- Учителю
- География на тему 'Ауа температурасы. Атмосфералық қысым. ' (6 класс)
География на тему 'Ауа температурасы. Атмосфералық қысым. ' (6 класс)
Ахметкалиев Нуржан Нигметоллаевич
География пәні мұғалімі
«№ 3жалпы орта білім беретін мектеп-кешені » КММ, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы.
6 сынып
Ауа температурасы. Атмосфералық қысым.
Сабақтың мақсаты:
Жердегі жылудың негізгі көзі Күн екендігін және Жер бетінің жылынуына Күн сәулесінің түсу бұрышының әсерінің шешуші роль атқаратындығын түсіндіру. Күннің көк жиектен биіктігі мен температура арасындағы байланысты көрсету. Оқушыларға орташа тәуліктік, айлық, жылдық температураларды (ауа райы күнделігінен) ескертулерді үйрету. Атмосфералық қысым туралы түсінікті және оның өзгеру заңдылығынг қалыптастыру. Аьмосфералық қысымның жоғарылаған сайын өзгеретін нақтылы есептеуді үйрету.
ҚайталауАрифметикалық курсынан орташа арифметикалық есептеулер ережесін еске түсіру. Жаратылыстанудан «Күн - жарық пен жылу көзі» жауабын еске түсіру. Жаратылыстану пәнінен өткендерінен ауаның салмағын, қысымын, олардың жоғарылағанда, биіктегенде қалай өзгеретіндігін еске түсіру.
Көрнекілік:
Дала термометрі (ортасы қызып тұратын, температуралар шкаласы бар (+-) картоннан жасалған термометр) . Интерактивті тақтаға термометр құрылысын: температураны көрсететін сынаптың қалай жылжитындығын көрсететін термометр сызба. Барометр - анероид, альтиметр. «Метеорологиялық алаң» - сызбасы. Температура өлшейтін термометр және барометр -анероид орналасқан будка үйшіктің күрке бейнесін, одан қалай қарау керек екендігін көрсететін компьютермен жасалған бейне сюжеті. Ауа температурасының жылдың графигі қысымның өзгеруін көрсететін - сызба.
Сабақ барысы
IҰйымдастыру
II Ұй тапсырмасын сұрау
Білім тексеруге арналған тапсырмалар
-
Атмосфера дегеніміз не?
-
Атмосферақұрамындағы газдар туралы айту. (Үйдегі сурет схеманы пайдалану)
-
Атмосфераның маңызы қандай?
-
Атмосфераны зерттеу әдістері жайлы айту.
-
Тропосфера мен стросфераны салыстырып, оның айырмашылықтарын атау. (3 айырмашылықтан кем болмасын)
Шеберлігін анықтайтын тапсырма
-
10500 м биіктікте ұшып бара жатқан ұшақтың борт сыртындағы температурасы қандай болар еді, егер жер бетіндегі температура +20˚С болса, (10,5*6˚=63˚-20˚= -43˚)
Таудың ұшар басында қар жатар ма еді?
а) Килиманджара тауы (биіктігі 5895 м), егер етегіндегі ауа температурасы +25˚ болса (иә 5895*6 = 35,4˚-25˚=-10,4˚)
б) Косцюшка тауы - Үлкен СУ айрық жотасының ең биік тауы. (биіктігі 2228м). Егер етегіндегі ауа температурасы жазда +23˚ +25˚С, ал қыстағы температурасы -17˚С болса (жоқ (23+25)/2= 24˚ 2228*6˚=13,4˚ 24˚-13,4= +10,6˚ 17˚-13,4˚= +3,6˚)
Жаңа сабақ
-
Сонымен құрметті әріптестер, сіздерді Атмосфера аралында тағы да қарсы аламыз. Біз жаңа ғана өткен сабақта қарсытрған жағдайларды қайталап шықтық. Бүгін біз ауаның температурасы жайлы айтамыз.
-
Өздерің бұрыннан білесіңдер, ауаның температурасын қандай аспаппен анықтаушы едік? (Термометр)
-
Кәне, кім термометрдің құрылысын айтып береді. (Барлық оқушылардың өздерінің қолдан жасаған термометрлерін шығарады. Экранға термометрдің сызба -суреті шығады. Қалай жұмыс істейтіндігін сынаптың қозғалысымен көрсетеді. Мүмкін оқушылар үйлерінен дала термометрін ала келулерінеде мүмкін) ( Термометр капилляр түтікшеден тұрады, ол термометр қабырғасына бекітілген. Ал түтікше боялған сынаппен толтырылған. Түтікшенің ішіндегі қаңылтыр таяқшаға сандар жазылған шкала-көрсеткіші бейнеленген.)
-
Ойлап көріңдерші, бір ауданда немесе бір көшеде тұратын оқушының термометрі +20˚С көрсетсе, екінші көшедегі оқушының термометрі +18˚С көрсетіп тұрады. Себебі? (оқушылар өз тұжырымдарын, ойларын, мағлұматтарын айтады, ең негізгісі бір оқушының терезесі солтүстікке, екіншісінікі оңтүстікке қарап тұратындығында).
-
Метерологиялық станцияларда ауаның температурасын термомертдің көмегімен жерден 2м биіктікте орналаскан үйшікте анықтайды. (Экранға метеорологиялық будка-үйшік шығады, есігі ашылып термометр көрінуге тиісті, оқушы будкаға шығып қайта түседі, компьютермен жасалған).
-
Кім байқады, метеорологиялық станцияларда ауа температурасын өлшеу ерекшелігі қандай екен? (2м биіктікте орналасқан арнаулы үйшікте-күркеде анықтайды).
-
Не себептен? Оның жауабын оқулықтың 82бет. §29 тауып, айтып беріңдер.
Оқушылар күн сәулесінің ең бірінші жер бетін қыздыратындығын, содан кейін ауаны қыздыратындығын айтады, сондықтан қорап 2м биіктікте тұрады, ал термометрдің өзі күрке қабырғаларымен қорғалып тұратындықтан, термометр қатесіз ауа температурасын көрсетеді, олай болмаған жағдайда термометр өзі өлшеген температураны көрсетер еді. Мұғалім «Ауаның жылынуы» сызбасын сызуға ұсыныс жасайды
күн көзі жер бетінің t˚-сыауа t˚-сы (бір оқушы тақтаға сызып береді)
-
Өз сызбаларыңда пайдалана отырып, ауа температурасының тәуліктің қай уақытында жоғары, қай уақытында төмен болатынын анықтандар. (Ең жоғарғы температура түстен кейін, өйткені ең бірінші жер беті жылынады, одан кейін жер бетінің жылуы ауаға беріледі. Ал дәл тал түсте жер өз жылуын әлі бермейді, себебі өзі жылынады. Ең төменгі температура таң атарда болады. Бұл кезде жерде ауа да суынады, ал күн әлі шықпағандықтан жер жылынбайды.)
-
Не себептен сәуір қазаннан немесе наурыз қарашадан суығырақ болады? Бұл айлар ең жылы шілде айынан бірдей қашықтықта ғой? (Мамырда жер беті жақсы жылынады, ал қыркүйекте суиды да және жылуын ауаға береді)
-
Ең жоғарғы және ең төменгі температураның айырмасы амплитуда -деп аталады, ол мынадай формуламен анықталады.....
Жақсы білетін оқушылар формуланы өз бетімен жаза бастайды, ал қалғандарына формуланы жазып, дәптерлеріне көшіріп алуларына ұсыныс жасайды
А-Аамплитуда
-ең жоғарғы температура
-ең төменгі температура
Ауа райы күнделігі бойынша кез-келген айдың ең жоғарғы және ең төменгі температураларының айырмасы табылады. Мысалы: ең жоғарғы t˚+зо˚, ең төменгі +20˚ (30˚-20˚ ) А10˚с немесе ең жоғарғы t˚+10˚, ең төменгі t˚-10˚ А(10˚-(10˚)с
Енді алдарыңыздағы қолдан жасалған термометрлеріңмен амплитуданы анықтаңдар. Көрші отырған екі оқушы бірі термометр жібін қозғалтып +5˚,ал екінші оқушы -5˚. Енді екеуінің айырмасын айтыңдар. (5˚-(-5˚) Амплитуданы (+),(-) таңбалары болмайды.
-
Енді тәуліктік орташа температураны қалай анықтаймыз? Оқушылар орташа арифметикалық санды жабу әдісімен анықтайды. Егер сағат 14˚˚ температура +14˚ болса, кешкі 6˚˚-да +7˚олай болса
-
Орташа айлық температураны табу үшін барлық күндегі орташа температураларды қосып 30 немесе 31 күнге бөлеміз
= Орташа айлық температура (ОАt)
- орташа тәуліктік температура
дық ? = ОЖt
(Экранға жылдық графигі шығады. Мұғалім түсіндіріп өтеді.) Кәне енді ауа райының тағы бір эд\лементіне көңіл аударайық. Италиялық ғалым Эванджелиста Торричелли 1643 жылы аспап ойлап табады. Ол құрал шыныдан жасалған тостағанша беті жабылған әрі сынаппен толтырылған. Оның үстіне жоғары жағы жабылған, дәнекерленген шыны түтікше орналастырады. Шыны түтікшеге де сынап толтырады да оны төңкереді. Сол кезде түтікшедегі сынаптың белгілі бір мөлшері тостағанға төгіледі де тоқтап қалады. Одан әрі сынап деңгейі өзгермейді. (Сынап құйылған түтікшеге сандар (0-1000 дейін ) жазып белгіленеді) (Экранға ауа қысымының өзгерістерін көрсететін сызба шығады.)
Торрегели барометрі
-
Сынаптың тоқтап қалған деңгейі А нүктесі болатын.
-
Ғалым В нүктесіне көтерілгенде, сынап деңгейі одан әрі төмендейді, ол С нүктесіне жеткенде қайта көтеріледі. Д нүктесіне жеткенде түтікшедегі сынап тіпті төмен түсіп тостаған ыдысқа құйылады.
-
Бұдан қандй сұрақ туындайды? (не себептен түтікшедегі сынап бағанасы биіктікке байланысты өзгереді?)
-
Торричелли бұны қалай түсіндіреді? (Оқушылар өз ойларын айтады) Егер оқушылар дұрыс жауап бере алмаса, онда мұғалім көмектеседі. Ауаның салмағы бар. Егер оқушылар бұдан әріде жауап бере алмай жатса, онда мұғалім жағы көмекші сөйлемді келтіреді.
-
Әр түрлі нүктелердегі атмосфераның қалыңдығына көңіл аударыңдаршы, және ауаның салмағы бар екенін ұмытпаңдар. (С нүктесінінің үстіндегі ауаның мөлшері көк, сондықтан ол сынапты қысады да, сынап жоғары көтеріледі, ал Д нүктесіндегі ауа қабаты жұқа, аз күш түсіреді. Сондықтан ол ыдысқа төгіледі.)
-
Дұрыс айтасыңдар. торричеллиде солай түсіндірген. Шыны түтікшенің биіктігі 1 м, ол 1000 бөлікке бөлінген, ал онцң 1 бөлігі қанша болады? (1мм)
-
сондықтан А нүктесінде -760 мм,В нүктьесіне -470мм, С -780 мм, Д нүктесінде -710 мм болған.
-
Оқулықтан тауып (77 бет ең соңғы абзац) оқып мынадай сұраққа жауап беріңдер. Қандай қысымды қалыпты жағдайдағы қысым деп- атайды? (Жре бетіндегі 45 ендікетегі теңіз деңгейінен есептеоген қысым 760 мм сынап бағанасы - қалыпты қысым болып есептеледі, ал ауа температурасы 0 болады.)
Тақтаға бірнеше қысым түрлер і жазылады (немесе интерактивті тақтаға шығңалды) 740 мм,730,760,795,780 жоғарғы және төменгі, қалыпты қысымдарды тауып сызбаға жазыңдар.
-
Атмосфералық қысым
Төменгі
730мм,740мм
Қалыпты
760мм
Жоғарғы
780мм,795
-
Алған рет әуе шарныда ұшқандар жоғарылаған сайын демалуды қиындайтынын айтқан. Дәл осындай жағдай биік тауға шыққан кездеде байқалады. Бұл не себептен? (Ауаның тығыздығы азайып,оның молекулалары бір - бірінен алшақтайды)
-
Сонымен жоғарыда ауа қысымы төмендейтін болады. (жаратылыстану курстан естеріңе түсіріңдер) Нақтылы атмосфералық қысым жоғарылаған сайын қалай өзгереді. (Әрбір 10,5 м, көтерілгенде -1мм төмендейді.)
III Есептер шығару.
-
Сендердің тұратын жерлеріңнің теңіз деңгейіене биіктігі 2000м. Сол биіктіктегі атмосфералық қысымды анықтаңлдар.
Ом-760мм 2000м (760-200)=560мм
-
Ұшқыш 2 км биіктікке көтеріледі.Егер жер бетінде 750 мм болса, жоғарыдағы қысым қанша болады? 1)2000/10,5 =194
2) 750-194=556 мм с.б
-
Таудың етегінде 765 мм, төбесінде 720 мм, болса, онда оның биіктігі қанша? 1) 765-720=45 мм с.б 2)45*10,5=427,5 м биіктік.
-
Биіктігі 3,5 болатын таудың басында барометр 720 мм с.б көрсетті . Етегіндегі қысым қандай. 1)3500/10,5=333 2)720+333=1053 мм с.б
-
Шахтаның тереңдігі 200 м, жер бетіндегі ауаның қысымы 752 мм, Шахтаның ішіндегі қысым қандай? 1)200*10,5=19,4 2)752+19,4=771,4мм с.б
-
Шахтаның түбінде барометр 780 мм с.б қысымды көрсетті, жер бетінде осы кезде 760 мм с.б қысым бар еді. Шахтаның тереңдігі қанша? 1) 780-760=20 2) 20*10,5=210м
-
Ең биік үйлердің биіктігі барометрмен анықтауға бола ма?
-
Сынап құйылған барометрді үнемі алып жүру қолайсыз болғандақтан, әрі зиянды болғандаықтан сұйықсыз барометр ойлап тапты. Мұғалім барометр - анероидты көрсетеді. Оқулықтың 78 бет ең төменгі абзацтан барометрдің құрылысын оқуды оқушылардан өтініп сұрау қажет.
-
Сонымен қысымның өзгеруі неге байланысты? (биіктікке байланысты)
-
Тағы да неге байлансты? Атмосффералық қымыс температураға байланысты. Жылы ауа жеңіл, сонджықтан жылы ауаның қысымы, суық ауамен салыстырғанда аз.
IV - Сабақ қорытындысы.
-
Сонымен нені білдік?
-
Өткен бүгінгі тақырып жарыққа байланысты бір-бір сұрақ дайындап сынаптағы кез-келген оқушыға қоюға болады?
Егер 5 сұраққа дұрыс жауап берсе, онда сынып оқушыларының сабақты өте жақсы өткені, егер төрт сұраққа жауап берсе онда жақсы , т.с.с.
Үйге тапсырма: §27,28.