7


  • Учителю
  • «Салааралық кешендер географиясы» бөлімін қорытындылау

«Салааралық кешендер географиясы» бөлімін қорытындылау

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Ақмола облысы, Жақсы ауданы,

Алғабас ауылы, Алғабас негізгі мектептің

география пәні мұғалімі

Қожахметов Тимур Боранбайұлы

Қатысатын категория: География





Сыныбы: 9

Күні: 09.02.2016 ж

Сабақтың тақырыбы: «Салааралық кешендер географиясы» бөлімін қорытындылау

Мақсаты:

Отын энергетика кешені, конструкциялық материалдар өндірісі мен химиялық заттар кешені, машина жасау кешені, АӨК , инфрақұрылымдық кешен туралы теориялық білімдерін практикамен ұштастыру, бекіту.

Сабақтың типі: Қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, карта, слайд, интерактивті тақта т.б.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу. Оқушылар назарын өзіме аударту. Оқушыларға психологиялық ахуал жүргізу.

Психолгиялық тренинг

«Көктемгі жауын» жел соқты деп айтқанда алақандарын бірі біріне үйкеу, жаңбыр сіркіреді деп қолдарымен шертіп тырсылдату, жаңбыр жауды деп иықтарын соғады, найзағай ойнады деп қолдарын шапалақтайды, әрі қарай бұршақ жауды деп аяқтарын тарсылдатады, кемпірқосақ шықты деп қолдарын көтереді, күн шықты деп аяқтайды.





Психологиялық дайындық: көңіл күй картасы.









Бағалау парағыТапсырмалар

Жинаған ұпай саны

Болу керек

1

Үй тапсырмасын тексеру



15

Қайталау сабағына кірісу

2

Тапсырма №1.

Сәйкестендіру кестесі



10

3

Тапсырма №2.

Картамен жұмыс



5

4

Тапсырма №3. Кроссворд



13

5

Тапсырма №4.

«Дұрыс-бұрыс»



10

Қайталау сабақты бекіту

6

Тест тапсырмалары



12

Барлық ұпайлар саны



65





Бағалану ережесі

52-65 - «5», 37 -51 - «4», 36-15 - «3».





  1. Үй тапсырмасын тексеру





Бүгін үйге берген сабақты "Алтын тасты сұрақтар " арқылы сұралады. Ол үшін әрқайсымыз ұяшықтарды таңдап сұрақтарға жауап беруіміз қажет.

  1. Әлеуметтік инфрақұрылымның негізгі мақсаты?

Халыққа қызмет көрсету

  1. Әлеуметтік инфрақұрылымның түрлері көп пе?

  2. Қандай түрлерін білесін?

Мысал: Жастар үшін қызмет - білім беру, ал қарт адамдарға - кәрілікті әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету.

  1. Әлеуметтік инфрақұрылымды орналастырудың негізгі факторы?

Халықтық фактор.

  1. Адамдар қандай көбіректеу тауарларға ақша жұмсайды?

Адамдар азық-түліктен ет, ұн және ұннан жасалған өнімдерге, көкөніске, май, қант және кәмпит сатып алуға, ал азықтық емес тауарлардан - киім, аяқ киім және тұрмыстық электр бұйымдарына көбірек ақша жұмсайды.





  1. Сауданың негізгі бөлігі қандай сауда орындарының үлесіне тиеді?

Базарларға.

  1. Қазақстандағы бөлшек және көтерме сауданың орталығы?

Алматы қаласы.

  1. Тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерін атап шық.

Шаштараздар, кір жуатын жерлер, киім тазалау орындары, моншалар, автомобиль, тұрмыстық техникалар жөндеу, киім, аяқ киім тігу. Негізінен бұлар қалаларда шоғырланған.

  1. «Қазақстан-2030» бағдарламасындағы басты міндеттердің бірі?

Халақтың денсаулығын сақтау.

  1. Еліміздегі басты денсаулық сақтау орталықтары қандай қалаларда орналасқан?

Алматыда, Астанада, Қарағанды мен Семейде.

  1. Еліміздің «еңбектеніп жатқан» халықтың ең үлкен «армиясы»? - мектеп оқушылары.

  2. Еліміздің ең студенттік қаласы:

Алматы (181 жоғарғы оқу орындарының 66-сы орналасқан).

  1. Бұл курорттың зонасында 44 емдеу орыны бар, оның 16-сы балаларға арналған. Мұнда сумен (минералдық және көп суы), балшықпен және қарағайлы орманның таза ауасымен емдейді. Бұл қандай курорт зона?

Шучье-Бурабай курорттық зонасы.

  1. Бұл курорт зонасы (Павлодардың жанында) балшықпен емдеуге маманданған? Мойынды курорты.

  2. Еліміздің қай өңірі тұңғыш ұлттық парк пен курорттың отаны?

Солтүстік Қазақстан.

  1. Бұл шаруашылық құрамына қонақ үйлер, демалыс үйлері мен базалары, санаторийлер, турбазалар, туристік көлік және т.б. кіреді.

Рекреациялық.

  1. Қай жылы және қандай жаңа ұлттық парктер мен тау шаңғысы базалары салынып, ұйымдастырылды?

1990 жылы, «Бурабай», «Шарын каньоны», «Катонқарағай».

  1. Жаңа сабақ

Тапсырма №1. Сәйкестендіру кестесі.Жылу электр стансалары (ЖЭС)

Су электр стансалары (СЭС)

Атом электр стансалары (АЭС)



Отын энергетикалық кешен

3

Мұнай және мұнай өңдеу

Газ

Көмір



Екібастұз көмір алабы

4

Бұл көмір алабының көмірі тас көмір, күлі көп (орташа күлдігі 43%), сапасы төмен, өте ауыр байытылады және кокстеуге келмейді.



Электр қуаты

5

Бұл көмір алабы Орталықта орналасуымен және жоғары сапалы, аз күлді, кокстелетін тас көмір ретінде қолайлы.



Су электр стансасы

6

Еліміздегі ең ірі конденсациялы электр стансасы



Атом электр станасасы

7

Электр стансасының типі. Республикамыздағы электр қуатының ең арзан түрі



Қарағанды көмір алабы

8

1973 жылы Ақтау қаласында салынған. Электр стансаның үшінші типі



Жел электр стансасы

9

Жоңғар қақпасында бұл электр стансасын салу жоспарлануда



«Шеврон - Тексако», «Казмұнайгаз», «Эксон-Мобил» т.б.

10

Қазақстандағы мұнай мен газды ірі компаниялар



Екібастұз МАЭС-1





Тапсырма №2. Картамен жұмыс.

Бұл тапсырмада Қазақстанның экономикалық картасын пайдаланамыз. Тапсырмада картаға стикерлерді жабыстырып, мұнда пайдалы қазбалардың және кәсіпорындарының орнын анықтаймыз.

Тапсырма №3. Кроссворд. Агроөнеркәсіп.

















































  1. Агроөнеркәсіптің ІІІ буыны.

  2. Өсімдік шаруашылығы бақша шаруашылығы, жүзім шаруашылығы және осы шаруашылықтан тұрады.

  3. Ауыл шаруашылығында негізгі зат әрі еңбек құралы болып саналады.

  4. Қазақстанның қай аймағында күзде, қысқа қарай себілетін күздік бидай өсіріледі.

  5. Негізгі әрі арзан дәрумендер көзі болып табылады.

  6. Осы жерлермен еліміздің Батысы мен Шығысы жақсы қамтамасыз етілген.

  7. Мал шаруашылығының негізгі өнімі.

  8. Биязы жүнді қойлар.

  9. Техникалық дақыл.

  10. Қант қызылшасынан дәстүрлі түрде қандай өнім өңдіреді?

  11. Кондитер фабрикасы «Баян сұлу» орналасқан қала?

  12. Жеңіл өнеркәсіптің «кез келген жерде» орналаса беретін саласы.

  13. Францияда атақты жүзім өсіретін жердің атауы.

Тапсырма №4. «Дұрыс-бұрыс». Көлік кешені.

  1. Көлік экономиканың «қан жүргізетін» жүйесі.

Ия Жоқ





  1. Көлік 4 құрамдас бөліктен тұрады.

Ия Жоқ





  1. Құрлық көлігі - біздің елімізде негізгі көлік түрі болып саналады.

Ия Жоқ





  1. Темір жолдар Қазақстанда ХХ ғасырдың аяғында пайда болды.

Ия Жоқ





  1. Тұңғыш ірі темір жол - Орынбор - Ташкент жолы.

Ия Жоқ





  1. Әуе көлігі - ең жылдам, бірақ ең арзан көлік.

Ия Жоқ





  1. Су көлігі теңіздік және өзендік болып бөлінеді.

Ия Жоқ





  1. «Қазпошта» АҚ орасан үлкен шаруашылығы - пошта байланысы бұл ертеден келе жатқан сала.

Ия Жоқ





  1. Автомагистральдің жалпы ұзындығы 300 мың километрдей?

Ия Жоқ





  1. Біздің елімізде автомобиль бұрыннан бері ең жаппай қолданылатын көлік құралына айналды және жолаушы тасымалының таласысыз көшбасшысы.

Ия Жоқ





  1. Сабақты бекіту. Тест.





  1. Мырыш пен қорғасын өңдіретін ірі комбинат:

а) Ақтөбеде

ә) Шымкентте

б) Зырянда

в) Ақсуда

г) Өскеменде





  1. Целлюлоза шығаратын қала:

а) Көкшетау

ә) Павлодар

б) Қарағанды

в) Алматы

г) Қазақстанда целлюлоза өңдірісі жоқ





  1. Қазақстандағы ең алғаш игерілген мұнай кен орны?

а) Доссор

ә) Өзен

б) Қашаған

в) Теңіз

г) Қаламқас





  1. Қазақстандағы ірі мұнай-газ алабы:

а) Оңтүстік Торғай

ә) Маңғыстау

б) Шу-Сарысу

в) Зайсан

г) Орал-Ембі





  1. Мұнай өңдейтін зауыт қай қалада орналасқан?

а) Алматы

ә) Астана

б) Атырау

в) Семей

г) Петропавл













  1. Қазақстанның оңтүстік облыстарын газбен қамтамасыз ететін:

а) Бұхара - Орал

ә) Бұхара - Алматы

б) Орта Азия - Орталық

в) Атырау - Самара

г) Атырау - Новосибирск





  1. Қарағанды көмір алабы қай жылдардан бастап кеңінен игеріле бастады?

а) 1920 ж

ә) 1930 ж

б) 1940 ж

в) 1950 ж

г) 1960 ж









  1. Қоңыр көмірді қандай алапта және кен орнында өңдіреді?

а) Қарағанды

ә) Қаражыра

б) Шұбаркөл

в) Екібастұз

г) Майкүбі





  1. Қайсы алапта көмірді шахталық әдіспен өңдіреді?

а) Қарағанды

ә) Қаражыра

б) Шұбаркөл

в) Екібастұз

г) Майкүбі





  1. Қазақстандағы ірі ЖЭС:

а) Екібастұз МАЭС-2

ә) Бұқтырма

б) Шүлбі

в) Алматы ЖЭС-2

г) Екібастұз МАЭС-1





  1. Қай қалада трактор шығарылады?

а) Атырау

ә) Қызылорда

б) Павлодар

в) Талдықорған

г) Өскемен





  1. Аккумулятор шығаратын зауыт қай қалада орналасқан?

а) Орал

ә) Астана

б) Қостанай

в) Талдықорған

г) Тараз





  1. Сергіту сәті. Көңіл күй картасы





  1. Үй тапсырмасы: Өткен тақырыптарды қайталау





</



  1. Бағалау























 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал