7


  • Учителю
  • Урок на тему Африканың географиялық орны

Урок на тему Африканың географиялық орны

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Африканың географиялық орны. Жағалауы. Зерттелу тарихы.

Мақсаты:

Білімділік: Африка материгінің ерекшеліктері туралы түсінікті кеңейту. Материк жағалауындағы теңіздер мен мұхиттарды таныстыру. Зерттеушілердің аяхаттарын көрсету.

Тәрбиелік: Білімнің қажеттілігіне тәрбиелеу. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру.

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, әрі ізденіске, еңбекқорлыққа, қиындықты ойлана отырып шешуге, логикалық ойлауын дамыту.

Көрнекіліктер: Физикалық карта, атлас, кескін карта, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

2.Үйтапсырмасын сұрау.

3. Жаңа сабақ.

4. Жаңа сабақты бекіту.

5. Қорытындылау.

6. Үй тапсырмасын беру.

7. Бағалау.

I.Ұйымдастыру:

Оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Оңтүстік Американың халық саны.

  2. Халықтардың қоныстануы.

  3. Жаңа халықтар.

Еуропалықтар

Үндістер Метистер Мулаттар Негрлер

Самбо

  1. Анд елдері.

  2. Шығыстағы жазықтық елдері.

III. Жаңа сабақ:

Жаңа материалдарды оқып үйрену жоспары.

  1. Оқушылардың Африка жөніндегі білімін анықтау.

  2. Африканың физмкалық картасымен таныстыру.

  3. Африка ұласатын мұхиттар жағаларының пішіні.

  4. Материктің географиялық орнының ерекшеліктері.

  5. Африкаға саяхат жасаған зерттеушілермен таныстыру.

Африка туралы не білесіңдер?

Оқушылар сұраққа жауап береді. Оқушылардың айтқандарына физикалық картаны пайдалана отырып толықтыру.

Африка қай материктерден үлкен? Қай материктен кіші?

Материктің географиялық орнының ерекшеліктерін түсіну үшін оқушылардың назарын картографиялық торға аудару. Экваторлық, нөлдік меридианның қай арадан өтетінін анықтау.



Африканың шеткі нүктелерінің координаттарын анықтау.

1 нұсқа.

Шеткі нүктелері

Географиялық координаттары

Солтүстік шеткі нүктесі - Бен-Сакка мүйісі

37 с.е. 10 ш.б.

Оңтүстік шеткі нүктесі - Игольный мүйісі

35 о.е. 20 ш.б.


2 нұсқа

Шеткі нүктелері

Географиялық координаттары

Батыс шеткі нүктесі - Альмади мүйісі

15 с.е. 18 ш.б.

Шығыс шеткі мүйісі - Рас-Хапун мүйісі

10 с.е. 52 ш.б


Материктің шеткі нүктелерін 2 нұсқа бойынша анықтау. Оқушылар кескін картаға шеткі нүктелерін белгілейді.

Материктің ерекшеліктері.

Африка атауы африги тайпаларының атауымен атанады, көлемі 30,3 млн км².

  1. Жер шарындағы ең ұзын өзен Ніл өзені - 6671 км.

  2. Жер шарындағы ең үлкен шөл Сахара, аумағы - 7 млн.км².

  3. Жер шарындағы ең ыстық нүкте әл-Азизия қаласында 1933 ж. - +58ºС.

  4. Ең үлкен құрлық жануары - піл, жабайы күйде өмір сүреді, салмағы - 7,5 т.

  5. Материктің ең биік нүктесі - Калиманджаро жанартауы-5895 м.

  6. Ең төмен орналасқан Ассаль көлі - 153м.

  7. Ең ірі аралы - Мадагаскар-590 мың км².

  8. Ең үлкен көлі - Виктория.

  9. Ең терең көлі - Таньганика.

  10. Ең үлкен сарқырама - Тугела.

Африкаға ұласатын мұхиттар мен теңіздер.

Батыс: Атлант мұхиты.

Солтүстік: Жерорта, Қызыл теңіз.

Шығыс: Үнді мұхиты. Жағалауындағы ағыстар. Суық ағыс Канар, Самали. Жылы ағыс Гвинея, Мозамбик, Ангола.

Зерттелу тарихы:

Зерттеуші саяхатшылар

Мемлекет

Мерзімі

Ашылуға қосқан үлесі

Ежелгі гректер



Африканың солтүстік бөлігін зерттеген.

Египеттіктер



Африканың солтүстік-шығыс бөлігін зерттеген.

Бартоломеу Диаш

Португалия

XV-XVIIғғ.

Әулие Надежда мүйісін ашып, Африканың оңтүстік бөлігін айналып өткен.

Васко да Гама

Португалия

XV-XVI ғғ.

Индияға жаңа жол ашқан. Материктің жағалауларын зерттеген.

Давид Ливингстон

Англия

XIX ғғ.

Виктория және Таньганика көлдерін зерттеуді аяқтап, Конго және Ніл өзендерінің жоғары ағыстарын зерттеген.

Генри Стенли

АҚШ

XIX ғғ.

Ол Конго өзенінің бастауынан сағасына дейін жүзіп өтіп, оның бойындағы сарқырамалар жүйесін ашқан.

Егор Ковалевский

Ресей

XIX ғасыр аяғында

Материктің солтүстік-шығыс бөлігін зерттеді.

Василий Юнкер

Ресей

XIX ғасыр аяғында

Орталық және Шығыс Африкаға саяхат жасап, топографиялық жұмыстар жүргізді, гидрологиялық және метеорологиялық бақылаулар жасады.


IV. Сабақты бекіту:

Сәйкестік тестін орындау.

Өз біліміңді тексеру.

Стрелканың көмегімен сәйкестікті табу:


Мерзімі

Зерттеуші

Ашылуы

1948 ж

Вавилов Н.И.

Замбези өзені, Виктория сарқырамасы, Конго өзені бастауына сипаттама, Ньяса көлі және т.б.

XIX ғасырдың ортасы

Д.Ливингстон

Орталық және Шығыс Африка туралы мәлімет

XIX ғасырдың соңы

Васко да Гама

6000-нан астам мәдени өсімдіктердің үлгілерін жинақтап, Эфиопия жері бағалы қатты бидайдың отаны екендігін анықтады.

1926-1927 жж.

Юнкер В.В.

Африканы айналып өтіп, Сомали түбегі жағалауы арқылы Үндістанға қарай бағыт алған.


Географиялық диктант

Сандарды сөйлетейік.


Географиялық диктант

30,3 153

6671 5895

7 7,5

112 590

+58


V. Сабақты қорытындылау үшін сөзжұмбақты орындау.

VI. Үйге тапсырма беру: Африканың жғалауындағы мұхиттар мен теңіздер. Зерттелу тарихы.

VII. Бағалау.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал