7


  • Учителю
  • Поурочный план по географии на тему 'Атмосфера' тақырыбын қайталау (6 класс)

Поурочный план по географии на тему 'Атмосфера' тақырыбын қайталау (6 класс)

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Мақсаты:  Өткен сабақтан алған білімдерін пайдалана алуы, танымдық қызығушылығын және географиялық ойлау қабілетін арттыру                                                                                                                             Әдістері: 
предварительный просмотр материала

Тақырыбы: Атмосфера тақырыбын қайталау


Мақсаты: Өткен сабақтан алған білімдерін пайдалана алуы, танымдық қызығушылығын және географиялық ойлау қабілетін арттыру


Әдістері: «Шалқан » ертегісінің желісімен

Көрнекілігі: интерактивті тақта , слайд

Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, аралас сабақ


Әдебиеттер: ж. География, биология және экология орта мектепте №1, 2010 11, 17бет

ж. «География табиғат» №2, 2005 , 66 бет

Электронды оқулық

Сабақтың құрылымы:

  1. Әжейге , немересіне, мысыққа,тышқанға көмек, мысықпен ойын «Басқатырғы»

  2. «Кім шапшаң?»

  3. «Суретті жұмбақ»

  4. Жауын - шашын түрлері, бұлтты анықтау

  5. Геодиктант


Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру .

ІІ бөлім : Ертегі сабақ

  • Бүгінгі «Атмосфераны қайталау» сабағын «Шалқан» ертегісі бойынша өтеміз. Атай бақшадағы шалқанын жұла алмайды да, ойлайды: «Жер бетіндегі барлық құбылыстар ауамен байланысты. Мектепті ертеректе бітіргенім қандай өкінішті, бәрін ұмытып қалыппын. Осы ауаның құрамы неден тұрады екен? » Қане, балалар атайға кім көмектеседі?

Атмосфераның құрамы , балалар жауап береді. Атай шалқанды тартып-тартып шығара алмайды, да әжейді көмекке шақырады. Әжей болса : «Қолым тимейді, немереме есеп шығаруға көмектесіп жатырмын. Сен әуелі бізге көмектес, сосын мен саған көмектесемін» деп жауап берді. Ал, балалар, қане әжейге көмектесіп жіберейік. Ол үшін мына сұрақтарға жауап берейік:

Атмосфералық қысым дегеніміз не? Қандай өлшеммен өлшенеді? Биіктеген сайын қалай өзгереді? Қалыпты атмосфералық қысым деген не? Қысым қандай құралмен өлшенеді? Есептер шығару:

  1. Барометр тау етегінде 750мм, ал тау басында 420мм атмосфералық қысымды көрсетті. Тау басының биіктігі қанша?

(750-420)х10м = 3400м

  1. Егер төбенің биіктігі 40м, ал төбенің басында 758мм атмосфералық қысым болса, төбенің етегінде атмосфералық қысым қанша?

40:10м =4м 758х4 = 762мм

Балалар жауап береді, есептер шығарады. Атай мен әжей тапсырманы орындап, шалқанды тартып-тартып шығара алмайды, енді ол көмекке немересін шақырады. Немересі терезе алдында ойланып отыр. «салыстырмалы ылғалдылық пен абсолютті ылғалдылықтың қандай айырмашылығы бар?» Ал, қане , балалар көмектесіп жіберейік! Ылғалдылықты қандай құралмен өлшейді? Есептер:

  1. Ауа температурасы +300 абсолют ылғалдылық 20г. Салыстырмалы ылғалдылықты табыңдар.

30г - 100% 20г - х х = (20х100):30 = 67%

  1. Ауа температурасы +200 . Абсолют ылғалдылық 15г. Салыстырмалы ылғалдылық қандай?

17г - 100% 15г - х х = (20х100):17 = 88%

  1. Сынып бөлмесінің ұзындығы 8м, ені 6м, биіктігі 3м десек, сынып бөлмесіндегі ауаның салмағы қанша?

8м х 6м х 3м = 192м 1кг 300г х 192 = 249кг 600г

  1. Көлемі 200м3 сынып бөлмесінің ауасында +200 температурада қанша грамм су буы бар?

200м3 х 17г = 3400г = 3кг 400г

Немересі, әжесі және атай үшеуі тағы тартып - тартып шалқанды шығара алмайды. Олар күшікті көмеккке шақырмақ болды. Ал күшік болса «әуелі менімен ойнаңдар сосын сендерге көмектесем» деп отырып алды. Қане ,балалар, күшікпен ойнайық.

«Бөшкедегі басқатырғы» торкөз сұрақтар:











Ауа температурасы:

1. Ауа 100м биіктікке көтерілгенде қанша градусқа төмендейді?

2.Амплитуда деген не?

3.Орташа температураны қалай табамыз?(тәуліктік, айлық, жылдық)

Жел:

1.Бриз қандай жел?

2.Муссон қандай жел?

3.Желдің маңызы қандай?

Ауа райы:

1.Ауа райы дегеніміз не?

2.Ауа массасы дегеніміз не және олардың түрлері қандай?

3.Ауа райын қалай болжаймыз?

Климат:

1.Климат дегеніміз не?

2.Қандай клтматтық белдеулер бар?

3.Теңіз бен мұхиттың климатқа әсері қандай?

Оқушылар сұраққа жауап береді. Күшік немересінен, немересі әжейден, әжей атайдан, атай шалқаннан тартып, оны тағыда шығара алмайды. Енді олар көмекке мысықты шақырады. Мысық күн шуағына маужырап, ерініп көмектескісі келмейді. Бірақ, бәрі жабылып, мысықты көндіріп бірге бақшаға келеді. Ал, балалар, қане , бізде жұмыстанайық.

Қандай жылулық белдеулері бар ? Олар қалай пайда болды?

Балалар жауап береді. Енді мысық қосылып бәрі жабылып шалқанды тартып шығара алмай, көмекке тышқанды шақырады. Тышқан болса «Мен кішкентаймын ғой, әлім келер ме екен? Кенеттен жел тұрып мені ұшырып алып кетпей ме?» деп сұрады. Оған мысық: «Қорықпай -ақ қой! Ауа райы болжамында қатты жел болмайды деген. Сен оданда мынаны айтшы, жел кестесін тұрғыздың ба? Мен саған баяғыда - ақ айтқанмын» деді. Тышқан жел кестесін салмаған еді, себебі қалай салуын білмейтін. Ал, балалар, сендер білесіңдер ме? Қане, кім салып береді?

Жел өрнегін салу: С - 2, СШ - 5, СБ - 7, О - 2, ОШ - 2, Б - 7, Ш - 3

Балалар жел өрнегін салады.

Қане, «кім шапшаң?» атайға көмек бере алады? Сұрақтары:

  1. Жер беті неліктен әркелкі қызады?

  2. Ауа температурасы мен қысымның арасында қандай байланыс бар?

  3. Тәуліктің ең салқын кезі қай уақытта болады?

  4. Тәуліктің ең жылы кезі қай уақытта болады?

  5. Ауа қалай қызады?

  6. Айда неге тіршілік жоқ?

«Суретті жұмбақ» суретте: жауын - шашын өлшеуіш, қар өлщеуіш сырық, желбағар көрсетілген. Балалар суретіне қарап, олардың қандай құралдар екенін айтады.

Содан соң жауын - шашынның, бұлттардың түрлерін айтады.

Ең соңында Геодиктантпен аяқтайды:

  1. ..................... күн қарға адым ұзарады?

  2. Бұлт .............. жаршысы.

  3. ............. таныған жеті қараңғыда адаспайды

  4. Сүмбіле туса, су суыр. ............туса таң суыр.






 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал