7


  • Учителю
  • Доклад Табиғаттың ластануы, және оны қорғау шаралары

Доклад Табиғаттың ластануы, және оны қорғау шаралары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Шығыс Қазақстан облысының биологиялық ресурсы

және оларды қорғау мәселері.

Биологиялық ресурстар - тірі табиғат объектілерінде жинақталған адамға қажетті материалдық және рухани байлықты (өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, табиғаттың таңғажайып ландшафтары,микроорганизмдер) алудың көздері мен алғы шарты. Жалпы Биологиялық ресурстар - биосфераның орта түзуші барлық тірі рауыштары өндірушілерден, тұтынушылардан және ыдыраушылардан түзіліп, олар сан, мөлшер жағынан, жыл сайын өніп-өсіп қайталанып отырады. Биологиялық ресурстар өсімдіктер ресурстары және жануарлар әлемінің ресурстары және т.б. болып бөлінеді.

Шығыс Қазақстан облысының өсімдіктер жамылғысы мен жануарлар дүниесінің қалыптасуы

Шығыс Қазақстан өсімдігі геоботаникалық облысқа бөлінеді. Шығыс Қазақстан өсімдігі голарктикалық патшалыққа жатады. Өсімдік жамылғысының негізгі факторлары

  • Ендік зоналылық

  • Биіктік белдеулілігі

  • Интрозоналылық факторы

Өсімдіктер дүниесі 1) боеалдық 2) далалық 3)шөлдік типтерге жатады.

  • Боеалдық - биік таулы аймақтардың өсімдіктері

  • Далалық зонаның өсімдіктері құрғақ далалық және шалғындық болып бөлінеді.

  • Шөлдік тип өсімдіктері.

Далалық зона өсімдіктері Кенді Алтайдың, Оңтүстік Алтайдың және Қалбаның тау алды жазықтары болып табылады.

Шөлейтті зона - Зайсан, Алакөл ойыстары мен Ертістің сол жағалауын, Көкпекті Шар ұсақ шоқысын алып жатыр. Өсімдік жусанды - селеулі және тікенді өсімдіктер болып табылады. Бұл жерлерде қараған, май қараған, қараағаш, ши, кермек, т.б. өсімдік кездеседі.

Биік таулы аймақтардағы биіктік белдеулерде жер бедеріне климатқа байланысты өзгереді. Өсімдік аралас шөптесін және бұталы; қайың, көктерек, мойыл, тал, өсімдіктер; самырсын, май қарағай, бал қарағай, шырша және жемісті бұталы өсімдіктер; Сібір балқарағайы, май қарағайы және самырсын. Альпілік шалғындар - алтын тамыр, қызғылт радиолла, марал тамыры (емдік шөптер). Бұл жерде тундра өсімдіктері кездеседі. Мүк, қына, гүлді өсімдіктер өсіріледі. Тау аралық қазаншұңқырларға Ленинагор қазаншұңқыры, Зырян, Бұқтырма - Нарым, Марқакөл қазаншұңқыры, Катон-Қарағай жатады. Емдік өсімдіктер өсіріледі. Батыс субрегиондағы аласа тауларда биіктік белдеулілік білінеді. Бұл жерлерде жусанды, бұталар кездеседі. Онда биікте долана, итмұрын, мойыл, қара қарақат пен таңқұрай кездеседі. Шығыс Қазақстан аумағында интрозональдық өсімдік көп таралған. Оларға Ертіс бойының таспалы қарағай орманы, Қайыңды орманы, Көктау самырсын орманы кіреді. 1.Қалба жота аңғарларында жауын - шашынның көбірек түсуіне байланысты шалғын шөптер, көктерек, қайың ағаштары, үшқаттың, тобылғының , итмұрынның, мойылдың, қарағанның, шәңгіштің қалың бұталары өседі.

2. Батыс Алтай. Батыс Алтайдың флорасы өте бай. Өсімдіктерінің 1000 - нан астам түрі бар. Тау бөктері 500 м биіктікке дейін дала болып саналады. Көктемде топырақ пен ауа ылғалға қаныққан кезде, гүл атқан көпжылдық сарғалдақ, шаншуыш, адонис, анемондар, тау шымылдығы, ұйқы шөбі кілемдей құлпырып жатады.

3. 2400 м биіктіктен субальпілік шалғындар басталады. Алтайдың оңтүстігі осы белдеуіне өсімдіктің 297 түрі бар. Субальпілік шалғындарда шөп қалың бидайықтан, тарғақтан, сұлыдан, қоңырбастан тұрады. Сонымен бірге гоец, томар дәрі, шатырша гүлдер өседі.

4. Тарбағатай және Сауыр. Солтүстігінде тау етегі дала зонасынан басталып 600м-ге дейін көтеріледі. 600-800м биіктікте өсімдік жамылғысы: бадам, қараған бұталарынан және тарбағатай бидайығынан, жоңышқа, шырмауық, оттық, боз, Попов мертензиясы, кемпіршөп, қаңдыгүл, рауағаш секілді шөптесін өсімдіктерден тұрады.



Шығыс Қазақстан Облысындағы өсімдіктерінің типеріне мыналар жатады.

  1. Азықтық өсімдіктер (бұршақ, жоңышқа)

  2. Дәрілік өсімдіктер (жолжелкен, итмұрын)

  3. Улы өсімдіктер (у қорғасын, меңдуана)

ШҚО бойынша жалпы өсімдік түрі 3 мың астам, Батыс Алтай- 1517 түрі. Оңтүстік Алтай- 2111 түрі. Қалба мен Қазақ Ұсақ шоқысы - 1500. Сауыр Тарбағатай 1000 түрі, Зайсан қазан шұңқыры- 1225 түрі, дәрілік өсімдік - 1000 түрі, арнаулы медицина - 100 - ден астам, Азықтық өсімдік - 700 түрі, әсемдік өсімдік- 830 түрі. Олардың көбі Риддер қаласында Алтай ботаникалық бағында өсіреді. Балды өсімдік - 400 түрі бар. Техникалық өсім. - 500 астам түрі, ағаш, тамақ, бояу, каучук, шайыр, эфер майы, спирт алынады - сібір самырсыны, альпі, бұқтырма қара тұяқ. Ұлы өсімдіктер- 170 астам түрі бар: сарғалдақ, у тамыр, у балдырған, қарға қаз, қара шендуалы, у қорғасын, қасқыр шелқабығы. Эндемик және релик өсімдіктерінің - 200 түрі 55 түрі Қызыл кітапқа енгізілген. Тамақ өнеркәсібі - 300 түрі бар рауағаш, қымыздық, Алтай сарымсағы, қарақат, мойыл, тошала т.б. ШҚ-ғы өсімдіктерінің классификациялық аудандары: Соколов, Колходжаев, Котии (1976 ж)

Шығыс Қазақстанның жануарлар дүниесі голарктикалық патшалыққа жатады.

Облыс аумағында сүтқоректілердің 114 түрі, құстардың 388 түрі, бауырмен жорғалаушылардың 26 түрі, қосмекенділердің 5 түрі, балықтың 37 түрі, насекомдардың 1500 астам түрі кездеседі. Қызыл кітапқа кіргендері құстардың 40, сүтқоректілердің 12, бауырмен жорғалаушылардың 5, балықтың 2, насекомдардың 31, қосмекенділердің 1 түрі кірген. Барлық жануарлар дүниесі 6 класқа жатады.

Шығыс Қазақстан мынандай зоогеографиялық аумақтарға бөлінеді.

1. Ертіс бойы жазығы - Европалық Сібірлік фауналар әсері. Обь өзенін мекендеген балықтың кейбір түрлері бар, олар осыны дәлелдейді. Балықтары: Сібір бекіресі, сүйрік балық, сылам балық, торта, тарақ балық, шортан, алабұға. Жер сіндірілгендері көксерке, табан. Қосмекенділері сұр бақа, сүйрік тұссық бақа, көл бақасы кездеседі. Құстардың 200ден астам түрлері мекендейді. Көбі су құстары, жабайы қаз, үйректің бірнеше түрлері шүрегей, қараала үйрек, қызғыш, тәкілдек, мамыр құс, қарқылдақ, шағала, құр мекендейді. Жыртқыш құстар қырғи, бүктерке торғайдың бірнеше түрлері. Сүтқоректілері далалық, ормандық сасық күзен, ат жалман, дала тышқаны, ақ қоян, сұр қоян.

2. Батыс Алтай қосмекенділердің 4, бауырмен жорғалаушылардың 8, құстардың 226, сүтқоректілердің 68 түрі бар. Қос мекенділері - сұр және жасыл бақа, көл бақасы, сүйір тұмсық бақа. Бауырмен жорғалаушылар - тірі туатын кесіртке, сұр кесіртке т.б. Құстар - қара дегелек, саңырау құр, бүркіт, ителгі, көк бұлбұл, әнші сайрауық, тундра шілі. Сүтқоректілері - қоңыр аю, алтай көртышқаны, сілеусін, сібір елігі, бұлан, бұлғын, сары күзен. Құндызды жерсіндіру жүргізілген.

  1. Орталық Алтай - қосмекенділердің 3 түрі, жасыл бақа, сүйір тұмсық бақа, сұр бақа. Бауырмен жорғалаушылардан сұр кесіртке, тірі туатын кесіртке. Құстардың 117түрі бар, маймақ қаз, дөң мұрын, от үйрек. Бұқтырма мен Черновада қара құс, қырғи, тоқылдақ, көк шымшық бар. Сүт қоректілері - сілесін, сасық күзен, Сібір елігі, ақ қоян, орқоян, орман тышқаны, марал, елік, құдыр аю, бұлғын, құну, тау теке, тиін, суыр.

4. Оңтүстік Алтай - балықтың 10- нан астам түрі бар, майқан, талма балық, тарақ балық, қызыл балық, торта, сібір қарауызы. Қосмекенділердің 3түрі ,сұр, жасыл, Бауырмен жорғалаушылардың - 11түрі, сұр және тірі туатын кесітке, жолақты жылан, қалқан тұмсық жылан, құстардың 276 түрі мекендейді. Қазақстанның қызыл кітабына 15 кірген - қара дегелек, су бүркіті, бақалтаң қыран, лашын, ителгі, Алтайдың ұлары, ақбас тырна, қарабас өгіз, шағала, үкі, дөң мұрын тұрпан, жабайы кептер. Сүтқоректілердің 69 түрі - көртышқан, жарғанат, қасқыр, түлкі, қоңыр аю, сусар, бұлғын, сары күзен, өзен камшаты, ілбіс, қабан, құдыр, тау ешкі, алтай тышқаны.

5. Қалба таулары - Оңтүстік Алтайдың, Ертістің сол жағалауының жалғасы болып табылады. Гранитті массивті аласа таулар. Балықтың - 27түрі, шортан, тарақ, ақ қайраң, мөңке балық, сазан, шегіркөз, балық, губач, нәлім, алабұға, көксерке. Бауырмен жорғалаушылардың - 10шақты түрі - тірі туатын кесіртке, сарбас жылан, сұр жылан, қалқан тұмсық. Қосмекенділердің 4 түрі де кездеседі. Құстардың - 220дан астам түрлері бар - үйректер: сұқсұр үйрек, от үйрек, қара дегелек, дала қыраны, сұр шіл мен бөдене, ақбас тырна. Кептердің - 7, көкектің 2, жапалақтың 5, тоқылдақтың 6, торғайдың 66 түрі кездеседі. Сүтқоректілердің 63 түрі мекендейді, 14 жыртқыштар, 29 кемірушілер т.б. борсық, сібір елігі, тиін, тышқанның бірнеше түрлері және қоян мекендейді.

6. Қазақтың ұсақ шоқысы - далалық және шөлдік түрлер басым. Балық - Балқаш алабұғасы, Балқаш қара балығы , көк бас балық. Бауырмен жорғалаушылары - сарбас, сұр жылан, өрнекті жылан, кесіртке. Құстар - бозторғай, қаратамақ торғай, дала бүркіті, бөдене, шіл, құр, алабұлбұл, айқабақ. Сүтқоректілердің 30 астам түрі бар, қалқан құлақ кірпі, күзен, қасқыр, түлкі, қарсақ, бөкен, арқар, жоңғар атжалманы, тышқан.

7. Сауыр -Тарбағатай - балықтың 12 түрі кездеседі шортан, Сібірдің тарақ балығы, шабақ, алабұға, көк талма, Балқаш қара балығы, Балқаш алабұғасы. 1851ж аязда Сауыр балығы жойылған. Жерсіндірілген - губач. Қос мекенділердің - 5 түрі, құр бақасы, сұр кесіртке, су жылан, қызыл жылан. Сауыр - Тарбағатай мен Маңырақ құстары 200 түрден, құралған. Мұнда негізгі таралғандары - жыланшы бүркіт, дала қыраны, дуадақ, батпақ жапалағы, жартас кептері, үкі, маубас жапалақ, тоқылдақ, бозторғай, қызыл құйрық тағанақ, бұлбұл, сандуғаш, арша құнағы және жартас сары торғайы. Тянь-Шань құстарының кең таралғаны: ұлар, құралай, от құйрық торғай. Сүтқоректілері - 60 түрден тұрады: қоңыр аю, сабанчы, сілеусін, марал, елік, арқар, суыр, Тянь-Шань тышқаны, қосаяқ, күміс тоқал тіс, құм қоян, ақ қоян, ілбіс.

8. Балқаш - Алакөл ойысы - Балықтың 10 астам түрі бар. Қызыл кітапқа енгендері: Балқаш алабұғасы, Балқаштың қара балығы, губач, Сібір тарақ балығы. Жерсіндірілген сазан. Қос мекенділері - жасыл құрбақа, жасыл бақа. Бауырмен жорғалаушылардың - 23 түрі бар, 9 түрі эндемик болып табылады. Құлақты бұзаубас, жолақты кесітке, оңтүстік жыланы т.б. Балқаш-Алакөлде құстардың 251 түрі бар. Олар 17 отрядқажәне 52 тұқымдастарға бөлінеді. Соның 164 түрі жыл құстары. 28 құс қызыл кітапқа енген. Бірқазан, өгіз шағала, жалбағай. Үйректің бірнеше түрі кездеседі - аққұтан, ай қабақ, бозторғай, шақшақай, сары торғай. Сүтқоректілерің 58 түрі бар, 5 түрі насеком жегіштер, 6 түрі қолқанаттылар, 12 түрі жыртқыштар, 3 түрі жұп тұяқтылар, 30 түрі кемірушілер, 4 түрі қоян тектестер. Жануарлары: арқар, шұбар күзен, Балқаш андатрасы, құм тышқаны, жыңғыл тышқаны, моңғол шықылдағы, Сібір елегі, қабан, сабаншы, қарсақ.

Облыс территориясындағы орман ресурсының қазіргі жағдайы

Орман - ауа райын, табиғи су балансын реттейтін ең маңызды фактор.

Орманда, ағаштармен қатар бұталар, шөптер, мүктер, қыналар және т.б. өсімдіктер өседі. Ол әсерлер жарық, коректік заттар және су үшін бәсекелестікте.

Қазақстан Республикасы орман ресурсына аса бай мемлекет емес. Ол орман алқабы жөнінен ТМД елдері арасында Ресей Федерациясы, Беларусь, Украина мемлекеттерінен кейінгі орынды алады. Біздегі жалпы орман қоры 24,6 млн. Гектарга жетеді. Оның ішінде 10,5 млн. гектар жері таза орман алқабы.

Еліміздің бүкіл территориясының тек 4%-ы ғана орман алқабының үлесіне тиесілі.

Шығыс Қазақстан облысының ормандары Қазақстан Алтайы мен Сауырдың қоңыр қылқан жапырақты тайгасы мен жапырақты ормандары кіретін Шығыс аймағы мен Ертіс бойының қарағайлы орман жалдары және Қазақ шағын адырының далалық шоқ ормандары мен Тарбағатай кіретін Семей аймағына бөлінеді. Облыстың мемлекеттік орман қорының ауданы 3,6 млн.га. Шығыс Қазақстанда бүкіл Қазақстан пайдаланатын ағаш қорының 75% -ы шоғырланған. Облыстың орманды жерлері 6,2%-ты құрайды.

Кенді Алтайдың территориясы Батыс Алтай орман өсімдік провинциясына жатады және оның абсолюттік биіктігі 250-ден 2000 м Ертіс, Оба өзендерінің аңғарларының Холзун, Листвяго, Иванов жоталары және т.б. мұнда самырсын, шырша, жапырақа кедір қайың, көктерек, терек және басқалары өседі.

Орманды құрайтын негізгі ағаш тұқымдары - майқарағай, қарағай, самырсын, балқарағай, шырша. Орман ресурсын қорғау және сақтау - орман шаруашылығынындағы маңызды іс - шаралардың бірі. Оның басты мақсаты - орман өртін болдырмау бойынша кешенді іс - шаралар жүргізу. Орманды заңсыз кесуден, ұрлаудан және басқа орман тәртібін бұзушылықтан тиімді қорғау. Сонымен қатар орманды қорғап сақтау - орман қорын тиімді пайдалану, оны толықтыру, өрттен, зиянкестерден және аурулардан қорғау.

Қарағайлы ормандардың өрт және жану қауіпсіздігінің бірқатар факторлары:

  • Орман төсенішінің тез тұтануы және жану қарқынының жоғарлығы:

  • Орман масивтеріне жас шабындықтардың болуы;

  • Шөпті жерлерде өсімдіктердің көп болуы, олардың вегетация кезінде де жануы.

Орман өртінің салдарынан пайда болған өртең жерлерде, бұзылған экожүйені қалпына келтіру үшін негізгі жұмыстардың түр жаппай санитарлық кесужәне қоқыстарды тазалау. Орман дақылдарын егулуына жол бермеу болып табылаы.

Санитарлық сауықтыру жұмыстардың жүргізудің басты мақсаты:

  • Орманның санитарлық жағдайын жақсарту;

  • Ағаштың тауарлық сапасын жақсарту;

  • Орманда өрт қаупін төмендету;

  • Орман зиянкестерінің пайда болуын және тарап кетпеуін болдырмау.

Кәсіптік маңызы бар жануарлар және оларды қорғау

Марал шаруашылығы - ауыл шаруашылығында өз орны бар, аса маңызды сала. Қазақ жерінде марал, негізінен, Алтай тау өңірлерін мекендейді. Ғылымда олар Алтай және Жетісу бұғылары деп екіге бөлінеді. Маралдың тарихи отаны Кенді Алтайдың Катонқарағай ауданы деп есептеледі. Қазіргі күні шаруашылықтардың хал-ахуалының нашарлауына байланысты, маралдардың күтімі де төмендеп, қазір маралшылар әр бұғыдан 5-6 келі панты алады. Мүйіз наурыз айының орта шенінен бастап өсе бастайды да, екі жарым ай мөлшерінде өсіп, пісіп-жетіледі. Бұл кезде ол жұмсақ болады. Ал, уақытын өткізіп алса, мүйіз қатып, оның дәрілік сапасы төмендеп кетеді. Пантыны Тибет медицинасы ықылым заманнан бері қолданып келеді. Ол - адамдардың қаны азайғанда, күйзеліске ұшырағанда, жүрек қан-тамыр ауруларына шалдыққанда, сол сияқты тағы басқа ауруларды жазатын аса шипалы зат.

Шығыс Қазақстанда таулы жерлерде гүл өсімдіктерінің мол молуына байланысты Алтайда және Тарбағатайдың оңтүстік беткейлерінде ара шаруашылығы дамыған. Глубокий, Катонқарағай, Шемонайха аудандарында бал омарталары ерекше көзге түседі. Бал арасының кәсіптік маңыздылығы және халақ шаруашылығына тигізер әсері. Балдың адам организмі үшін зор маңызы бар екені мәлім. Ара балы - емдік-диеталық қасиеті бар құнды тағам.

Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлар

Қазақстанның Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі таралуы, санының жай - күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген. Қызыл кітапқа ресми енгізілген өсімдіктердің 16 түрі Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының аумағында тіркелген. Алайда Алтай ботаника бағының ғылыми қызметкері б.ғ.к. Ю.А. Котуховтың жұмысының нәтижесінде сирек, осалдау және жойылып бара жатқан түр мәртебесіндегі тағы да 50 түр анықталды.

Облыс аумағында сүтқоректілердің 109 түрі, құстардың 375 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 12 түрі және қос мекенділердің 3 түрі мекендейді және қорғауға алынған. Осылардың ішінен 57 түр Қызыл кітапқа енгізілген. Балықтардан - таймен және сылан, қос мекенділер мен бауырымен жорғалаушылардан - даната құрбақасы,Зайсан батбат кесірткесі, үлкен көз кесіртке, шұбар кесіртке, жолақты әбжылан; сүтқоректілерден - 11 түр және құстардан - 40 түр: жұпар тышқан, қызыл қасқыр, қабылан, өзен кәмшаты, сілеусін, барыс, құлан, кермарал, қарақұйрық, тау арқарының 6 түрі, жалман, қосаяқтың 4 түрі; бірқазан, сарықұтан, ақ және қара дегелек, қоқиқаз, аққу, бүркіт, қыран, ителгі және т.б.

Қорытындылай келе, ШҚО облысы биологиялық ресурсқа бай. . Биологиялық ресурстар өсімдіктер ресурстары және жануарлар әлемінің ресурстары, орман ресуры және т.б. болып бөлінеді Жалпы Биологиялық ресурстар - биосфераның орта түзуші барлық тірі ағза өндірушілерден, тұтынушылардан және ыдыраушылардан түзіліп, олар сан, мөлшер жағынан, жыл</<font face="Times New Roman, serif"> сайын өніп-өсіп қайталанып отырады. Сондықтан табиғаттын әсем көркі ормандарымыз, жан - жануары мен өсімдік дүнесін аялайқ білейік! Оларды қорғап, келешек ұрпаққа сақтап қалу өз қолымызда.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Ө. Орынбаев. Қазақстан ормандары.-Алматы.-1972.-142 б.

  2. Ауыл шаруашылығын өркендету жүйесі жөніндегі ұсыныстар

  3. Ахметов М. Егоренков С. Егін қорғайтын орман алқаптапын

  4. Дәуренбеков Ж. Аскаров Ә. Жасыл әлемге саяхат.-Алматы: Қайнар.-1985.-160 б.

  5. А. Бекенов, X. Қыдырбаев. Сирек кездесетін хайуанаттарды қорғау.

  6. Есентаев.Е.ақ жүнді құрықты қойлар.-Алматы,1985.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал