7


  • Учителю
  • Панорама сабақ 'Қазақстанның экономикалық аудандары'

Панорама сабақ 'Қазақстанның экономикалық аудандары'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Пәні: география.Сабақтың тақырыбы:Қазақстанның экономикалық аудандарыСыныбы: 9Сабақтың түрі: қорытынды сабақ.Сабақтың типі: қорытындылау және білім мен біліктерін жүйелеу.Сабақ әдісі:түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау.Сабақтың формасы:«Қазақстанның экон
предварительный просмотр материала


Пәні: география.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның экономикалық аудандары

Сыныбы: 9

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ.

Сабақтың типі: қорытындылау және білім мен біліктерін жүйелеу.

Сабақ әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау.

Сабақтың формасы:

«Қазақстанның экономикалық аудандарына саяхат» ойын сабақ.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

-Қазақстанның экономикалық аудандары туралы білімдерін бекіту және кейбір белгілеріне қарап экономикалық аудандарды айыра білу дағдыларын дамыту, білімдерін тексеру;

-Жеке және топтық жұмыстарын жасау дағдыларын қалыптастыру;

-Географиялық сауатты тұлғаны қалыптастыру;

Дамытушылық:

-карталар мен анықтамаларды пайдаланып, ой-өрісін кеңейту;

-экономикалық және әлеуметтік білімдерін арттыру;

-ойлау,есте сақтау, сөйлей білу қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелілік:

-оқушылардың өз өлкесінің , жалпы мемлекетінің экономикалық дамуына қызығушылығын ояту.

-өлкені тану, табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу;

-экологиялық, экономикалық тәрбие беру арқылы ұжымшылдыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу;

Сабақтың міндеттері:

  1. «Өндірісті аумақтық ұйымдастыру және экономикалық аудандастыру» сабағында алған білімдерін тексеру;

  2. Оқушының шығармашылық әлуетін ашу мен дамыту;

  3. Оқушының жеке даралық тұлғасын ескере отырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуға септігін тигізу;

  4. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру;

Сабақтың оқыту құралдары: оқулық, дидактикалық материалдар, үлестірме карточкалар, флипчарт, компьютер, интерактивті тақта, проектор т.б.

Сабақ көрнекілігі: Қазақстанның экономикалық картасы, атластық карталар, кескін карталар, трек-сызбалар, газет-журналдар, электронды оқулық.

Пәнаралық байланысы: Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, химия, математика

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды сабаққа көңілін аудару.

  2. «Экспресс-сұрақтар» Сұрақ-жауап.

  3. «Кім жылдам?» Номенклатура.

  4. «Бұл қай аудан?» бейнекөрініс, әдеби -саз.

  5. «Артығын тап!» дұрыс емес жауапты табу.

  6. «Мамандану -шаруашылықтың негізгі саласы» сәйкестендіру тесті.

  7. «Бұл әсем қала!» тарихи- мәдени ізденіс.

  8. «Пайдалы қазбалар шеруі» картамен жұмыс.

  9. Бағалау.

  10. Үйге тапсырма.

  11. Сабақты аяқтау.

Сабақтың барысы:

-Қазақстан жері кең байтақ, байлығымызда асып-тасып жатыр. Ата -бабамыздан бері сақталып келе жатқан өлкемізді тану және ондағы ресурстарды сақтау мақсатында біз, бүгін еліміздің экономикалық аудандарына саяхат жасайық!

Ойынымыздың негізгі мақсаты: Қазақстанның экономикалық аудандары туралы алған білімдерін жүйелеу мен бекіту.

Ойынның шарты: Ойын барысында жеке, топтық, жұптық, тест жұмыстарын орындаймыз. Әр ойын барысында әрқайсыңыздың алдарыңызда жатқан маршрут қағазына алған ұпайларыңызды топ басшысы жазып отырады.

І. Қызығушылықты ояту.

Топтастыру. Оқушыларға номенклатурасы бар үлестірмелер беріледі. Сол үлестірмелерді оқи отырып, қай ауданға тиісілі екендігін айырып, топтасады.

1 топ: «Орталық» 2- топ: «Батыс» 3- топ: «Шығыс»

Сарыарқа Каспий Алтай

Торғай Жайық Бұқтырма

Теміртау Қарашығанақ Ертіс

Жезқазған Ақтау Өскемен

Балқаш Ақтөбе Семей

4- топ: «Солтүстік» 5- топ: «Оңтүстік»

Соколов-Сарыбай Алматы

Қостанай Тянь-Шань

Петропавл Қапшағай

Ақмола Шымкент

Астана Сырдария

«Экспресс-сұрақтар». (флипчарттан штор пайдалану) (барлығы 10 ұпай)

  1. Қазақстанның жер көлемі қанша?(2724,9 мың км2)

  2. Қазақстан жерінде қанша халық тұрады? (17млн адам)

  3. Еліміздің тұңғыш аудандастыруын жүргізген ғалым(Н.Н. Баранский)

  4. 1997 жылға дейін елімізде қанша облыс болды?(19облыс)

  5. Қазір Қазақстанда қанша облыс бар?(14 облыс)

  6. Еуразия кіндігі Қазақстанның қай облысында орналасқан?

(Шығыс Қазақстан облысының Жидебай шатқалында )

  1. Қазақстанда қанша экономикалық аудан бар? (5аудан)

  2. Құрлықта Қазақстан неше елмен шектеседі? (5 елмен)

  3. ҚР бес облысын тарату жөніндегі Жарлық қашан қабылданды?

(1997ж сәуірде)

  1. Қазақстан барланған пайдалы қазбалар құны жөнінен жер ғаламшарында

нешінші орын алады? (8 орын)




 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал