- Учителю
- ГФР шаруашылығы.
ГФР шаруашылығы.
Сабақ № 21
Күні: 21.11.14
Сынып: 11 А
Сабақтың тақырыбы: ГФР шаруашылығы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Германияның шаруашылығы, сыртқы экономикалық байланыстары туралы білім беру. Германия шаруашылығының басты бағыттары және өнеркәсібінің, ауыл шаруашылығының басты ерекшеліктерімен, көлік түрлері жүйесі мен туризмнің даму деңгейі, оның дамыған аудандары туралы білік-дағдыны қалыртастыру. Германияның туристік объектілерімен, Қазақстанмен өзара қарым-қатынасымен, оны дамытудың басты бағытымен, корпорациялары мен фирмаларының жұмыс түрлерімен танысу.
Дамытушылық: оқулық мәтініндегі карталар, анықтамалық кестелерді пайдалана отырып, Германияның шаруашылық құрылымына салыстырмалы сипаттама, елдің дүниежүзілік шаруашылықтағы орнына баға беру, елдің ауыл шаруашылықтарын анықтау, ең дамыған көлік түрлерін сипаттап, бағытына баға беру.
Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың әдісі: Аралас сабақ
Оқыту құралдары: Карта, атлас, оқулық.
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру
II Үй жұмысын тексеру
III Жаңа тақырыпты меңгерту
Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.
Ең алдымен мұғалім оқушылардың дәптерлерін тексереді, сосын кескін карталарын тексеріп, ЕО-қа кіретін елдер саны мен тізімін сұрайды. Сосын балалардың хабарламаларын тыңдайды. Сосын келесі сұрақтарды қояды:
1. Өнекәсіптің ірі орталықтары қай бөлікте шоғырланған?
2. Еуропа елдері мен Қазақстан арасындағы байланыстарға мысал келтіріңдер.
3. Еуропадағы ерекше қарқынмен дамыған өнеркәсіптің қандай салаларын білесіңдер?
4. Еуропа елдерінің қандай туристік орталықтарын білесіңдер?
5. Германияның ЭГЖ-ң басты ерекшелігі қандай?
6. Жерінің аумағы жөнінен Еуропада нешінші орын алады?
7. Германия қандай табиғат ресурстарына бай?
8. Халықтың ұлттық құрамы қандай?
Тақырыпты түсіндіруді белгілі бір жоспарға сүйенеді. Ең алдымен, шаруашылықтың дамыу алғышарттары жергілікті шикізат негізінде қалыртасқан дәстүрлі маманданған салаларына құрылымдық өзгерістер мен жаңа технологиялыққ жетістіктер енгізу нәтижесінде күшті дамуы және ғылымды көп қажет ететін, экпортқа бағытталған жаңа салалардың пайда болуы және өнеркәсіп өндірісінде ірі монополияның үстем болуы болды.
Бұдан соң елдегі аса маңызды өнеркәсіп орталықтары туралы айтады. Халықаралық географиялық еңбек бөлінісінде машина жасау өнерекәсібімен көзге түсетінін айтады. Мысалы, «Даймлер-Крайслер» («Мерседес» автомобильдері мен аэроғарыштық техника өндірісі), «Фольксваген», «БМВ» (автомобиль жасау), «Сименс» (электроника, электр техника), «Дойче телеком» (ақпарат тарату техникасы), «Бош» (электр техникасын жасау), жеңіл автомобиль жасау зауыттары туралы айтады. Одан кейін ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жобалау жұмыстары, ақпараттық технологиялар, аудио, видео, компьютерлік сақтау құралдары «Эмтек» маркасымен шығарылатыны туралы айтады. Германияның «химиялық держава» деп аталуына назар аудартады.
Ауыл шаруашылығы құрылымында мал шаруашылығына тоқталып, сосын өсімдік шаруашылығының орталықтарына сипаттама береді.
Осыдан кейін көлік жүйесіне тоқталады. Басты көлік құралы - автомобиль. Көлік көлігі ішінде су көлігі - өзен мен теңіз көлігіне басты назар аудартады. Ірі порттарын атап, әуә көлігінің халықаралық маңызы бар негізгі авиакомпания - «Люфтганзе» т.б. мысал келтіреді.
Содан кейін СЭБ туралы айтады, басты назар ЕО-ң құрамына енуі, сыртқы саудаға айрықша мән беруі, Германияның басты сауда серіктестіктері - д.ж.-де жетеші елдердің болуы (Франция, Жапония, АҚШ, Италия, Ұлыбритания т.б.).
Қазақстан мен Германия арасындағы қарым-қатынас 1992ж бері дамып келе жатқандығын айтады. Германия инвесторлары көбінесе, Қарағанды, ШҚ, Павлодар және Қостанай облыс кәсіпорындарын дамытуға салады.
Туризм туралы айтқанда, табиғи ландшафтылар: солтүстік жағалау, аралдар, оңтүстіктегі таулы аудандар, Боден көлі, Бавариядағы шағын көлдер, өзен аңғарлары, тарихи-мәдени ескерткіштер. Ресми түрде елде 80-нен астам туристік маршрут бар.
Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға параграфты оқып шығыңдар дегеннен кейін оқушылар бір-біріне сұрақтарды қояды. Сосын мұғалім оларға келесі сұрақтарды қояды:
1. Германияның д.ж.шаруашылықтағы орны қандай?
2. Өнеркәсібінің негізгі салалары қандай?
3. Елдің ауыл шаруашылығы құрылымындағы аумақтың айырмашылықтары немен түсіндіріледі?
4. Германияда ең дамыған көлік түрі қайсы?
5. Сыртқы сауда серіктестіктеріне қай елдер жатады?
Үй тапсырмасы: & оқып келу