- Учителю
- 'Жердиң- Күн жүйесіндегі орны' интеграция сабағы 6-сынып
'Жердиң- Күн жүйесіндегі орны' интеграция сабағы 6-сынып
Тақырыбы: Жердің-Күн жүйесіндегі орны
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Жердің-Күн жүйесіндегі орны, маңызы, ерекшелігі жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап, Әңгіме-дәріс.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, кескін карта т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Тыныштық сәті. «Орманға серуен» Сыртқы интеграция(Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану)
Арқаңызды тік ұстап,ыңғайланып отырыңыздар.Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелдің үстіне қоюға болады.Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Терең тыныс алыңыз.Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып,сабырлы болуға тырысыңыз.Қазір біз орманға серуенге шығамыз.Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп,есікті ашқаныңызды,дәлізбен жүріп,далаға шыққаныңызды елестетіңіз.Таза ауаны жұтып,шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз.Орманға қарай жүре бастаңыз.Келе жатқанда абай болыңыз,жәндіктерді басып кетпеңіз.Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз.Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз.Гүлдердің біріне жақындап,еңкейіп,оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз.оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз.Айналадағы бар нәрсені бақылап,ары қарайжүре беріңіз.Гүлдер,гүлдер мен ағаштардың иісі,құстардың иісі,құстардың дауысы және жәндәктердің ызыңы.Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы,ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті.Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз,жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз.Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз.Алаңқайға шығып,осында бірнеше минут демалыңыз.Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз.Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз.Оның қуаттылығын сезініңіз,ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз.Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз .Көзіңізді жұмыңыз,терең тыныс алыңыз және және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай.Табиғат неткен ғажап,оны қалайша сүйетініміз бен қадірлейтінімізді,бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз.Сіздің өз ағашыңызбар екенін және кез-келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз.Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып,айналаға тағы бір көз қырын салыңыз.Кеген жолыңызбен кері қайтыңыз,жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз.Міне,мектептің алдына да келдік.айналаңызға тағы бір қараңыз,таза ауаны терең жұтыңыз,есікті ашып,өз орныңызға қайтып келіңіз.Осы жым-жарттық,тыныштық,қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз.Көзіңізді ашып күлімсіреңіз!
-
Рахмет!
-
Қандай көңіл-күйде болдыныздар?(Оқушылардың жауаптарын тыңдау)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
1. «География» ұғымы қандай мағана береді?
2. География қанша бөліктен тұрады?
3. Дүние бөліктерінің, карталардың пайда болу тарихы.
4. «Ұлы географиялық ашулар заманындағы» жаңалықтары.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1.Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.
2. Топтастыру.Топтастыру арқылы оқушыларға 9 ірі аспан денелері түсіндіріледі.
3.Тірек-сызба арқылы Күн жүйесіндегі ұсақ денелер сипатталады.
Ішкі интеграция.(жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау)
Балалар, сендер бүгін «Жаратылыстану» пәнінен Жердің -күн жүйесіндегі орны жайлы кеңінен түсінік алдыңыздар!
Күн әрдайым нұрын айналасына шексіз шашып тұрады.Сондықтан да планеталар бүкіләлемдік тартылыс заңына байланысты Күнді айнала қозғалатындығын білдіңіздер.
Ендеше сіздерге мынандай сұрақ:
Риясыз сүйіспеншілігі басым адамдар айналасына Күн сияқты нұрын шашып отырады ма? (1-2 оқушы жауаптары тыңдалады)
Иә балалар дұрыс айтасыздар!
Сүйіспеншілік - ол айналаны өзгертуге қабілетті,күшті қуат.Бұл қуат - жасампаз және өмірдің тірегі. Сүйіспеншілік қуаты - адам өмірінің барлық сферасына ғажайып ықпал етеді.Сүіспеншілік қуаты мол адамдардың жүректері таза,сүйіспеншілікке толы шыншыл, ақылы нұрлы,байсалды болады. Олардың әрекеттері дұрыс,сөздері тура болады,жүректері мейірімділіктен елжірейді,күнәдан аулақ жүреді, барлығынан айырылса да мұңға батпайды,олардың мақтауына масаттанбайды, біреуді мақтағанды ұнатады.
Жер бәрімізге ортақ, барлық адамзатқа қалтқысыз қызмет етеді. Абсолют жалпы адамзаттық құндылықтар барлық тіршіліктің өзегімен өткен, барлық адамдар үшін ортақ.Олар бөлінбейді және өзара байланысты,уақытпен шектелмейді,өзара тәуелді және бір-біріне етене еніп,адам руханияты мен мәдениетінің бірыңғай негізін құрайды.
Яғни Күн мен Жер бір-бірімен бүкіләлемдік тартылыс заңы бойынша тартылады және өзара байланыста болады.Осыған байланысты адамдар да риясыз сүйіспеншілігінің арқасында бір-бірімен татулықта, бірлікте өмір сүреді.
Сонымен сіздерге тағы бір сұрақ:
Күннің әлемге өз нұрын шашуы неге ұқсайды?
(оқушы жауаптары тыңдалады)
Күн бүкіл әлемге риясыз нұрын шашып тұрса Жер Ана бусана түсіп,тіршілікке нәр беріп,анамыздай қамқорлық танытады.Адамдар жомарттықты Жер Анадан үйренеді.Біз қаншалықты жер бетінен қажетімізді алып жатсақ та, Жер Ана өзінің риясыз қызметін жасауда. Ал біз Жер Анаға жанашырлықпен қарап, орынды пайдалануымыз керек.
Адам Жер Анаға мейірімділікпен, риясыз сүйіспеншілікпен,қамқорлықпен қарап,үйлесімділік сақтағанда адамзат баласы үшін Жер Ана кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады.
IV Қорытындылау, бағалау.
V. Үйге тапсырма: Жердің-Күн жүйесіндегі орны.