7


  • Учителю
  • Планирования: Поурочный на тему Климат Казахстана

Планирования: Поурочный на тему Климат Казахстана

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның климаты

§20.Климат қалыптастырушы факторлар.Күн радиациясы.

Сабақтың міндеттері

1.Білімділік:Қазақстан климатын таныстыру.Климат құрушы факторлардың маңыздылығымен күн радиациясының климат құрудағы әсері туралы білім беру және климаттық факторладың қалыптасуын түсіндіру.

2.Дамытушылық:Оқушының танымдық қызығушылығын дамыту.Іс-әрекет арқылы белсенділігін дамыта оқыту.

3.Тәрбиелік:Адамгершілік,эстетикалық,экологиялық,қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Жаңа білім беру.

Сабақтың тәсілі:Сын тұрғысынан ойлау,сұрақ-жауап.

Пән аралық байланыс:физика,биология,жаратылыстану.

Көрнекілік құралдары:Интерактивтік тақта,Қазақстанның физикалық картасы,дүниежүзінің физикалық картасы,глобус.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.1.Сәлемдесу.

2.Түгендеу ,тазалықты қадағалау,тексеру.

3.Оқушылардың дайындығын бақылап,назарын(зейінін) сабаққа аудару.

Жаңа сабақ жоспары.

Оқушыларды топқа бөлу

1-топ «Синоптиктер», 2-топ «Жел», 3-топ«Циклон». Әр топтан эксперт сайланады.

1.Қазақстан климатының қалыптасу себептері.

«Миға шабуыл»стратегиясы.

2.Климат қалыптастырушы факторлар.

«Ой шақыру стратегиясы»

3.Күн радиациясы.

«Көп ізденсең,көп білерсің»(шығармашылық ізденісі)

4. Қорытынды

«Біз нені үйрендік»

5.Бағалау.









l.Қазақстан климатының қалыптасу себептері

«Миға шабуыл» стратегиясы

1.Климат дегеніміз не?

2.Климаттың пайда болуы неге байланысты?

3.Себептерге не жатады?

4.Климат пен ауа райының қандай айырмашылығы бар?

5.Климатты қандай факторлар құрайды?

ll Климат қалыптастырушы факторлар.

« Ой шақыру » стратегиясы

Қандай климаттық белдеулерді білесіңдер?

1.Экваторлық Субэкваторлық

2.Тропиктік Субтропиктік

3.Қоңыржай Субарктикалық

4.Арктикалық,Антарктикалық

1.Қайсысы негізгі,қайсысы аралық болып табылады?

2.Қазақстан қай климаттық белдеуде орналасқан?

3.Климаты қандай?

4.Континент дегеніміз не?

5.Шұғыл континетті дегенді қалай түсінесіңдер?









































lll Күн радиациясы.

«Көп ізденсең,көп білерсің»(шығармашылық ізденіс)

1. Радиациясы дегеніміз не?(Сәуле шашу)

2.Күн радиациясы дегеніміз не? (К.Р. Күннен шығатын сәулелі қуат)

3.Күн қуаты немен есептеледі? (Белгілі бір уақытта 1см² жер бетіне түсетін күн қуаты Дж/м²-мен есептеледі.) Энергияны джоуль өлшемімен береді.

4.Тура күн радиациясы дегеніміз не? ( Жер бетіне түсетін күн сәулесінің 20%-ын атмосфера кері шағылыстырады. Қалған бөлігі жер бетіне жетеді.)

5.Шашыранды радиация дегеніміз не? Күн сәулесінің біраз бөлігін атмосферадағы су булары,мұз түйіршіктері,шаң-тозаңдар,бұлттар өздеріне сіңіріп және шашыратып тартады.)

6.Жиынтық радиация дегеніміз не?(Жер бетіне келетін тура және шашыранды радиацияның қосындысы)

7.Жұтылған радиация дегеніміз не? (Жиынтық радиацияның біраз бөлігі жерге топырақ,су,қар жамылғысы арқылы сіңіп жылынады.)

8.Шағылған радиация дегеніміз не? (Күн сәулесінің кері шағылысуы.)

Рж=Рт+Рш

Бірдей ендікте орналасқан Қостанай және Мәскеу қалаларында не себептен күн сәулесінің тісу ұзақтығы әр түрлі?

Бірдей ендікте жатқан Алматы және Владивосток қалаларында жылдық жиынтық радиациясының мөлшері не себептен әр түрлі екенін түсіндіріңдер.

Жиынтық күн радиациясының келуі қандай Факторларға байланысты болатынын атап шығындар.

Жер беті жұтатын радиация мөлшеріне ықпал ететін негізгі факторларды атаңдар.

lV Біз нені үйрендік?

Тест

V Бағалау.





























Тест

1.Қазақстан жері қоңыржай климаттық белдеуінде... орналасқан.

А. Оңтүстіе С.Шығысында Е. Орталығында В. Солтүстік Д.Батысында

2.Қазақстанның климатының типі.

А.Қоңыржай теңіздік В.Шұғыл континентті С.Қоңыржай континенттік Д.Континентік. Е.Муссондық

3.Қазақстанның климатын құрушы факторларды көрсеттңіз.

А.Географиялық ендік,жер бедері В.Сәулелі радиация,жер бедері. С.Күн радиациясы,атмосфераның алмасуы жер бедері. Д.Жиынтық радиация,ауа массалары Е.Жердің төсеніш беті,мұхиттың құрлықпен қатынасы,тура радиация

4.Жер бетіне тура келетін сәулелі энергия.

А.Тура радиация В.Шашыранды радиация С.Шағылысқан радиация Д.Жұтылған радиация Е.Кері радиация

5.Жер бетіне келетін тура және шашыранды радиацияның қосындысынан.... құралады.

А.Кері радиация В.шағылған радиация С.жұтылған радиация Д.Жиынтық радиация Е.Қосылған радиация.

6.Еліміздің оңтүстігіндегі ашық күндер саны:

А.120 күн В.60 күн С.400 күн Д.260 күн Е.10 күн

7.Солтүстіктегі ашық күндер саны:

А.10 күн В. 120 күн С.260 күн Д.155 күн Е.175 күн

8.Қазақстан аумағына әсер ететін ауа массаларының түрін табыңыз.

А.Субартикалық,субэкваторлық,тропиктік В.Экваторлық,субтропиктік,қоңыржай С.Арктикалық,қоңыржай,субтропиктік Д.Антарктикалық,субантарктикалық Е.Қоңыржай,арктикалық,тропиктік

9.Қазақстанның климатына әсер ететін мұхиттар қатарын көрсетіңіз.

А.Тынық,Үнді В.Солтүстік мұзды,Тынық С.Атлант,Үнді Д.Атлант, Солтүстік мұзды мұхит. Е.Дүниежүзілік мұхит

10.Еліміздегі көктемгі және күзгі үсіктердің болуына...әсер ететін ауа массасы.

А.Экваторлық В.Тропиктік С.Арктикалық Д.Қоңыржай Е.Фронттар







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал