- Учителю
- Астана – Қазақстан Республикасының астанасы тақырыбындағы ашық сабақтың жоспары
Астана – Қазақстан Республикасының астанасы тақырыбындағы ашық сабақтың жоспары
География, 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Астана - Қазақстан Республикасының астанасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Астаны қаласы және оның экономикалық-әлеуметтік дамуы туралы толық мағлұмат беру.
Дамытушылық: Сабақты талдап, сараптай білуге дағдыландыру, ой-саналарын дамыту.
Тәрбиелік: Отансүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін арттыру.
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың көрнекілігі: карта, постер, иллюстрациялық материалдар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
-
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру;
-
Психологиялық дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
-
Солтүстік Қазақстанда қандай облыстар бар?
-
Қостанай облысындағы өнеркәсіптің басты салаларын атаңдар.
-
Павлодар облысында қандай ірі кен орындары орналасқан?
-
Солтүстік Қазақстанда қандай экономикалық-экологиялық проблемалар бар?
Карточка
-
Солтүстік Қазақстанның елді-мекендері.
-
Көкшетау қаласының өнеркәсібі.
-
Қостанай облысының шаруашылығы.
Тақырыптық диктант
-
Қостанай тау-кен өнеркәсібінің ірі кен орындары: Соколов-Сарыбай, Лисаков кен байыту комбинаттары мен Жітіқара талшықтас комбинаты.
-
Макинде поршень сақиналары және металл бұйымдары, Атбасарда электровоз жасау, Степногорде подшипник шығару зауыттары жұмыс істейді.
Домино
Машина жасау, металл өңдеу өнеркәсіптерінің ірі орталықтары - Қостанай, Рудный қалалары.
Ағаш өнеркәсібінен Шортандыдағы жиһаз фабрикасын, Ерейментау, Алексеевка, Балкашино, Кеңес, Комсомол, Красный Кордон механикаландырылған орман шаруашылықтарын атауға болады.
Жаңа сабақ:
Жаңа тақырыптың бөлімдерін тақтаға жазып, қысқа түрде түсіндіремін, сосын оқушылар әр бөлімді түсіндіріп, постер арқылы қорғайды.
-
Елорда болу тарихы.
-
Қаланың мәдени, саяси-экономикалық әлеуеті.
-
Еліміздің өңір экономикасын жаңғыртудағы және дамытудағы рөлі.
-
«ЭКСПО - 2017» - Қазақстанның ең ірі жобаларының бірі.
Сабақты бекіту:
-
ББҮ
-
-
Иә, жоқ.
-
Қаланың аумағы 200 км2 аумақты алып жатыр - иә.
-
1995 жылы Астана еркін экономикалық аймақтың WEPSA халықаралық қауымдастығына кірді - жоқ. (1998 ж.)
-
2013 жылғы санақ бойынша Астанада - 951 мың адам тұрады. - жоқ, (783 471 адам)
-
1998 ж. ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» жоғары атағы берілді. - иә
-
ЭКСПО көрмесі Астанада өткізілуі үшін халықаралық көрмелер бюросына мүше елдердің 104-і дауыс берді - иә.
-
Елорданы көшіруде қандай мәселелер қарастырылды?
-
Астана қаласында назар аударарлық қандай мәдени орындар бар?
-
Астана қаласының еліміздің экономикасын жаңғыртудағы және дамытудағы рөлі қандай?
-
«Жасыл» экономика, яғни ІІІ индустриялық революцияны қалай түсінесіңдер?
-
«ЭКСПО-2017» Қазақстан үшін қандай пайда бермек?
-
Астана қаласының әлеуметтік жағдайы қандай?
Бағалау:
Үй жұмысы: §49. 258-263 беттерді оқу. «Астана - бас қала» деген тақырыпқа эссе жазу.
Карточка
-
Солтүстік Қазақстанның елді-мекендері (атауы, саны).
-
Көкшетау қаласының өнеркәсіп орындары.
-
Қостанай облысының шаруашылығы.
__________________________________________________________
Тақырыптық диктант
-
Қостанай тау-кен өнеркәсібінің ірі кен орындары . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .мен Жітіқара талшықтас комбинаты.
-
Макинде поршень . . . . . . . . . . ., Атбасарда . . . . . . . . . . . ., Степногорде . . . . зауыттары жұмыс істейді.
__________________________________________________________________________
Машина жасау, металл өңдеу өнеркәсіптерінің ірі орталықтары - Қостанай, Рудный қалалары.
Ағаш өнеркәсібінен Шортандыдағы жиһаз фабрикасын, Ерейментау, Алексеевка, Балкашино, Кеңес, Комсомол, Красный Кордон механикаландырылған орман шаруашылықтарын атауға болады.
_______________________________________________
БІЛЕМІН
БІЛГІМ КЕЛЕДІ
ҮЙРЕНДІМ
Пәні: География
Тақырыбы: Астана - Қазақстан Республикасының астанасы
Сыныбы: 9
Өткізген: Қожабеков М.Д.
Тарих және география
пәндерінің мұғалімі.
2015-2016 оқу жылы
-