7


  • Учителю
  • Ашық сабақ 'Солтүстік америка' (7 сынып)

Ашық сабақ 'Солтүстік америка' (7 сынып)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Америка материгіне саяхат Сабақтың мақсаты: Сабақтың міндеттері: Сабақтың түрі: Саяхат сабақСабақтың әдісі:Өздік ізденіс жұмысСабақтың пәнаралық байланысы: әдебиетСабақтың көрнекілігі: Солтүстік Американың физикалық картасы, интерактив
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Солтүстік Америка материгіне саяхат


Солтүстік Америка материгі туралы алған білімдерін тиянақтау, өткен сабақтан алған білімдерін жүйелеу.Сабақтың мақсаты:

1) Білімділік: Оқушылардың Солтүстік Америка материгі туралы алған білімдерін тиянақтау, өткен сабақтан алған білімдерін жүйелеу арқылы тақырыптарды тереңірек меңгерту.

2) Дамытушылық: Оқушылардың өз ойларын жете айта білуге, өткен тақырыптарды байланыстыра отырып жан-жақты ойлау, топпен, картамен жұмыс жасау қабілеттерін, дағдыларын дамыту. Саяхат сабақ арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

3) Тәрбиелік: Әдептілік ережелерін бойына сіңірген шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған азамат тәрбиелеу.Сабақтың міндеттері:

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ

Сабақтың әдісі: Өздік ізденіс жұмыс

Сабақтың пәнаралық байланысы: әдебиет

Сабақтың көрнекілігі: Солтүстік Американың физикалық картасы, интерактивті тақта, слайд, жұмыс дәптері.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Қызығушылықты ояту

ІІІ. Материкке шолу

IV. Бекіту

V. Қорытындылау. Бағалау

VI. Үйге тапсырма беру

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың көңіл-күйін сабаққа аудару.

ІІ. Қызығушылықты ояту. Солтүстік Америка материгін таныстыру туралы тақпақ оқып, тақырыпты ашу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Мен өзім үш бұрышқа ұқсас жермін,

Қазір де әл-ауқатты бірнеше елмін.

АҚШ бар, Канада бар, Мексика бар,

Даңқымен таң қалдырған барлық елдің,

Тауларым бар Кордильер мен Аппалачтай,

Макензи, Миссисипи суым қандай!

Виннипег, Ұлы көлдер, тұзды көлім,

Тамаша көрген адам таң қалғандай.

-Балалар осы өлең жолдарында қай материк туралы айтылған? (Солтүстік Америка)

-Солтүстік Америка материгінің қандай ерекшеліктерін білеміз? (Ерекшеліктерін атап интерактивті тақтаға «өрмекшінің торын» құрайды)

Ең ұзын жер асты үңгірі - Флинт-Мамонт

Ұзын тау - Кордильера Ең биік ағаш - секвоя


Ең үлкен арал - Грнеландия Ең үлкен каньон - Колорадо


Ең үлкен тау мұздығы - Аляска

ІІІ. Материкке шолу.

-Бүгінгі сабағымыз Солтүстік Американың ең биік жері Кордильер тауының Мак-Кинли (6193 м) шыңына саяхат жасаймыз. Оған шығуда жолымыздағы кедергілер бар екен, одан өту үшін Солтүстік Америка материгіне байланысты тапсырмаларды орындауымыз керек. Саяхатқа дайынбыз ба? (сынып үш топқа бөлініп жұмыс жасайды)


ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ОРНЫ.

1-тапсырма

Картаға Солтүстік Американың шеткі ,ең биік және ең төмен нүктелерін белгілеу. (әр топтан бір оқушы шығып орындайды)

1 топ - Солтүстік Американың солтүстік шеткі нүктесін көрсету. (Мерчисон мүйісі)

Кордиельер тауының ең биік нүктесі (Мак-Кинли)

2 топ - Солтүстік Американың оңтүстік шеткі нүктесін көрсету. (Марьято мүйісі)

Солтүстік Американың мұхит деңгейінен төмен нүктесі. (Өлім аңғары)

3 топ - Солтүстік Американың батыс шеткі нүстесін көрсету. (Принц Уэльский мүйісі)

Солтүстік Американың шығыс шеткі нүктесін көрсету. (Сент-Чарльз мүйісі) 10 ұпай


ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

2-тапсырма /Карусель стратегиясын қолданамыз/

Солтүстік Америка материгінің зерттелу тарихы бойынша кестені толтыру. (2, 3-ші бағандарда зерттеушінің суреті тұрады ,ашқан жерлерін табуы тиіс)

Жылдар және ғасырлар

Зерттеушілердің

аты-жөні мен суреттері

Ашқан және зерттеген жерлері

1492 жылы

Христофор Колумб



Материктің оңтүстік жағалауын ашты

ХV ғасырда

Джон Кабот

Ньюфауленд аралы мен Лабрадор түбегі жағалауын ашты

ХVІІ ғасырда

Генри Гудзон

Александр Макензи

Материктің солтүстік және шығыс жағалауында жаңа жерлерді ашты

1741 жылы

Витус Беринг

Алексей Чириков

Аляска жағалауын зерттеді


ЖЕР БЕДЕРІ МЕН ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРЫ

3-тапсырма

Картаға пайдалы қазбаларын шартты белгілер арқылы түсіру.

мұнай

тас көмір

темір

табиғи газ


№1- Солтүстік Америка материгінің батыс бөлігіндегі тау. (Кордильера тауы)

№2- Солтүстік Америка материгінің шығыс бөлігіндегі тау. (Аппалач тауы)

№3- Солтүстік Америка материгіндегі жазық. (Орталық жазық)



КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУЛЕР.

4-тапсырма "Кім жылдам" /әр топ қағазға жазады/ /


1-Солтүстік Америка материгінің климаты қай материкпен ұқсас? (Еуразия)

2-Неше кламматтық белдеу кесіп өтеді? (6 белдеу)

3- Солтүстік Америка материгінің ең суық жері? (Гренландия аралының орталығы -70 0 С)

4- Солтүстік Америка материгінің ең ыстық жері? (Өлім аңғары +570 С)

5- Солтүстік Америка материгінде жауын-шашын ең көп түсетін жері? (Кордильераның солтүстік-батыс жағалауы 6000 мм)

6- Солтүстік Америка материгінде жауын-шашын ең аз түсетін жері? (Калифорния шығанағының солтүстігі мен Үлкен Алап 100 мм)


ІШКІ СУЛАРЫ

5-тапсырма

Солтүстік Америка өзендерінің және осы ерекшеліктерін туғызып отырған себептерді белгілеу.

/сәйкестендіру/

Өзендерінің ерекшеліктері

Себептері

Жауаптары

Миссисипидің күрделі режимін

а) сең жүру көктемнің аяғында жоғары ағыстан басталады

1-ә

Жаз айынның басында Макензи өзенінің төменгі ағысында мұз кептеулері жиі пайда болып тұрады

ә) бірнеше климаттық белдеулер арқылы ағып өтеді

2-а

Колораданың саласы жоққа тән

б) жауын-шашын көп болады

3-в

Колумбияның жыл бойына суы мол

в) жауын-шашын аз түседі

4-б


ТАБИҒАТ ЗОНАЛАРЫ

6-тапсырма

Сандық диктант: Төменде берілген зоналарға сәйкес келетін белгілерді санмен көрсету.

1 топ. Арктикалық шөл - 6, 2

2 топ. Тундра және тайга - 1,7

3топ. Орманды дала - 3, 8

  1. Бұл зонада карибу бұғысы тіршілік етеді.

  2. Өсімдігі мүк пен қына.

  3. Зонада биіктігі 1,5 метрге жететін селеу, боз, шалғын т.б. өсімдіктері өседі.

  4. Мұнда тікенекті бұталар, жусан өседі.

  5. Климаты ылғалды, жұмсақ болып келеді.

  6. Дүниежүзілік Қызыл Кітапқа еңген қойөгіз тіршілік етеді.

  7. Жануарлардан қара аю, гризли аюы, сілеусін т.б. бар.

  8. Ылғал мен жылу жеткілікті болғандықтан топырағы қара және күрең болып келеді.


ХАЛҚЫ МЕН ЕЛДЕРІ

7-тапсырма

Солтүстік Америка материгінің үш мемлекеті карточкада берілген қай топқа қай ел келеді сол елдің астанасын және халқының санын жазу, картадан көрсету.

Мемлекеттер

Астанасы

Халқының саны

АҚШ

Вашингтон

290 млн.

Канада

Оттава

32,2 млн

Мексика

Мехико

76 млн


8-тапсырма РІSA

Жел энергиясын өндіру, мұнаймен көмір жағу арқылы энергия өндіретін орталықтарды ауыстратын болады. Мынау суреттегі жел диірмендердің қанаттары желдің күші арқылы айналады. Осыған байланысты жел диірмендердегі генераторлар электр энергиясын өндіреді. Төменде жел арқылы энергия өндірудің 4 графикасы берілген.

1/ Жел диірмендердің қанаттары желдің жылдамдығы V1-ге тең болғанда айналады.

2/ Қауіпсіздік шараларын ойластыруға байланысты егер желдің жылдамдығы V2-ге ден көп болса, жел диірменнің қанаттарының айналу жылдамдығы артпайды.

3/ Желдің жылдамдығы V2-ге тең болғанда электр энергиясы көп (максималды) мөлшерде өндіріледі.

4/ Желдің жылдамдығы V3-ге тең болғанда жел диірмендердің қанаттары тоқтайды.

1 сұрақ: Осы жұмыс шарттарын сақтай отыра желдің жылдамдығы мен өндірілетін электр энергиясының арасындағы байланыс мына графиктердің қайсысында дұрыс көрсетілген?

Жел диірмендер мұхит деңгейінен неғұрлым биік болса оның қанаттары ақырын айналады. Тау етегіндегі желдің жылдамдығымен бірдей болғанына қарамастан

2 сұрақ: Мұхит деңгейінен неғұрлым биік болса, желдің жылдамдығы бірдей болған жағдайда жел диірменнің қанаттары ақырын айналады.

Мына жауаптардың ішіндегі қай тұжырымдамалардың осы құбылысты дұрыс түсіндіреді.

Жауабы: А/ Мұхит деңгейнен жоғарлаған сайын ауаның тығыздығы кемейді.

В/ Мұхит деңгейнен жоғарлаған сайын ауаның температурасы төмендейді

С/ Мұхит деңгейнен жоғарлаған сайын ауырлық күші кемейді

Д/ Мұхит деңгейнен жоғарлаған сайын жауын көп жауады.


Бекіту тапсырмалары. / Әр оқушыға тестті тарату /

Т Е С Т

1-вариант



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал