7


  • Учителю
  • Жаратылыстану 'Жердің глобуста және карталарда бейнеленуі' (5- сынып)

Жаратылыстану 'Жердің глобуста және карталарда бейнеленуі' (5- сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

5- сынып

Жаратылыстану

Сабақтың тақырыбы

Жердің глобуста және карталарда бейнеленуі.

Негізгі ресурстар

*МАН, «Сұрақ қою» Мерсер,1995ж.,

*«Интерактивті оқыту әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару», А.Ш. Орақова, Ж.А.Жартынова, 2014ж.

*«Жаратылыстану»

5-сынып оқулығы, Б.Ш.Әбдіманапов, ...

«Атамұра» 2015 ж.

Негізгі сабақ мақсаттары

Глобус және географиялық карта деген түсініктерін дамыту, глобуспен және географиялық картамен жұмыс жасауға үйрету, өз ойын жеткізе білу қабілетін дамыту.

Тапсырмалар

1.«Миға шабуыл» стратегиясы.

2.«Ойлан тап» (тест жұмысы)

3.«Қатені тап» әдісі.

4. Номенклатура оқу (картамен жұмыс).

Оқыту нәтижелері

.Глобус пен географиялық карта туралы түсініктері қалыптасады.

. Өз ойын еркін жеткізе білу қабілеті дамиды.

Сабақтың әдіс-тәсілі

ООЖТ, СТО; Диалогтік әдіс; Топтық жұмыс,

«Миға шабуыл»; «Ойлан тап»; «Қатені тап»; Номенклатура.

Блум таксономиясы

Білу,тану

  • Ынтымақтастық атмосферасын құру. Достық шеңбері. Топқа бөлу.

І топ. Сызықтық масштаб

ІІ топ. Атаулық масштаб

ІІІ топ. Сандық масштаб.

Өткен тапсырманы (§8. 32-34 беттер.) Оқушылар бір-біріне сұрақ қояды.

Түсіну

«Миға шабуыл» стратегиясы.

  1. Карта дегеніміз не?

  2. Картада өзен, теңіз, мұхит қандай түспен белгіленеді?

  3. Картада қоңыр түспен нені бейнелейді?

  4. Жоғарғы жағы картаның қандай бағытты білдіреді?

  5. Төменгі жағы картаның қандай бағытын көрсетеді?

  6. Сол жағы картаның қандай бағытын көрсетеді?

  7. Оң жағы картаның қандай бағытын көрсетеді?

  8. Ал не себепті мен сендерді, балалар, «сызықтық», «сандық», «атаулық» топқа деп бөлдім?

Қолдану

«Ойлан тап» (тест жұмысы)

  1. Жер қанша жыл бұрын пайда болды?

А) 4,5-4,6 млрд. В) 3,5-3,6 млрд. С) 4,5-4,6 млн.

2. Жер бетінің жалпы ауданы қанша?

А) 149 млн км2 В) 510 млн км2 С)361 млн км2

3. Жер шарының кішірейтілген моделі қалай аталады?

А) карта В) глобус С) план

4. Экватордың ұзындығы қанша?

А) 40000 км В)35000 км С) 37870 км

5. Жердің серігі ?

А) Күн В) Жұлдыз С) Ай

6.Айдың диаметрі Жердің диаметрінен қанша есе аз?

А) 4 есе В)2 есе С) 7 есе

7. Ай Жерді қанша тәулікте айналады?

А) 27 В)28 С)29

8. Белгілі бір аумақты картаға түсірген кезде алымы бірліктен, ал бөлімі неше есе кішірейткендігін көрсететін сандық бөлшек... деп аталады.

А) солтүстік В) масштаб С) оңтүстік

Сергіту

От шашу

Талдау

«Қатені тап» әдісі бойынша оқушылар тест жауаптарын талдайды.

Жинақтау

Номенклатура (картамен жұмыс)

  1. Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Аустралия, Еуразия, Африка, Антарктида.

  2. Тынық мұхиты, Атлант мұхиты, Үнді мұхиты, Солтүстік Мұзды мұхиты.

  3. Қазақстан Республикасы.

Бағалау

Сонымен, карта дегеніміз не?

Рефлексия

Екі жұлдыз , бір тілек.

Келесі тапсырма

§9, 35-37 беттер оқу.






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал