- Учителю
- План по географии (10 класс)
План по географии (10 класс)
Тақырыбы:Құрлық сулары.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға құрлық сулары, қасиеттері, маңызы, таралу ерекшеліктері, заңдылықтары жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Құрлық суларымен танысқан тұлға.
Сабақтың типі:Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі:Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі:Топтық , шығармашылық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, электронды оқулық, қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.Сыныпты ІІІ топқа бөлу түрлі түсті қаламды таңдату арқылы
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.Жалпы гидросфера тарауы бойынша
1. Сұрақ-жауап. «Кім жылдам?»
Әр топқа 10 сұрақтан
1-топ сұрақтары
-
Әлем мұхитындағы жылы ағыстар мен суық ағыстардың пайда болу себебі?
-
Ішкі теңіздері бар материктерді атаңыз?
-
Мұхитта судың айналымы қанша жыл ішінде суды толық жаңартады?
-
Өзен жүйесі дегеніміз не?
-
Өзен бассейіні дегеніміз не?
-
Байкал көлінен ағып шығатын өзен?
-
Ең терең көл?
-
Арнасында 8 су қоймасы орналасқан өзен?
-
Теңіз суының ең басты қасиеті?
-
Мұхиттық ағыстар ненің әсерінен қалыптасады?
2-топ сұрақтары
-
Өзен бассейіні дегеніміз не?
-
Өзен ағысы мен жылдамдығы неге байланысты?
-
Жер асты суларының негізгі қорек көздерін көрсетіңіз?
-
Мұхитқа құймайтын ең ірі өзен?
-
Теңіз суының ең маңызды қасиеті?
-
Әлемдік мұхит қанша бөлікке бөлінеді?
-
Көлемі бойынша ең кішкентай мұхит?
-
Теңіз суы қандай температурада қатады?
-
Әлемдік мұхиттағы ең ірі ағыс?
-
Азияның ең қарлы ауданы?
3-топ сұрақтары
-
Егер де тау жыныстары өзен арнасын қоршаса , онда не қалыптасады?
-
Жер шарындағы ең биік су сарқырамасы?
-
Жердегі судың таусылмау себебі?
-
Қытайлықтардың «сары өзен» аталған өзені?
-
Қай мұхитта кеме қатынасы екі айдан төрт айға дейін созылады?
-
Ауданы жағынан ең үлкен көл?
-
Ең тұзды теңіз?
-
Беринг бұғазы қандай мұхиттарды қосып тұр?
-
Цунами дегеніміз не?
-
Замбези өзені қайда құяды?
ІІІ.Жаңа сабақ.
Электронды оқулықтан жалпы құрлық сулары жайлы мәліметті тыңдау, еске түсіру
І тапсырма Оқулық мәтіні бойынша 3-топқа тапсырма Топтарға ресурстар беріледі. Сол ресурстар негізінде, оқулық мәтінін пайдаланып, әр топ өз шығармашылық жұмыстарын қорғайды
1-топқа дүниежүзілік мұхитқа жалпы сипаттама
2-топқа өзендер, көлдер
3-топқа мұздықтар, жерасты сулары
ІІ-тапсырма3 топқа картамен жұмыс
Әр топқа берілген нысанды контур картаға орналастыру
ІІІ-тапсырма Олимпиадалық есептерді шығару
/ өзендерге байланысты/
1-топқа
Днепр өзенінің ұзындығы 2285м 253м биіктіктен басталып сағасы 85м биіктікте өзеннің құламасы мен еңістігін табу
2-топқа тапсырма
Өзеннің ені 200 м орташа тереңдігі 2500 ағысының жылдамдығы 1сек-2 м Өзеннің су шығынын анықтау
3-топқа тапсырма
Ағынсыз судағы жылдамдығы 20км/сағатқа тең катер ағысқа қарсы 36 км/сағ және өзен ағысының бойымен 22 км жол жүрген. Ол осы жолдың барлығына 3 сағ уақыт жіберген. Өзен ағысының жылдамдығын табыңыз
ІУ- тапсырма электронды нұсқада тест жұмысын орындап, қорытындысы тексеріледі
IV. Сабақты бекіту.
1. Б.Ү.Ү. кестесі.
Білгенім
Үйренгенім
Үйренгім келеді
V. Қорытындылау, бағалау / бағалау парақшасы бойынша/
VІ. Үйге тапсырма беру.
Үйге: Құрлық сулары.