- Учителю
- 'Бәрін білгім келеді ашық' сабақ
'Бәрін білгім келеді ашық' сабақ
Солтүстік Қазақстан облысы
Есіл ауданы Ақтас ауылы
«Ақтас негізгі мектебі» КММ
География-биология пәнінің мұғалімі
Сергалиева Зауреш Фазыловна
Сабақтың тақырыбы: « Бәрін білгім келеді».
Географиялық карта және глобус
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ой-өрісін , есте сақтау қабілеттерін дамуына ықпал ету,карта, атластармен жұмыс жасау , өз бетінше ізденулеріне бағыт беру.
Елімізді сүйе білуге, қорғауға, ұйымшылдыққа өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: глобус, Дүние жүзі жарты шарлар картасы, сөзжұмбақтар, картотекалар (географ. тапсырмалар), слайд презинтация.
Сабақтың әдіс-тәсілі: сайыс сабағы.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру сәті.
Сергіту сәті: «5» болсын алар бағамыз
Білімнен бақыт табамыз
Картаны танып білуге
Жер шарын шарлап барамыз.
Мұғалім: Бүгінгі қорытынды сабағымызды « Географиялық карта және глобус» тақырыбына арналған сабақ сайыс түрінде өтеді. Сабақ бойы алған білімдеріңді қолдана отырып, мына кезендерде көрсете аласыңдар. Сыныпты екі топқа бөлу.
-
Таныстыру .( топтың аты «Карта» , «Глобус» , ұраны )
-
« Почта»
-
Адасқан әріптер
-
Бәйге
-
Географиялық құпия
-
Жағдаят.
-
Географиялық координаттарын анықтау
-
Сөз жұмбақ шешу
-
Қорытындылау
-
Бағалау
Сонымен сайысымызды бастаймыз.
I. кезең. Таныстыру.
II. кезең. «Почта» деп аталады. Сендердің алдарыңа қолымдағы хатты тастаймын. Егер сендер азимут бойынша жүруді білсеңдер, бұл хатты оқиаласыздар.
А Г О А
Л С Р
У О О Т А
А
Д
Б Л Ғ
Ғ Л А С
III. кезең. Адасқан әріптер (берілген сөздердің орнын табу)
РТОКВЭА, ТАРКА, ЛПОЮС, ИАНМЕДРИ, АЛРПЕЛЛЬА
IV. кезең. Бәйге.(жылдам жауап беру)
«Карта» тобына сұрақтар
1.Географияны ғылымға еңгізген кім? (Эратосфен)
2.Онтүстікті және солтүстікті қосатын сызық . (меридиан)
3. Ең ұзын параллель. (экватор)
4. Карталар қандай топтарға бөлінеді? (мазмұнына ж/е масштабына)
5. «Кібісе» жыл неше күнмен бітеді ? ( ол 336 күн. Бітеді, яғни ақпан айы 29-нан бітеді)
6. 1º доғаның ұзындығы неше шақырымға тең? (111шқ.) 40000 : 360º =111шқ.
«Глобус» тобына сұрақтар.
-
Географияның екінші тілі, бұл не? (карта)
-
Көкжиек тұстарын анықтайтын құрал ( тұсбағдар)
-
Қашықтықты немен өлшейді?( қадам, метрмен, шақырым)
-
Не нәрсесіз географияны оқыту қиын. (картасыз)
-
Географиялық тор дегеніміз не? (меридиан мен параллель сызықтарының қиылысы)
-
Координаттар неден тұрады? (ендік пен бойлық)
V. кезең. Географиялық құпия.
10 Кестеде 10 ұяшыққа сандар жазылған
Әр санның шамасына қарай географияға
қатысты сұрақтар мен жұмбақтар құралған.
1 2 3 Сендер бір біріне кезек бере отырып , ұяшық
ты таңдайсыңдар. Егер таңдаған топ жауабын
білмесе, келесі топ жауап береді.
4 5 6
7 8 9
1. Тұрғыны жоқ елдер 2. 40000 шқ 10. Бір нәрсе- бетінде жоқ ой мен қыр,
Үйі жоқ қалалар. 3. 24 сан Өзінің кіндігінен айналып жұр
Суы жоқ ормандар 4. 1:20000 Өзіне назар салып қарасаңыз,
Бұл не? (карта) Келбеті жер жүзінің көрініп түр.
(глобус)
6. (-132м) 7. 2,7 млн.шқ. 9. 360 º 5. Тосын сый
8. Жалғыз бағыт білері,
Бұрағанына көнбейді.
Жол көрсетіп береді,
Өзі бірақ көрмейді (тұсбағдар)
VI кезең. Жағдаят. Апатқа ұшырағандарға көмекке ұмтылу.
1 топ. Еуропадан Австралияға келе жатқан кемеде өрт болды. Кеме координаты 80 º ш.б. пен 40 º о.е. еді. Кемеге бару үшін , ол қай жерде екенін анықтаңыз.
2 топ. Теңізшілер ішінде хаты бар шөлмек тауып алды. Апатқа ұшырағандар көмек сұраған. Шөлмекке кірген су кейбір әріптер мен сандарды өшіріп жіберген, онда тек 42 º .. е және 173 º ..б . Жаңа .... аралы деген үзінділер қалған. Кеме қай жерде апатқа ұшыраған?
VII кезең. Географиялық координаталарын анықтау
1 топ. Карта
-
Географиялық ендік
Геогафиялық бойлық
Объектілер
52º с.е.
0 º б.б
Лондон қ.
34 º о.е.
150º ш.б.
Сидней қ.
51 º с.е.
71 º ш.б.
Алматы қ.
2 топ. Глобус
-
Географиялық ендік
Геогафиялық бойлық
Объектілер
56º с.е.
37 º ш.б
Мәскеу қ.
28 º о.е.
77º ш.б.
Дели қ.
40 º с.е.
75 º б.б.
Нью-Йорк қ.
VIII кезең. Сөзжұмбақ.
1. География ғылым ретінде дамыған жер
Г (Грекия)
Л 2. Жер бетінің қағазға кішірейтіліп түсір-
О ілген сызбасы (план)
Б 3. Американы ашқан кім? (Колумб)
у 4. Алғашқы глобусты жасаған кім? (Бехайм)
С 5.Күннен ең алыс орналасқан ғаламшар
(плутон)
6. Солтүстік Қазақстанда ағып өтетін өзен (Есіл)
-
Полюстерден бірдей қашықтықта жүргізілген
к сызық (экватор)
а 2.Географияның атасы (Эратосфен)
р 3. Көрші мемлекет (Ресей)
т 4.Ауданы бойынша ең үлкен мұхит
а (Тынық)
Қазақстандағы ең үлкен көл (Каспий)
IX кезең . Қорытындылау
X кезең. Бағалау