7


  • Учителю
  • Солтүстік Қазақстанның экономикалық географиялық жағдайы

Солтүстік Қазақстанның экономикалық географиялық жағдайы

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақтөбе қаласы, №8орта мектебінің география пәнінің мұғалімі Айтмағанбетов Дәурен Лайықұлы

Класы: 9

Тақырыбы:Солтүстік Қазақстан экономикалық-географиялық жағдайы

Білімділік мақсаты: Солтүстік Қазақстанның географиялық орнының бірегей ерекшеліктерін анықтау, табиғи ресурстарымен таныстыру, және олардың ауданның экономикалық жағдайына әсерін айта отырып,ауданның экономиканы дамытудағы ролін көрсету.

Дамытушылық мақсаты:

  1. Жұмыс істеу дағдысын дамытуды жиынтық жоспар бойынша жалғастыру.

  2. Табиғат жағдайы мен ресурстарына баға беру іскерліктерін дамыту.

  3. Статистикалық материалдар құрылымымен жұмыс істеуді жалғастыру

  4. Әр түрлі білім көздерін пайдалана отырып, біліктілігін арттыру.

Тәрбиелік мақсаты: Өз бетімен шешім қабылдаудағы жауапкершілік сезімін арттыру.

Сабақтың типі: құрама коллаж-сабақ

Оқыту формасы: Дифференцияланған-топтық.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Көрнекті-түсіндірмелі, репродуктивті,практикалық.

Құрал-жабдықтар: «Қазақстанның экономикалық әлеуметтік географиясы»оқулық, географиялық атластар, статистикалық материал, кескін карта, презентация.

Сабақ жоспары:

  1. Ұйымастыру.

  2. Сұрақ-жауап.

  3. Меңгеру.

  4. Бекіту.

  5. Қорытынды.

Қысқаша аннотация:

Коллаж - сабақ бұл оқушылардың неғұрлым топтық жұмыс істеу дағдысын қолданудың бір түрі, қиын жағдайлардан шыға білу біліктілігі, танымдық қызметін іске қосу, өз бетімен жаңа білім көздерін таба білу, сонымен қатар ақпаратпен жұмыс істеу біліктілігін арттырады

«Коллаж» сөзі француз тілінен аударғанда «жапсыру,желімдеу» деген мағынаны береді. Коллаж техникасы - бұл бір түсімен және түрімен ерекшеленетін қандай да бір мәлімет негізіне жапсыру.Бұл техниканың жаңа түрі болып есептелмейді. Бұл коллаждың әдіс-тәсілдерін әр түрлі материалдар тіркестері мен ұлттық өнер иконаларында кездестіруге болады. Мысалы, қазақтың ұлттық кестесі «құрақта». Ал бұл жерде сіз жаңа ақпаратты бұрын алған білімдеріңіздің басты негізіне салып отырасыз.

Сабақ барысы:

Бүгін біз келесі экономикалық ауданды меңгереміз, одан бұрын өткен тақырыпты қайталаймыз. Бүгінгі сабақта топпен жұмыс жасаймыз. Әр топтың мақсаты топпен ойлау, толық сауатты жауап беру, әр түрлі білім көздерін пайдалан отырып, қорытынды жасау. Жоғары деңгейлі жұмыс көрсету үшін әрқайсысы өзінің жауапкершілігін сезіну керек. Мен сіздердің белсенді, бір біріңізге көмектесе жұмыс істегендеріңізді көргім келеді. Бір мәселе туындаса, топ болып шешуге тырысыңыздар. Сіздердің жұмыстарыңыз түрлі түсті карточкалармен бағаланады.

Сарғыш карточка - сізге толық, дұрыс жауап бергендеріңізде, сонымен қатар географиялық объектілерді дұрыс көрсеткенде беріледі.

Ақшыл көк карточка - толық емес жауап және картадан нақты көрсете алмаған жағдайда беріледі.

Жасыл карточка - жауап болмаған кезде және карта білмесеңіз беріледі. Мұнымен айтарым: қай топ көбірек сарғыш карточка алса, бағалары жоғары болады. Әр топтан екі адамнан шығып жеке жұмыстар алады, ал қалғандары менімен жұмыс жасайды. Ал іске сәт!

Ой сергіту.

  1. О каком экономическом районе идет речь «Ол Нұра мен Сарысу өзендерінің ағынсыз бассейнінде, көне елдің шегінде орналасқан» қай экономикалық аудан туралы айтылады? (Орталық Қазақстан) Көрсету.

  2. Бұл экономикалық ауданға неше облыс кіреді? (1, Қарағанды)

  3. Қазақстандағы көлемі жағынан ең үлкен экономикалық аудан? (Батыс Қазақстан) Көрсет.

  4. Батыс Қазақстанның ең басты байлығы? (Мұнай)

  5. Қазақстанның қай ауданы толығымен таулы аймақта орналасқан? (Шығыс Қазақстан) Көрсет.

  6. Урбанизация жөнінен Шығыс Қазақстан нешінші орын алады? (соңғы,бесінші)

  7. «Ауданның мамандануы» дегеніміз не?

  8. Сөйлемді аяқтаңыз: Орталық Қазақстан экономикасының басты саласы болып табылады (электорэнергетика, көмір өнеркәсібі және қара металлургия)

  9. Қазақстанның қай ауданын табиғат ресурстарының қазыналы жері деп атайды? (Шығыс Қазақстан)

  10. Қазақстан хром қорынан әлемде бірінші орында. Хром өнеркәсіптік өндіріс қай ауданда орналасқан?(Батыста).

  11. Өндірістің орналасу факторларын атап көрсетіңіз? (жанармайлы, шикізатты, су, тұтынушылық, энергетикалық, экологиялық)

  12. Орталық Қазақстанның ең басты проблемасы? (Су ресурсының жетіспеушілігі)

  13. Қазақстанның машина жасау кешенінің басты бағыты? (ауыл шаруашылық техникасын жасау)

  14. Қазақстанның агроклиматтық ресурстарының қолайсыз жақтары? (шұғыл континенттік,жауын шашынның аз түсуі)

Сонымен, ой сергітуда аяқтадық.

Дәптерлерімізді ашамыз да, бугінгі тақырыпты жазамыз: «Солтүстік Қазақстан»

Сабақтың мақсаты:Солтүстік Қазақстанның географиялық орнының басты ерекшеліктерін , табиғи ресурстары мен олардың ауданның экономикалық жағдайына тигізетін әсерін анықтау.

Әр топ тапсырма алады, бірнеше минуттың ішінде өздерінің алған тапсырмаларымен жұмыс жасайды, орындап болғаннан кейін, материалмен танысқанын айтады, қалғандары ұқыпты тыңдап, дәптерлеріне қысқаша конспект ретінде жазып алады. Сонымен,іске сәт!

Бірінші топтың тапсырмасы: 1. Қазақстанның саяси әкімшілік картасымен және оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасай отырып, экономикалық географиялық жағдайына баға бер.(экономикалық аудан түсінігі)

А) орналасуы

Б) құрамы (көрсет)

Г) шекаралық ауданы

Д) аумағы

Е) қорытынды

Жауап: Солтүстік Қазақстан республиканың солтүстігінде орналасқан, оның құрамына Ақмола,Костайнай,Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары кіреді. ЭА Оңтүстіктен басқа барлық аудандармен шектеседі,сонымен қатар Ресей Федерациясының Батыс Сібір ауданымен щектеседі.Ауданы - 565 мың. кв.км.

Қорытынды:Ауданның ЭГЖ қолайлы деп санауға болады, өйткені …

Екінші топқа тапсырма: а) Қазақстан физикалық картасын пайдалана отырып,берілген экономикалық ауданның табиғи жағдайларын меңгеру.

  1. бедері (картадан көрсет) және қорытынды жаса

  2. климаты (қаңтар мен шілде температурасы , жауын шашын)

  3. жерлері (түрлері, пайдалануы)

  4. қорытынды.

Жауап: Солтүстік Қазақстан жер бедерінің көп бөлігі жазық болып келеді. Климаты аз континенталдьды, температураның жылдық амплитудасы қыста 38°тан -20°, жазда +20°, жылдық орташа жауын шашын мөлшері 200- 400 мм. Жері солтүстіктен оңтүстікке қарай қызғылт, қара қоңыр топырақ. Күннің түсу ұзақтығы 180-200 күн.

Үшінші топқа тапсырма:

Оқулықтың мәтінінің мазмұнына және атлас картадан «Қазақстанның металлургия кешеніне»талдау жасаңдау, берілген экономикалық аудан қандай табиғат ресурстарымен қамтамасыз етілгенін анықтаңдар.

Карта және оқулықты пайдаланып Солтүстік Қазақстанның қандай су,жер және рекреациялық ресурстарымен қамтамасыз етілгенін анықтаңдар.

Жауап:картамен жұмыс барысында біз Солтүстік Қазақстанның пайдалы қазбаларға бай екенін анықтадық: жанатын, рудалы және рудасыз. Бұл аймақта үлкен көмір алабы орналасқан. Екібастұз (әлемдегі ең ірі көмір алаптарының бірі «Богатырь»), Майкүбі, Қостанай облысында темір кенінің басты алаптары Соколов Сарыбай және Лисаковск орналасқан. Сонымен қатар: боксит кен орындары Арқалықта, Жетіқарада асбест, Обуховское алтын.

Бұл аудан су ресурсымен жақсы қамтамасыз етілген, бұл аймақпен Есіл,Ертіс, Тобыл сияқты өзендер ағып өтеді..

Төртінші топқа тапсырма: Ауданның халқына келесі сұрақтар бойынша талдау жасаңдар:

  1. Халық саны?

  2. Тығыздығы?

  3. урбанизация деңгейі?

  4. Орналастыру формасының басымдығы?

  5. Ұлттық құрамы

  6. Экономикалық белсенді халық саны

  7. Шаруашылығының басты түрі.

Жауап: Жалпы халық саны - адам, еліміздің халқының 24% құрайды. Орташа тығыздығы - 6,3 адам/км² (республика бойынша 2 орын).Халықтың көп бөлігі Қостанай облысында орналасқан (76%). Қала халқының басымдығы - 58%. Экономикалық белсенді халық - 91,5%. Жұмыссыздық деңгейі - 98,5% . Этностар: қазақтар,, украин, орыс, белорустар, поляк и т.б. Шаруашылығының басым түрі ауыл шаруашылығы болып келеді, мәдени дақылдар өсіру, мал өсіру.

Бекіту.

Біз бүгін жоспарымыздың бірінші үш сұрағын меңгердік, қалғанын келесі сабақ өтеміз. Сіздер өз беттеріңізбен берілген тақырыпты талдап шықтыңдар, оған қоса әр түрлі білім көздерін пайдаландыңыздар. Материалды қаншалықты меңгергендеріңізді тексеруге тырысыңыздар. Әр топқат бір бір сұрақтан бір бірлеріңізге қоюларыңызды ұсынамын.

Практикалық сабақтың орындалуы.

Мұғалім кескін картамен жұмыс жасауды еске түсіреді (жай карандашпен орындаймыз, мөрлі әріптермен жазамыз, географиялық объектілердің аттары, шартты белгілерге параллель келу керек.) Кескін картадан Солүстік Қазақстанда белгілеңіздер:

  1. Облыс шекараларын, облыс орталықтарын.

  2. Пайдалы қазбалардың үлкен кен орындарын белгілеңіз.





Солтүстік Қазақстанның экономикалық географиялық жағдайы

«Солтүстік Қазақстан» бойынша географиялық диктант. Әр топтың екі оқушысына екі нұсқадан береді.

  1. Солтүстік Қазақстан ауданы бойынша ең кішкентай, дұрыс па?

иә-1 жоқ- 0

  1. Солтүстік Қазақстан Қытаймен шектеседі:

иә- 1 жоқ-0

  1. Солтүстік Қазақстан Ресеймен шектеседі:

иә-1 жоқ- 0

  1. Ең бастың темір кен орындары Арқалықта орналасқан?

иә-1 жоқ- 0

  1. Ауданың ең басты а.ш мәдениеті күнбағыс?

иә-1 жоқ- 0

  1. Ауданда машина жасау кәсіпорындары көп?

иә-1 жоқ- 0

  1. Ауданда жанармай ресурсы бар ма?

иә-1 жоқ- 0

  1. Ауданда рудалы пайдалы қазбалар басым?:

иә-1 жоқ- 0

  1. Ауданда су ресурсының жетіспеушілігі сезіледі?

иә-1 жоқ- 0

  1. Щучинско- Боровская курортты аймағы Павлодарда орналасқан?

иә-1 жоқ- 0

Ответ: 0 0 1 0 0 1 1 1 0 0

Үй тапсырмасын беру:

Тақырыптағы таблицаны толтыру, мәтіндегі қосымшаны оқу

Қорытынды жасау.

Бағалау











 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал