7


  • Учителю
  • ХХІ ғасыр көшбасшысы. Интелектуалды ойыны. 10-11 Сынып

ХХІ ғасыр көшбасшысы. Интелектуалды ойыны. 10-11 Сынып

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Мектептегі сыныптан тыс жұмысым "ХХІ ғасыр көшбасшысы" интеллектуалды ойынын ұсынып отырмын. 10-11 сынып оқушылары аралығында өткізген сайыс болатын. Осы жұмысымды басқа да әріптестерім қажетіне жаратар деп ойлаймын. Бірінші бәйге бөлімінде тест сұрақтары құрастырылды.
предварительный просмотр материала

Қ.Нұрмаханов атындағы №95 орта мектебі

ХХІ

ғасыр көшбасшысы



Интеллектуалды

ойын

10-11 сыныптар

Пән мұғалімі: Ә.Кеулімжай

2014-2015 оқу жылы.

«ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойыны

(Сыныптан тыс жұмыс)

Күні: 11 желтоқсан 2014жыл

Сыныбы: 10-11 сыныптар

Пән мұғалімі: Ә.Кеулімжай

Сайыстың мақсаты: Мектептегі жоғарғы сынып оқушыларының жан-жақты ізденісін,шығармашылық қабілеттерін шыңдау,ҰБТ-ке дайындығын нығайту.

Міндеттері: а) Отансүйгіштікке,елінің тарихын білуге тәрбиелеу,жан-жақты шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, ғылыми-негіздегі пәндерді игеруге қызығушылығын арттыру;

б)Рухани адамгершілігі мол азамат болып өсуге талпындыру, білімге,ізденуге ұмтылысын дамыту.

в) Шапшаңдыққа, ойын тиянақты жинақтауға дағдыландыру, бірін-бірі сыйлауға, тыңдауға үйренеді.

Күтілетін нәтиже: Пәндер бойынша білімдері молайып, оқушылар жан-жақты ізденеді, ізденімпаздық әлеуеті артады.

«Білекке сенер заманда ешкімге есе бермедік, білікке сенер заманда қапы қалып жүрмейік»-деп данагөй көшбасшы Абылай хан атап өткендей, бабаларымыздың қанымен, жанымен қорғаған ұлан-байтақ жерінде орын тепкен Тәуелсіз Қазақстан бүгінде қарыштап даму кезеңін басынан өткеруде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында болады»,-деді. Сондықтан еліміздегі жас жеткіншектеріміздің алдында алған білімдерін қажетінше керегіне жарата алатын, бәсекеге қабілетті, ел тізгінін ұстар келешегі кемел де жарқын Қазақстанның азаматтары болу міндеті тұр. Олай болса, бүгінгі сайыс барысында мектебіміздің алдыңғы қатардан көрініп жүрген білімді шәкірттеріміздің білім додасында бақ сынасқан сәттерін тамашалайтын боламыз.

Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,

Ренжімей тараса, озбағандар жарады.

Жарыс заңы ежелден-жеңімпазды анықтау,

Озат болу шарты сол-еңбектену,жалықпау,-

Ендеше ортамызға ерінбей еңбектеніп, үнемі ізденіс үстінде жүретін алғыр да талапшыл оқушыларымызды шақырайық!

Биылғы мектеп бітіруші түлегіміз,11-сынып оқушылары: Романова Асылзат, Қани Арман, Меңдуақас Айтолқын, Төлепберген Ләззат.

10-сынып оқушылары: Дайрабай Лаура, Әшірбек Дәулет, Жандос Аймереке, Бүркіт Сұлтанай.

Асыл-тастан, өнер-жастан,

Шығады деп дарынды.

Халық айтса-қалт айтпайды,

Әрқашанда нанымды,

-дей келе сайысымызды бағалайтын әділқазылар алқасымен танысыңыздар:

1.

2.

3.

4.

5.

Білім деген биік шың,бақытқа сені жеткізер,

Білім деген ақылшың,қиындықтан өткізер,-деп сайысымыздың алғашқы шарты «БӘЙГЕ» кезеңін бастаймыз.Шарты:

1.Мұнда барлық сайыскерлерге ортақ мектеп бағдарламасынан және бағдарламадан тыс 11 сұрақ беріледі

2. Әр сұрақтың 3 жауап нұсқасы бар.

3. 5 секунд ішінде қойылған сұрақтың жауабын бұрын қол көтерген оқушы айтады.

4."Бәйгенің" сұрақтары оқылып болғаннан кейін сайыскерлердің ұпайлары есептелінеді.

5. "Бәйге" айналымда аз ұпай жинаған үш оқушы ойыннан шығады.

Сайыскерлерге сәттілік тілейміз!


1. Ең ұзын хорда

А) диаметр в) радиус с) кесінді

2.Көбейтінді қай уақытта 0-ге тең болады ?

А)1 в)0 с)-1

3.Іле Алатауының етегінде орналасқан қала ?

а)Алматы в) Қызылорда с)Шымкент

4. «Қар ханымы»авторы кім?

А)Герберт Уэльс в)Андерсен С)Жюль Вернн

5. Хамелеон мекендейтін жалғыз арал?

А) Мадагаскар в) Гренландия С)Ява

6. Қазақтар қандай дала өсімдігінің иісін отанымыздың символы санаған?

А) Қызғалдақ в) Раушан С) Жусан

7. Сақтарды «Азиялық скиф»деп атаған кімдер?

А) Парсылар в) Гректер С) Ирандықтар

8. Қан тоқтатанын элемент

А) магний в)маргнец с)иод

9. Картоптың отаны

а) Солт. Америка с)Еуразия в) Оңтүстік Америка

10. Қазақтың тұңғыш профессоры

а) С Асфандияров в)Қ Сәтбаев с) Ы Алтынсарин

11. Аспан денелеріне аты берілген қазақтың ғалымы :

а) Ы. Алтынсарин в) Қ. Сәтбаев с) З. Қабдолов

Әділқазылардың шешімі бойынша сайыскерлердің ішінен ең аз ұпай жинаған үш ойыншымен ойынды тоқтатамыз.


«Білекті-бірді жығар, білімді-мыңды жығар» деп дана халқымыз айтқандай, қай кезеңде де білімдінің өрісі кең екені даусыз.

Сайысымыздың келесі бөлімі: «ДОДА» кезеңінің шарттарымен таныс болыңыздар:

1.Бұл сайыста 5 ойыншыға мына экрандағы 11 тақырыпты таңдау ұсынылады.

2. Ойыншылар кезегімен екі тақырыптан таңдайды.

3. Алғашқы алты тақырып ашылып болған соң сараптама жүргізіледі.

4.Бұл айналымда алдыңғы айналымда жинаған ұпайларыңыз толығымен сақталады.

5. 12 тақырып ашылып болғаннан кейін ұпайы көп 3 ойыншы келесі кезеңге жолдама алады.


1.Үстеудің неше түрі бар ? (7)

2.Табыс септігіндегі толықтауыш қандай толықтауыш болып табылады? (Тура толықтауыш)

3.Орфография қай елдің сөзі? (Грек)

4.Атқаратын қызметі мен сұрақтары бірдей мүшелер? (Біріңғай мүшелер)

5.Белгілі бір аймақта қолданылатын сөз? (Диалект)

6. «Үлкен» сөзі заттың қандай сынын білдіреді ?(Көлемін)

7. Шөжеде қандай мін болды?(Соқыр, бір атасы қырғыз)

8. «Алпамыс батыр» жырындағы Гүлбаршынды зорлықпен алмақ болған батыр? (Қараман)

9. Қазақ әдебиетіндегі алғашқы роман (М.Дулатов «Бақытсыз Жамал)

10. Жәңгір ханның немересі ,әдебиет өкілі (Ш.Бөкеев)

11. 30 градусқа қарсы жатқан катет неге тең?( Гипетенузаның жартысына тең)

12. Дискриминанттың формуласы қандай? (D=b2-4ac)

13. У=Х2функциясының графигі қалай аталады ?(Парабола)

14. Сағаттың 60/1 бөлігі (Минут)

15. 2 қатынастың теңдігі (Прапорция)

16. Сколько в русском языке падежей? (6)

17. Как называется слово или сочетание слов ,называющее лицо,к которому обращена речь?

(Обращение)

18. И шоколадка и планета (Марс)

19. Что находится между небом и землей?(Союз и)

20. Какие слова употребляются в речи для выражения различных чувств: восторга, удивления,страха?(Междометие)

21. What is the capital of USA?( Washington )

22. What color іs the flag of KZ (blue)

23. How many states of USA?)50)

24. What is the English for «Тәуелсіз» (independence)

25. What is the Kazakh for «signature»?(подпись)

26. Құрамында болатын бояғыш заттардың түсіне қарай 3-ке бөлінетін денешіктер?( Пластидтер)

27. 1892 ж темекі теңбілі вирусын алғаш ашқан орыс биологы?( Д Ивановский)

28. Сүйекті ,шеміршекті ,майды ,сіңірді , қан сұйықтығын түзетін ұлпа ? (дәнекер )

29. Бауырмен жорғалаушыларды зерттейтін зоология ғылымының саласы (Герпетология)

30. Тимус безі орналасады ?( кеуде бөлімінде )

31. 1822 жылы қабылданған «Сібір қазақтарының жарғысының» авторы (Сперанский)

32. Қожа Ахмет Иассауй кесенесіндегі тайқазан қай қалада соғылған ?(Қарнақ)

33. «Жеті жарғы» заңы бойынша хандық кеңеске кімдер жіберілмеді ?(Қарусыз келген адам)

34. 14 ғасырда мұсылман дініне кіріп, басына шалма тақпағандарға қатаң жаза қолданған хан?

( Тоғылық -Темір)

35. Шыңғыс ханның үлкен ұлына соғылған кесене атауы(Жошы хан)

36. Футболдан әлемнің 5 дүркін чемпионы атанған командасы?(Бразилия)

37. 2000 жылы жазғы олимпиада қайда болды ?(Сидней)

38. Спортшыларымыз Лондонда өткен олимпиадада неше медальға ие болды ?(13)

39. Шахмат ойыны неше жыл бұрын пайда болды ? (1500 жыл)

40. Пьер Де Кубертен. Бұл адам туралы не айта аласың? (Барон,француз ақсүйегі-қазіргі заманғы Олимпиада ойындарының негізін қалаушы . Ол ежелгі дәстүрді қайта жаңғырту үшін 3 жыл уақытын аямады, нәтижесінде 1896 жылы дегеніне жетті )

41. Солтүстік жарты шардағы ең ұзақ түн?(22 желтоқсан)

42. Қазақстанның аласа тауларын ата(Мұғалжар,Сарыарқа,Маңғыстау таулары )

43. Қалыпты атмосфералық қысым?( 760 мм)

44. Температурасы бірдей нүктені қосатын сызықтар ?( Изотерма )

45. 0 градус ендік, 0 градус бойлықта орналасқан объект (Атлант мұхиты)

46. Зат құрамынан тұрақтылық заңын ашқан ғалым? (Пруст)

47. Молекула деген корпускула ,ал атом -элемент деп есептеген ғалым.( Ломоносов)

48. Бір элемент атомдарынан тұратын заттар(Жай заттар)

49. Кез келген заттың бір молінде қанша бөлшек болады ?Бұл қандай сан?( Авагадро саны 6,02*1023)

50. Элемент атомның , басқа элемент атомының белгілі санын қосып алу қасиеті (Валенттілік)


Әділқазылардың шешімі бойынша сайыскерлердің ішінен ең көп ұпай жинаған үш ойыншымен ойынды ары қарай жалғасиырамыз.


Сайысымыздың келесі бөлімі: «ЖОРҒА» кезеңінің шарттарымен таныс болыңыздар:

1.Ойыншыларға экранда көрсетілген 4 тақырыпты таңдау ұсынылады.

2. Әр тақырып 10,20,30,40,50 санды ұяшықтарға бөлінген.

3. Ұяшықтағы сұраққа жауап берсе ойыншы сол ұяшыққа тиесілі ұпайды иеленеді.

4. Ұяшықтағы ұпай көбейген сайын сұрақ та күрделене түседі.



«Салт-дәстүр», «Өнер», «Тұлғалар», «Еркін тақырып» деген тақырыптар бойынша таңдау жасалады

«Салт-дәстүр» сұрақтары:

10. Айтыстың ең көне түрі (Бәдік)

20. Сәукелені желегімен кім, қай уақытта киген ?(Жаңа түскен келін)

30. «Өмілдірік» деген не ?(Ер-тұрман әбзелі)

40.Үш қуатты ата (Ақыл, жүрек, тіл)

50. «Шыралғы» деген не?(Бұрынғы аңшылар ұзын арқан ұшына қоянды немесе түлкіні

байлап сүйрететін болған. Сол сүйретпені « шыралғы» деп атаған.)

«Өнер» сұрақтары:


10. «Фигароның үйлену тойы», «Сиқырлы сыбызғы» Операсының авторы , 36 жасқа жетпей қайтыс болған атақты неміс композиторы . (Амадей Моцарт)

20. Артына 7 мың беттен асатын қолжазба мен қалың дәптер қалдырған. Оның жазбаларының арасынан «Құс боп ұшатын аппараттар, сүңгуір қайықтар,өзі мата тоқитын станок, вертолет сызбалары » ұшырасты. Арада 100 жыл өткен соң әлгі заттардың бәрі жаңадан ойлап табылды. Оның ойын іске асыруға сол кездегі мешеу техника мүмкіндік бермеді. Оның есесіне суреттерінің тағдыры бақытты болды.Кәзір оның суреттерін қарауға сағаттар бойына кезекте тұрады ? (Леонардо До Винчи)

30. «Қыз Жібек » фильмінің қоюшы режисері (С Қожықов)

40. Қазақстанның атын әлемге паш еткен музыкалық топ. (Ұлытау)

50. "Одиссея " поэмасының авторы (Гомер)

«Тұлғалар» сұрақтары:

10. Қазақтың тұңғыш саяхатшысы (Ш.Уәлиханов)

20. Қазақта тұңғыш генерал атағын алған және мектеп ашқан кім?( Жәңгір Бөкейханұлы )

30. Сүйінбайдың ізін жалғастырушы, шәкірті болған ақын. (Жамбыл)

40. Қазақ әліппесін жасаған және алғаш оқу құралын жазған кім?( Ахмет Байтұрсынұлы )

50. Миллион " ұғымын алғаш қазақ жеріне таратқан ғалым? (Әл-Фараби)

«Еркін тақырып» сұрақтары:

10. Жапониядағы ең биік тау шыңы.Жапондықтар қасиетті тау деп есептейді.Таудың атын ата,қай аралда орналасқан?(Фудзияма.Хонсю аралында орналасқан.)

20. Робин Гуд мекендеген арал (Шервуд)

30. Қай жерден бұзылмай сақталған жирен аттың денесі табылған?(Шығыс ҚазақстандағыСақ қорғанынан)

40. Алтын адамның үстіндегі және қасындағы заттардағы пластинкалардың саны қанша?(4 мыңнан астам)

50. Биыл Ұлы жеңіске неше жыл?(69 жыл)


Мәтіндік және сызбалық ақпаратты бейнелейтін құрылғы қалай аталады?(Монитор)

Мәтіндік және сызбалық ақпараттың сандық көшірмесін әзірлейтін құрылғы?(Мәтіналғы)

Әріптік және сандық ақпаратты енгізу құрылғысы?(Пернетақта)

Адам мен компьютер арасындағы байланыс қалай аталады?(Интерфейс)

Компьютердің жұмыс істеуі үшін кемінде 3 құрылғы болса болғаны, олар қалай аталады?(Монитор,Пернетақта,Жүйелік қорап)



Міне, біз «мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік» шыққан озық ойлы оқушыларымызды да анықтайтын кезге жеттік. Ендігі сөз кезегін әділқазыларға берейік.(Жеңімпаздарды анықтайды)



Осымен, «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды сайысымыз өз мәресіне жетті. Жеңімпаз оқушыларымызды ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Алдағы уақыттарда да тек қана жеңістерге жете берулеріңізге тілектеспіз!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал