- Учителю
- Орталық Қазақстанның шаруашылық географиясы тақырыбына ашық сабақ 9 сынып
Орталық Қазақстанның шаруашылық географиясы тақырыбына ашық сабақ 9 сынып
Орталық Қазақстанның шаруашылық географиясы
Сабақтың мақсаты:
Танымдылық:Орталық Қазақстанның экономикалық байланыстары ,даму перспективаларын қарастыру.Оқушыларда географиялық ойлауды қалыптастыру.
Дамытушылық:Оқушылардың сөйлеу -логикалық және бейне тұрғысынан ойлау қабілеттерін қалыптастыру,картографиялық сауаттылығының қалыптасуына ықпал ету.
Тәрбиелік:Рухани -адамгершілік тәрбиесін беру,отансүйгіштікке тәрбиелеу,қоршаған ортаны сақтауға баулу, жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру.
Сабақ түрі:жаңа білімді меңгерту және есте сақтау.
Сабақты ұйымдастыру формасы:сабақтық-сынптық.
Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,планшет,ноутбук,Қазақстанның физикалық картасы,атластар,кескін карталары,үлестірмелі қағаздар.
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
-Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
-Сабақтың тақырыбы және мақсаттарын анықтау.
(Құрманғазының «Сарыарқа» күйі ойналады).Оқушыларға планшет арқылы слайдтарды тамашалау ұсынылады.
-Балалар ,біздің тыңдаған музыкалық туынды Құрманғазының әйгілі «Сарыарқа» күйі.Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы :Орталық Қазақстанның шаруашылық географиясы.
Сабақтың мақсаты:экономикалық ауданның бейнесін сипаттау.
2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
«Кім жылдам?» ойыны
1.Экономикалық аудан дегеніміз ол -шаруашылығының даму деңгейі және мамандандырылуы жағынан ерекшеленетін және еңбектің аудандық бөлінуінің нәтижесінде қалыптасқан мемлекеттің жеке бөлігі.
2.Қазақстанда неше экономикалық аудан бар?/Бес/
3.Орталық Қазақстанның құрамына қанша облыс кіреді?/Біреу -Қарағанды облысы.
4.Ауданның табиғат қорлары қандай?Климаты шұғыл континентальді,жазы-ыстық, құрғақ,шаң дауылдары жиі соғады.
5.Су ресурстарымен қалай қамтамасыз етілген?/Тұщы су қоры тапшы /
«Кім жылдам?» ойнынын қорытындылау.
Атласпен ұжымдық жұмыс.Біздің міндетіміз картадан Орталық Қазақстанды белгілеп,онымен шекаралас аудандарды анықтау.Оқушылардың субъективті тәжірибесін айқындау.
</<font face="Times New Roman, serif">«Дұрыс таңдау» ойнынын ұйымдастыру.Оқушыларға пайдалы қазбалар белгілері бар кеспе қағаздар ұсынылады.
Интерактивті тақтада сұрақтар ұсынылады:
1.Шахталық тәсілмен өндірілетін пайдалы қазба?/тас көмір/
2.Бұл пайдалы қазба қоры жөнінен Қазақстан ТМД елдерінің ішінде 3 орын эәне әлем бойынша 8 орынға ие.Қарағанды облысында Кентөбе,Қаратас кен орындары бар. /темір/
3.Бұл пайдалы қазбадан картон,қағаз ,өрт сөндірушілерінің қорғаныс киімдері жасалады?/асбест/
4. Бұл пайдалы қазбаның ең ірі кен орны -Жезқазған кен орны болып табылады.ТМД елдерінің ішінде 1 орынға ие/мыс/
5. Бұл пайдалы қазбаның ең ірі кен орындарына Орталық Қазақстанда орналасқан Атасу,Жезді кен орындары жатады/мырыш/
6.Бетон және құрылыс ерітінділерін жасауға пайдаланатын негізгі құрылыс материалы/цемент/
7. Бұл пайдалы қазбаның қоры бойынша Қазақстан әлемде 1 орынға ие ,өзі қиын балқитын,иілімділік қасиеті жоғары ,жарық бергіш құралдарын жасауда пайдаланатын металл /вольфрам/
8.Бұл кен орындарының бағалы компоненттерінен құрайтындар -қорғасын және мырыш ,мыс қоспалары ,алтын ,күміс және басқа да металдар.Соңғы жылдары Орталық Қазақстан бай кен орындарының бірі болып отыр /Қызылкеспе,Қасқайғыр/
Оқушылар карта бойынша бағдарлайды.Пайдалы қазба түрлерін дұрыс таңдаған жағдайда «Сарыарқа » сөзі шығады.
4.Жаңа тақырыпты оқу кезеңі .
Оқушыларға үлестірмелі тірек схемалары ұсынылады.Оқулықпен жұмыс істеу арқылы схемаларды толтыру керек.
Мұғалім:Қара металлургия республиканың өндірістік өнімінің 12,5 % көлемін өндіреді.Темір рудасының қоры бойынша Қазақстан әлемде 8 орынға ие.Әлемқорларындағы үлесі 6% құрайды.
Теміртауда өндірілетін темір рудасының 70% экспортқа шығарылады.Теміртау қаласының қосалқы аты-«Қазақстандық магнитка».Бұл қала қандай тұлғаның есімінен байланысты оқушылардың жауабы.
Әрине ,Қазақстан Республикасының президенті -Н.Ә.Назарбаевпен байланысты.1958 ж Н.Ә.Назарбаев Қарағанды облысы Теміртау қаласның құрылыс басқармаларының біріне жұмысшы ретінде орналасады.Сол жылы украинаға -днепродзержинск қаоласына металлургиялық мамандықты игеруге оқуға жіберіледі.Оқуын аяқтағаннан соң ,бір жарым жыл мерзімінде Қазақстанға оралып ,1960-1969 жж Қарағанды металлургиялық комбинатын да еңбек етеді.
Мұғалімнің қорытындысы сөзі.Қара металлургия презентациясы ұсынылады.
Қара металлургия:
Оқушыларға берілетін тапсырма :Мәтін және қосымша ақпаратты пайдалану арқылы тірек схемаларын толтыру
1 қатар -жылу -энергетикалық кешен
2 қатар -түсті металлургия
3 қатар -химия өнеркәсәбі.
1.Жылу энергетикалық кешен
КӘСІПОРЫНДАРЫ ЖЭК ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН ЖЕРІ
ІРІ ЭЛЕКТРСТАНЦИЯЛАРЫ
Мұғалімнің қорытынды сөзі . «Арселор Миттал Теміртау» видеоролигін тамашалау.
2.Түсті металлургия
3.Химия өнеркәсібі.
Мұғалім:Біз шаруашылықтың негізгі салаларымен таныстық,ал енді қосалқы салаларды ,оның ішінде ауыл шаруашалығын қарастырайық .Орталық Қазақстанның климаты қандай?Құрғақ.Сол себепті ауылшаруашылық жерлерінің көбі табиғи жайылымдар болып табылады,ауданды сумен қамтамасыз ету үшін Ертіс-Қарағанды каналы салынған.
Орталық Қазақстанның көлік шаруашылығы .
Жеңіл көлік жолдары және темір жолдары .Қарағанды Теміртау ,Қарағанды -Балқаш,Қарағанды -Балқаш- Алматы.Ұзындығы 1205 км Трансконтинетальді темір жолы кесіп өтеді.
Картамен жұмыс жасау арқылы Орталық Қазақстанда қандай қалалар орналасқандығын анықтаңдар:Жезқазған,қарағанды,Теміртау,Балқаш.Қарағанды қаласының оқушылармен сұхбаттасу (веб-камера арқылы он-лайн режимінде сұхбаттасу).
5.Бекіту кезеңі
Тест орындау.
6.Үй тапсырмасын беру кезеңі :
1.Параграф 21,оқу.
2.Әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар орындау.
7.Рефлексия .Сөйлемді аяқта:
Мен бүгін таныстым...
Маған оңай болған жоқ...
Менің есімде қалғаны...