айнала қозғалып жүретін планеталарды бірігіп күн жүйесі деп атайды. 9 планета бар.
2. 1) 6 материк - Еуразия, Оңт. және Солт. Америка, Африка, Аустралия, Антарктида.
2) 4 - Тынық, Атлант, Үнді, СММ
Аталған атауларды картадан көрсетеді.

3. Жаңа материалға көшу кезеңі
(2 мин) География түсінігін енгізеді: 6-сыныпта жаратылыстану пәнінен география пәні бөлініп шығады. Ол өз ішінде екі салаға бөлінеді - физикалық және экономикалық және әлеуметтік география. 6-сыныпта физикалық географияның бастапқы курсы өтіледі. Оның мақсаттары мен міндеттері айтылады.
География

ФГ ЭӘГ
Оқушылар мұғалімді тыңдап, сұрақтарын қояды.
4. Жаңа материалды меңгерту кезеңі. (15 мин)

1. Физикалық география - Жер табиғаты жайындағы ғылым.
География ғылымы және оның салалары. Физикалық география. Г сөзіне анықтама беру. Географияның қалыптасу тарихынан. Оның салаларға бөлінуі туралы.
Г-ның алдына қойған ғылыми мақсаттарының тарихи кезеңдерде өзгеруі. Ежелгі кезеңнен бері географиялық ғылыми көзқарастардың, теориялардың өзгеруі салдарынан география өз мәнінің өзгеруі туралы.

2. Жер туралы мәліметтер қалай жинақталды?
Ежелгі дүние халықтары Жер туралы не білген? Географиялық мәліметтердің жинақталуы 5 кезеңнен өткен.
Ежелгі дәуірлерде өркениеті орталықтары - Қытай, Үнді, Персия, Мысыр мемлекеттері өкілдерінің еңбектері. Алғашқы карталар. Ежелгі заман саяхатшылары.
Орта ғасырлардағы географиялық түсініктер. Ұлы географиялық ашулардың басталуы. XVғ. соңы мен XVII ғ. ортасының аралығындағы болған жаңалықтар. Христофор Колумбтың саяхаты туралы әңгімелеу, сұрау. Ортағасырлардағы саяхатшылар мен олардың маршруттары.
Ф. Магелланның дүние жүзін айналу саяхаты. 1519-1522 жж. Испаниядан шыққан ФМ-ның түңғыш рет дж-ін айнала жүзуі туралы мәлімет беру
Материктердің ішкі бөліктерін зерттеу. Ш. Уалиханов. XIX ғ. бас кезінде Жер шарындағы материктердің ашылып, оның ішкі бөліктерінің зерттеле басталуы және Ш. Уалихановтың қосқан үлесі туралы әңгімелеу, оқушылардан білгендерін сұрау.
Жаңа замандағы географиялық зерттеулер. Ғарышты игерудің басталуы. XX ғ. 2-жартысында Антарктиданың ашылуы, мұхиттар мен атмосфераның зерттелуі басталды. Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтада көрсетілген картадан саяхатшылардың жасаған саяхаттары мен маршруттарын қарап, анализ жасайды. Қолдарындағы атластарынан қарап, салыстырып, сәйкестендіреді. Мұғалімнің көмегімен палнеталарды сипаттайды, оларды салыстыру, айырмашылықтарын табады. Жер пішіні жөнінде ой толғап, оның өлшемдеріне назар аударады. Радиустарының айырмашылықтарын анықтайды, орташа радиусын табады.
5. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі (9 мин) Суретке қарап, картадан саяхатшылардың жүрген жолдарын көрсету, Күн жүйесінің суретін салдырып, ондағы Жердің орнын анықтау тапсырмасын беру. Оқушылар өз немесе мұғалімнің қалауынша тақтаға шығып, тапсырманы орындайды.
6. Сабақты қорытындылау кезеңі (5 мин) Сабақты бүгінгі тақырыптар бойынша фронтальді немесе жеке сұрақтар қою арқылы қорытындылау:
1. География ғылымы нені зерттейді?
2. Физикалық география немен шұғылданады?
3. Жер туралы мәліметтердің жинақталу кезеңдерін ата, ежелгі кезеңде қандай зерттеушілердің географиялық құралдары болған?
4. Ең алғаш жер шарын айнала жүзген саяхатшы, оның саяхат жылдары?
5. Планеталар не себепті Күн төңірегінде тұйық сызық жасап айналатынын түсіндіру.
6. Жер шарының ауданы, радиусы, экватор ұзындығы? Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.
7. Бағалау кезеңі (1 мин) Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды. Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
8. Үйге тапсырма беру кезеңі (1 мин) 1-2 параграфтарды оқу, кескін картаға саяхатшылардың маршруттарын салу және олар туралы баяндама жазу. Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.


КҮНІ:

Сынып: 6

Тақырыбы: ЖЕРДІҢ КҮН ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ. ЖЕРДІҢ ПІШІНІ МЕН МӨЛШЕРІ

Мақсаты:
Білімділік: Жердің Күн жүйесіндегі орнының, пішіні мен мөлшерінің, қозғалыстарының тіршілік үшін маңыздылығын көрсету. Жердің шар тәріздес екендігі жөніндегі ертедегі және қазіргі заманғы дәлелдеулерді негізге ала отырып, географиялық заңдылықтарды ашу. Жердің тартылыс күші туралы ұғым қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың өткен тәжірибелерінде үйренген икемділіктері мен дағдыларын, интерактивті тақтаны пайдалана отырып білімдері мен географиялық көзқарастарын кеңейту.
Тәрбиелік: География ғылымының зерттелуін, зерттеушілердің, ғалымдардың еңбектерін оқып, пәнге деген сүйіспеншіліктерін тудыру, географиялық мәдениетке тарту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап
Көрнекіліктері: дүние жүзінің физикалық картасы, глобус
Сабақтың кезеңдері:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі
4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
5. Сабақты қорытындылау кезеңі
6. Бағалау кезеңі
7. Үйге тапсырма беру кезеңі

Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
Өткен тақырып бойынша фронтальді сұрақтар қою арқылы және рефераттарын қабылдау арқылы үй тапсырмасын тексереді. Кескін карталарды тексере отырып, тақтаға шығарып оқушылардан саяхатшылардың жүзген, жүрген жолдары туралы сұрақтар қою. Мұғалімнің үйге берілген тапсырмаларына дайындалып, сұрақтарды мұқият тыңдап, жауап беру. Картадан саяхатшылардың жолдарын көрсету, түсіндіру.
3. Жаңа материалды меңгерту кезеңі.
Жердің Күн жүйесіндегі орны.
1. Жер - Күн жүйесінің планетасы. Жердің орбита бойымен қозғалысы. Бұрынғы білімдерін толықтыру. Күнді айнала қозғалысы және оның себебі, салдары туралы түсінік беріп, бірге талқылау. Интерактивті тақта арқылы суреттерді көрсету, оларды талдау.
2. Жердің Күн жүйесіндегі орны және оның мәні. Жердің күн жүйесіндегі орнының тіршілік үшін маңыздылығы және оның себептерін түсіндіру. Басқа планеталармен салыстыру, оның айрмашылықтары мен ұқсастықтарын табуға талпындыру.
3. Жердің пішіні мен мөлшері Оқушыларды Жер - шар тәріздес дене екенін дәлелдеуге сұрақтар қою арқылы талпындыру. Оның радиустарының өлшемдерін салыстырып, қорытындылату. Жер пішінінің маңызын сұрау, олардың жауабын салыстырып, толықтыру. «Геоид» ғылыми түсінігін енгізу.
4. Аристотель, Эратосфеннің меридиан ұзыныдығы қалай анықтағанын, Х.Колумбтың Америкаға саяхаты, Ф.Магелланның Жерді айналып шығу саяхаттары туралы слайд көрсетіп, жүрген жолдарын көрсету. Оқушылар дәптерлеріне мұғалімнің белгілегендерін жазып, өз ойларын ортаға салып, сұрақтарын қояды. Өзара және мұғаліммен пікір алмасады. Интерактивті тақтадағы суреттерді бірге талқылап, оларды түсіндіреді. Керек жерлерін жазып, сызып алады.
4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі. Тақтада берілген суреттерді талқылап, бүгінгі өткен жердің пішіні мен құрылысын еске түсіріп, оны бекіту. Бүгінгі өткен тақырыпты бекіту, суреттерді талқылау, ортаға салу, түсіндіру.
5. Сабақты қорытындылау кезеңіСабақты бүгінгі тақырыптар бойынша фронтальді немесе жеке сұрақтар қою арқылы қорытындылау:
1. Жер нешінші планета?
2. Жердің Күн жүйесіндегі орнын анықта.
3. Жер қандай дене?
4. Жердің қандай өлшемдерін білесіңдер? Мұғалімнің сұрақтарына өз немесе мұғалімнің қалауымен жауап береді.
6. Бағалау кезеңі
Оқушыларды сабаққа қатысуларына, тапсырмаларды орындауларына қарай, жауаптарының дұрыстығына қарай 5 баллдық шкаламен бағалайды. Өздеріне лайықты бағаларын алады. Ескертулері болса мұғалімге айтады.
7. Үйге тапсырма беру кезеңі
§ 3-4 оқу, 6 суретті салып келу. Мұғалімнің тапсырмасын күнделіктеріне жазып, түсінбегендерін сұрайды.


КҮНІ:

Сынып: 6

Тақырыбы: Жер беті бейнесінің түрлері.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға жергілікті жерді бағдарлауды түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес
Сабақтың әдісі: Сын тұрғысынан ойлау
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
Қызығушылықты ояту кезеңі:
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аудартып карточка арқылы 3 топқа бөлу. Әр топ өздеріне географияға қатысты топтың атын қояды және не себепті солай атағанын түсіндіріп, дәлелдейді.
«Сандар сөйлейді»
Төменде берілген сандардың қандай мағына беретінін түсіндіру. ХV-ХVIIғ......;40000км.......;510млн км2.......;6371км............;365-6-6.......;361млн км2..........;6378км...;1492ж......;1519-1522ж.........;71% ......;3,5-5млрд.......;150млн км.....; 149млн км2..........;
Миға шабуыл «иә немесе жоқ»
1-топқа:
География ғылымы ежелгі Грекияда пайда болды (иә)
Марс Жер тобындағы ғаламшар (Иә)
Ең алғаш дүние бөліктері Еуропа мен Азияны ажыратқан Француздар (жоқ)
Құрлықтың алып жатқан ауданы 361 млн км2 (жоқ)
Кібісе жыл 3жыл сайын қайталанады (жоқ)
2-топқа:
География Орыс тілінде «гео»-жер, «графо»-жазамын(жоқ)
Юпитер алып ғаламшар (иә)
М.Бехайм география ғылымының «атасы» (жоқ)
Жер бетінің жалпы ауданы 361млн км2 (жоқ)
Жер - Күн жүйесіндегі үшінші ғаламшар (иә)
3-топқа:
География ғылымы негізгі төрт топқа бөлінеді (жоқ)
Сатурн мен Уран алып ғаламшарлар (иә)
Экватордың ұзындығы 40000мың км (иә)
Ең алғаш географиялық картаны ойлап тапқан Эротосфен (иә)
Жердің шар тәріздес екендігі Х.Колубтың саяхаты нәтижесінде анықталды(жоқ)
II.Мағынаны ажырату кезеңі
Бұл кезеңде әр топ компаспен жұмыс жасауды,азимут бойынша жол тауып жүруды үйренеді.Берілген мәліметтер бойынша дәптерге жүрген жолды түсіру.
1-топқа:
Оқушылар 1-нүктеден 450азимут бойынша көпірге дейін 150 м жүрді. Өзенде түрлі бақылаулар атқарғаннан кейін 1100 азимут бойынша 200м қашықтықта бір топ бұтаға жетті,онан әрі 1800азимут бойынша 200м жүріп бұлақ басына жетті. Ең соңында 900 азимут бойынша 100м жердегі тоғайға барып топсеруенді аяқтады.
2-топқа:
Оқушылар 1-нүктеден 900азимут бойынша көпірге дейін 150 м жүрді. Өзенде түрлі бақылаулар атқарғаннан кейін 50 азимут бойынша 200м қашықтықта бір топ бұтаға жетті,онан әрі 450азимут бойынша 200м жүріп бұлақ басына жетті. Ең соңында 3400 азимут бойынша 100м жердегі тоғайға барып топсеруенді аяқтады.
3-топқа:
Оқушылар 1-нүктеден 1800азимут бойынша көпірге дейін 150 м жүрді. Өзенде түрлі бақылаулар атқарғаннан кейін 2500 азимут бойынша 200м қашықтықта бір топ бұтаға жетті,онан әрі 1800азимут бойынша 200м жүріп бұлақ басына жетті. Ең соңында 900 азимут бойынша 100м жердегі тоғайға барып топсеруенді аяқтады.


Жаңа сөздер: Компас, азимут;
Әр топтың берген жауаптарына байланысты қай топ белсенді қатысқанын бағалау,жеке оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма беру.
Үйге: Жер беті бейнесінің түрлері. Азимут.

КҮНІ:

Сынып: 6

Сабақтың тақырыбы: Жер бетінде қашықтықты өлшеу. Қашықтықты қағаз бетіне белгілеу. Масштаб
Сабақтың оқыту мақсаты: масштаб, оның түрлерін білу.
Сабақтың дамыту мақсаты: қашықтықты өлшеуде картадан масштабты пайдалана білу.
Сабақтың оқу жабдығы: оқулық, топогр. Картада, атлас
Сабақтың барысы:
1. Амандасу, түгендеу
2. Оқулық, атлас, дәптер, күнделік, бояу карандаштарын түгендеу.
3. Кезекшіге бүгінгі күнді жазғызу.
4. сабақ барысы:

Өткенді қайталау:
1. Бағдарлау
2. Азимут
3. Азимутталды немесе полярлы съемка /бір нүктеден/
4. Азимут бойынша жүріп отырып бағдарлау
5. 3, 4, 5 тапсырмаларды орындау
Жаңа сабақ:
Жер бетінде қашықтықты таспамен, өлшеуіш ашамен өлшенеді. Қадаммен өлшегенде әр адам өз қадамының орташа ұзындығын анықтаған жөн. Оқулықта көз мөлшермен анықтау кестесі көрсетілген.
Масштаб - жер бетінде өлшенген қашықтықты қағаз бетіне түсіру үшін кішірейтілген дәрежесі. Қанша рет кішірейтілгендігін көрсететін бөлшек сан масштаб д. а. алымы әрқашан 1 см - ге тең, бөлімі кішірейту мөлшеріне сәйкес келеді. Неғұрлым бөлшектің бөліміндегі сан көбейген сайын, соғұрлым масштаб ұсақ деп есептеледі. Керісінше бөліміндегі санның мөлшері аз болған сайын, масштаб ірілене түседі. Мәселен, 1: 10 000 масштабы 1: 50 000 масштабқа қарағанда ірі.
Картаның масштабы сөзбен де жазылады 1: 10 000 масштабты сөзбенен 1 см - де 100м. Мұны атаулы масштаб дейді. Мысалды оқыту.
Өзендердің ұзындығын циркуль арқылы өлшейді. Арасын 5мм етіп өлшеп, оның санын 5мм - ге көбейтіп, содан кейін масштабқа көбейтеді.
План - 2 000дейін және одан ірі, топограф. Картада - 1: 10 000 нан 1: 100 000 - ға дейін болады.

Бекіту: 5 тапсырманы орындау
7 тапс. Орындау

Үйге тапсырма 6 тапс. орындау, анықт. мазмұндау
Тапсырмалар
1. Егер 1км - ді адам 15минутте жүрсе, онда ол 1сағатта неше км жүреді?
2) 1см - 1км атаулық масштабты сандық масштабқа айналдыр
(1км - 1000м - 100 000см мыс: 1м - 100см, 10м - 1000см, 100 - 10 000см, 1000м - 100 000см) немесе 1000м *100см =100 000см
3) 1: 80 000 000 сандық масштабты атаулығы айналдыр (1км - 1000м - 100 000см, 80км - 80 000м - 8 000 000, 800км - 800 000м - 80 000 000см)
4). 1см - 1км сызықтық масштабты жаса (23бет)
5). Астана - Қарағанды ара қашықтығын есептеу
6) Масшабты пайдаланып 50метр қашықтықты сыз: М: 1см - 10м
7) Оқушы 500метр қашықтықты ұзындығы 5см кесінді етіп сызды. Бұл тапсырманы орындау үшін ол қандай сандық масштабты қолданды? (50 000см)
Шартты белгілер бойынша тапсырмалар
1. Топографиялық диктант: туристер кесілген орманнан шығып, оңтүстік шығыстағы тас жолмен 300м жүріп, солтүстік - шығыстан оңтүстік - батысқа қарай ағып жатқан, ені 5м өзеннен ағаш көпір арқылы өтіп, өзеннің сол жағындағы шалғындықтың арасындағы жалғыз аяқ жолмен солтүстікке қарай 2км жүріп, орманшының үйінен өтіп, 1км шығысқа жүріп, бұлаққа тоқтайды.
Масштаб: 1см - 500м бойынша туристердің жүрген жолының планың түсір.
2. Туристтер А нүктесінен лагерьге дейін 180гр. азимут бойынша 5 км жүріп, 45гр. азимут бойынша 1, 5 км және 90гр. азимут бойынша 3км жүріп өту керек. Олардың жүрген жолын сызба түрінде сал. М: 1см - 1000м
Профиль - кесінді жасауды үйрену



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал