7


АҚШ мемлекеті 11 кл

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

11 класс

Тақырыбы: Америка Құрама Штаттары

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Америка Құрама Штаттарының экономикалық-географиялық жағдайына сипаттама беру. Мемлекет тарихына және геосаяси жағдайына тоқталу

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, Дүние жүзінің саяси

картасы, кесін карталар, атластар жинағы,қосымша мәліметтер

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ-жауап, сарамандық.

Сабақты ұйымдастыру

Ой тастау

Оқушылар, бәріміздің осы өмірде үлкен армандарымыз бар. Міне енді аз ғана уақыттан кейін барлығыңыз алтын ұя мектептеріңізден ұшқалы отырсыздар. Қане армандап көріңіздерші егер мүмкіндік болса, шет елдердің қандай дамыған елдерінде оқып, жұмыс жасағыларыңыз келеді? Және неліктен ол елді таңдадыңыз?

Иә дұрыс айтасыздар, барлығыңыздың да армандарыңыз ұшан -теңіз, қай- қайсыңызда экономикалық тұрғыдан дамыған, әлеуметтік деңгейі жоғары елдерде оқығыларыңыз, жұмыс жасағыларыңыз келеді. Бұл сіздердің талғамдарыңыздың жоғыры екендігін көрсетеді. Себебі әр елдің өзіндік ерешелігі бар екені рас. Олай болса, бүгінгі өтетін еліміздің де сіздердің таңдауларыңызға тұрарлықтай мемлекет екенін айта өткім келеді.

Не білеміз кезеңі. (Ой шақыру)

Ассосация құру















/АҚШ туралы не білетінімізді жазайық/

Жаңа сабақ түсіндіру

Не білгіміз келеді кезеңі. (Ой дамыту)

Америка Құрама Штаттары

  • Жерінің ауданы-9 млн.363 мың км²

  • Халқы-290 млн.адам

  • Астанасы-Вашингтон

  • Мемлекеттік құрылымы-федерациялық республика

  • Мемлекет басшысы-президент

  • Заң шығарушы органы-конгресс

  • Мемлекеттік тілі-ағылшын тілі

  • Ұлттық валютасы-амарика доллары

  • Әкімшілік-аумақтық бірлігі-штаттар және федералдық округ

Америка Құрама Штаттары-дүние жүзіндегі аса ірі мемлекеттердің бірі. Ол жерінің ауданы жөнінен Ресей, Канада, Қытайдан кейінгі төртінші орын алады. Мемлекеттік құрылымы жөнінен АҚШ 50 штаттан тұрады. Колумбия федералды округінен тұратын федералдық республика болып табылады. АҚШ республикасын президент басқарады, ол 4 жыл мерзімге сайланады.

Экономикалық -географиялық жағдайы.

АҚШ аумағының негізгі бөлігі Солтүстік Америка материгінде орналасқан, сондай-ақ Тынық мұхиттағы Гавай аралдары да елдің құрамдас бөлігі болып табылады.Елдің қолайлы деп бағаланатын экономикалық-географиялық жағдайының басты ерекшеліктері мынадай:

  • АҚШ құрамына кіретін Гавай және Аляска штаттары елдің басқа бөліктерімен құрлық арқылы шектеспейді;бұл ел аумағында біртұтас көлік жүйесін қалыптастыруға кедергі келтіріп,әлеуметтік-экономикалық айырмашылықтарға себепші болады.

  • Елдің шығысында Атлант,батысында Тынық мұхит сулары ұласып жатыр;бұл жағдай АҚШ-тың халықаралық экономикалық қатынастарын дамытуына өте қолайлы әсер етіп, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

  • АҚШ өндірісін алуан түрлі шикізатпен және арзан еңбек ресурстарымен қамтамасыз етіп,өз кезегінде дайын тауарларды сатып алатын Латын Америкасы елдерінің салыстырмалы түрде жақын орналасуы ел экономикасының үздіксіз дамуына себепші болады.

  • АҚШ-тың көршілес орналасқан Канадамен және Мексикамен құрлықтық шекаралары шартты түрде өзен-көлдер, таулы аймақтар арқылы өтуі елдер арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың дамуына қолайлы жағдай жасайды.

Мемлекет тарихы.

Сен білесің бе? Қосымша деректерге шолу.



Жаңа сабақты бекіту

Не білдік кезеңі (ой толғау)

Жұптық жұмыс . «Дамино» ойыны(оқушылар сыңарын табу арқылы жұптасады)

Корея-.......(Сеул) Италия-.....-(Рим)

Қытай-.......(Пекин) Ұлыбритания-.....(Лондон)

Түркия-.......(Анкара) Франция-......(Париж)

Үндістан-......(Дели) Германия-.......(Берлин)

Жапония-......(Токио)

Жұптық жұмыс тапсырмалары: І



1. Кестемен жұмыс (кеспе қағазбен жұмыс)1.

2.

3.

4.





2.Сызбаны толтыр (компьютермен жұмыс)

3.Қалып қойған сөйлемдердің орнын толтыр. (дәптермен жұмыс)

1.АҚШ аумағының негізгі бөлігі...........(Солтүстік Америка) материгінде орналасқан, сондай-ақ Тынық мұхиттағы .......(Гавай) аралдары да құрамдас бөлігі болып табылады.

2.Елдің шығысында ......(Атлант), батысында .......(Тынық) мұхит сулары ұласып жатыр.

3.АҚШ республикасын ......(президент) басқарады, ол .....(4) жыл мерзімге сайланады.



4. Сандарды сөйлет. (оқулықпен жұмыс)

13 ; 50; 290; 9 млн363мың; 1790;



5.Мылқау картамен жұмыс.

АҚШ-ты кесін картаға түсір(интерактивті тақтада жұмыс)



6.Тест жұмысы

1.АҚШ жерінің ауданы жөнінен нешінші орын алады?

А. 1 Ә.2

Б.4 В.6

2.АҚШ-тың ең алғақы президенті кім?

А.Джордж Буш Б.Джеймс Мэдисон

Ә.Франклин Рузвельт В.Джордж Вашингтон

3.АҚШ туындағы 13 қызыл және ақ жолақтар нені білдіреді?

А.Елдерін білдіреді Б. Шекарасын білдіреді

Ә. Алғашқы штаттар санын білдіреді В.Президенттер санын білдіреді



7. Суреттеу жұмысы

Бір бет параққа АҚШ туын бейнелеу



8. Атласпен жұмыс.

АҚШ-тың пайдалы қазба қорларын анықтау.



9.Семантикалық картамен жұмыс

Сергіту сәті.

Интерактивті тақтадан «Ұқсатып, танып білейік» атпен жасырын сурет жұмбақты шешелік

1.Әйгілі орыс жазушысы А.С.Пушкин бейнесіндегі ел?

2.Орамалды әйел ана бейнесінде қандай елдер бейнеленген?

3. Көңіл күйі жоқ адамның бейнесінде қандай материк бейнеленген?



Тапсырма-ІІ



1.«Миға шабуыл» атласпен жұмыс.

Атластан мұнай, тас көмір, полиметалл, темір кендері өндірілетін аудандарды тауып, дәптерге жазу.

2. Оқулықпен жұмыс.

19-суретті пайдаланып, өз беттеріңмен АҚШ -тың қалыптасу тарихына қысқаша сипаттама беріңдер.



Үйге тапсырма:

Не білуіміз керек кезеңі.



Тақырып-35, «АҚШ қалалары» туралы эссе дайындау.



Бағалау: Рейтингілік жүйесі арқылы бағалау

Қорытындылау.

Рефлексия. «Идеялар себеті»





















 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал