- Учителю
- Халықтың жастық және жыныстық құрамы
Халықтың жастық және жыныстық құрамы
География 9 - сынып
Пәні: география
Сыныбы: 9
Сабақ саны: 9
Күні: 29.09.2015ж.
Сабақтың тақырыбы:
Халық саны. Табиғи өсімі және ұдайы өсуі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға халық саны мен табиғи өсімі және ұдайы өсуі туралы білім беру.
Дамытушылық: Оқушылар өз бетінше ізденіспен жұмыс істеуге дағдыланады. Өз ойларын еркін жеткізу арқылы танымдық қабілеттері артады және сыни тұрғыдан ойлауы қалыптасады.
Тәрбиелік: Оқушыларды жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулиды және экологиялық тәрбие беріледі.
Сабақтың типі:
Сабақтың түрі:
Жаңа білім беру сабағы
Ашық сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс:
Топтық жұмыс, диалог, сұрақ-жауап, СТО стратегиясы
Топтық жұмыс: оқушылар бірлесіп жұмыс істеу нәтижесінде шағын топтағы жұмыс өнімін көрсете алады;
Олар ортақ пікірлерін ортаға салып,түйін жасайды және қорытынды шығарады.
Сабақтың көрнекілігі:
Оқулық, қима қағаз, ресурстар, карта, постер, ноутбук.
Сабақта қолданылатын модуль:
Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер. Сыни тұрғыдан ойлау.
Сабақты бағалау:
Бағалау парағы таратылады.Оқушылар бірін-бірі бағалайды және мұғалімнің бағалауы.
Сабақта күтілетін нәтиже:
Оқушылардың сабақта бірлесіп жұмыс істеу әрекеттері қалыптасады. Халық санының табиғи өсімі мен ұдайы өсуіне шолу жасайды. Берілген тақырыпты өзара талдауға дағдыланады.
Сабақтың құрылымы:
1.Ұйымдастыру кезеңі (2мин);
2.Жаңа сабақ (үй тапсырмасы 37мин);
3.Сабақты бекіту (3мин);
4.Бағалау (2мин);
5.Үйге тапсырма (1мин)
Сабақтың барысы:
Оқушылармен сәлемдесу,түгелдеу, топқа бөлу.
Мұғалімнің іс-әрекеті:
Оқушылардың іс-әрекеті:
Бағалау парағын таратады.
Әр топ жетекшісі өз тобындағы оқушылардың атын жазып толтырады.
Қызығушылықты ояту.
Үй тапсырмасын сұрау үшін «Сұрақ- бізден,жауап- сізден» және «Мені түсін » стратегияларын пайдаланады.
Қорытынды сұрақтары:
1.Табиғат ресурстарының түрлері.
2.Табиғи классификациясының негізгі белгісі.
3. Ресурстық базалар.
4.» Қазақстан - 2050» Стратегиясы.
5. Халыққа табиғат жағдайдың қолайлылығы.
«Мені түсін» кестені толтыру:
Мағынаны ажырату.
Халық саны мен өсуі, «Ой қозғау» стратегиясын пайдаланады. Ресурстар таратылады, жұмыс істеуге бағыт беріледі.
Оқушылар халықтың саны мен өсуі туралы не білетіндерін айтып шығады.
Постер дайындайды.
І-топ:
Қазақстанның халқы
ІІ-топ:
Халықтың табиғи қозғалысы
ІІІ-топ:
Демографиялық революция
IV- топ:
Демографиялық саясат
Дәптермен жұмыс: 31 - сурет, кесте (табиғи өсім), кескін картамен жұмыс жасайды.
Ой толғаныс.
Ой алмасу, жинаған ақпараттарды қабылдау,
«Сандар сөйлейді» әдісі.
Ой толғаныс: Сұрақтарға жауап береді.
1.Халық санының жүргізілуі.
2.Демография қандай ғылым?
3.Табиғи өсім нені құрайды?
4.Демографиялық толқындар немен байланысты?
5.Демографиялық саясат неге жүргізілді?
Ой түйін: «Сандар сөйлейді» әдісі.
Мұғалімнің топтарды бағалауы. «Менің көңіл күйім»
Топ жетекшісі бағалау парағын толтырады.
Ишара арқылы өздерінің көңіл күйін көрсетеді.
Үйге тапсырма:
§ 7. 68 бет. Халық саны мен табиғи өсімі «Әлемнің халық саны» жаңа мәліметтерді анықтау.
Кері байланыс:
Оқушылар сабақтан алған әсері мен үйренгенін жазады.