- Учителю
- Урок на тему Дүние жүзінің халқы 10 класс
Урок на тему Дүние жүзінің халқы 10 класс
Сабақтың тақырыбы: Дүние жүзінің халқы
Сабақтың мақсаты:
-
Дүние жүзінің халқы тарауы бойынша алған білімдерін тексеру, бір жүйеге келтіру
-
Карта, диаграмма, картосхемалармен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту. Пәнге деген қызығушылықты арттыру
-
Бірін-бірі тыңдауға, топта жұмыс істеуге, достыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы
Сабақтың әдіс-тәсілі: Топпен жұмыс
Сабақтың оқу-жабдығы: Дүние жүзінің саяси картасы, атластар, суреттер, слайдтар
Сабақтың дидактикалық кезеңдері:
Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме балалар, отырыңдар!
Бүгінгі сабақты Гомердің мына сөздерімен бастағым келеді «Жер үстінде адамнан қымбатты ештеңе жоқ!». Қалай ойлайсыңдар, неліктен адамға соншалықты жоғары баға беріп тұр. Адам деген сөздің мағынасын ашып алайықшы.
АДАМ
Ал барлық адамдар қосылып дүние жүзінің халқын құрайды. Алдыңғы сабақтарда біз сендермен дүние жүзінің халқы атты тақырыптармен таныстық. Бүгінгі сабақта дүние жүзі халқының саны, құрамы, орналасу ерекшеліктері тақырыптары бойынша алған білімдеріңді қайталап, бір жүйеге келтіреміз. Сабақ жарыс түрінде өтеді. (3 топ)
Сабақтың барысы:
-
Алдарыңда халық санының өсуі атты диаграмма тұр. Бұл диаграмма бойынша талдау жасайсыңдар
1 топ:
Дүние жүзінің халқы неліктен алғашында баяу өсті?
2 топ:
Бір ғасырдың ішінде неліктен соншалықты тез өсті?
3 топ:
Болжам жасау. Диаграмма қалай өзгеруі мүмкін? Неліктен деп ойлайсыңдар?
-
Алдарыңда кескін карта тұр. Бұл картаға халқы 100 млн асатын 3 мемлекетті түсіріңдер.
-
Өмір сүру ұзақтығы жоғары 3 мемлекеттерді атаңдар
Өмір сүру ұзақтығы төмен 3 мемлекетті атаңдар
-
Мемлекетті ата
-
Халық саны бойынша ең ірі мемлекет (Қытай)
-
Ең көп ұлтты мемлекет (Үндістан)
-
Урбандалу деңгейі 100 пайызды құрайтын мемлекет (Сингапур, Ватикан)
-
Халық тығыздығы ең жоғары ел 1 км2 915 адам (Бангладеш)
-
Бұл мемлекеттің демографиялық саясаты 1 жанұяға 1 баладан (Қытай)
-
Мұсылмандардың жалпы саны жөнінен 1 орынды алатын мемлекет 160 млн астам (Индонезия)
-
Қай мемлекеттің ұлттық киімі кимоно (Жапония)
-
Синтоизмнің отаны (Жапония)
-
Иудаизмнің отаны (Израиль)
-
Индуизмнің отаны (Үндістан)
-
Олимпиада ойындарының отаны (Греция)
-
Анықтамаларды білесіңдер ме?
-
Туу мен өлудің арақатынасы (табиғи өсу)
-
Адамдардың сыртқы бет-бейнесінің ұқсас белгілері бойынша біріктірілетін топтары (нәсіл)
-
Елден адамдардың көшіп кетуі (эмиграция)
-
Қалалардың өсуі мен қалалық өмір салтының кеңінен таралуы (урбандалу)
-
Қалалардың көршілес елді мекендерді қосып алуы (агломерация)
-
Жақын орналасқан агломерациялардың бірігуі (мегалополис)
-
Елдің демографиялық проблемаларын шешу мақсатында мемлекет тарапынан табиғи өсуді реттеуге бағытталып, жүргізетін шараларының жиынтығы (демографиялық саясат)
-
Алдарыңда халықтың жастық құрамы атты диаграмма тұр. Сендер халықтың жастық құрамының типін анықтайсыңдар. Қай елге тән
Прогрессивті тип - халықтың жалпы санында балалардың үлесі жоғары
Тұрақты тип - балалар мен егде адамдар санының тепе-теңдігі
Регрессивті тип - халықтың жалпы санында егде адамдар үлесінің артуы
Қазақстанның жастық құрамы берілген.
Қызықты мәліметтер
Жыл сайын дүние жүзінде 140 млн адам дүниеге келеді
әр секунд сайын 3 адам
әр минут сайын 175 адам
әр тәулікте 250 мың адам
Демографтардың есептеулері бойынша адамзат тарихында жер шарында 80 млрд астам адам дүниеге келген екен.
Ең көп балалы ана осыдан 200 жыл бұрын Ресейде өмір сүріпті. Ол дүниеге 69 бала әкелген екен.
16 жұп - егіздер
7 рет - 3 егізден
4 рет - 4 егізден туыпты. Соның ішінде бала кезінде 2 ғана баласы қайтыс болды. Қалған 67 баласын ер жеткізген.
Осыған орай келесі сөзді Салтанатқа бергім келіп тұр. Ол сыныптың ішінде шағын социологиялық зерттеу жүргізді. Сыныптас оқушылардың жанұяларында неше баладан бар, ал олардың ата-аналарында неше баладан болған.
Осыған байланысты келесі тапсырма:
-
«Егер сен мемлекет басшысы болсаң, туудың мөлшерін көбейту үшін қандай демографиялық саясат жүргізер едің?»
-
Карточкамен жұмыс
Неліктен АҚШ, Канада, Аустралия, жаңа Зеландия, Оңтүстік Африка, Үндістан мемлекеттерінің тұрғындары ағылшын тілінде сөйлейді?
Испан тілі 16 ғасырға дейін тек қана Испания мемлекетінде кеңінен тараған. Ал қазіргі уақытта Латын Америкасының көп елдерінде мемлекеттік тілі болып табылады. Осын жағдайды қалай түсінуге болады?
7 ғасырға дейін араб тілінде Аравия түбегінің тұрғындары ғана сөйлеген. Ал қазіргі уақытта барлық Солтүстік Африка мемлекеттеріне тараған. Себебі
-
Қайсысы артық. Себебін түсіндір
Армяндар Ислам Дания
Ағылшындар Буддизм Корея
Грузиндер Синтоизм Үндістан
«Сандар сөйлейді»
-
Алдарында 3 сурет берілген.
Қорытынды:
Әр нәсілдің негізгі ерекшеліктерін атаңдар?
Нәсілдік белгілер қалай қалыптасқан?
Нәсілдердің бір-бірімен теңдігін немен дәлелдеуге болады?
Сабақты Абай Құнанбаевтың мына сөздерімен аяқтағым келіп тұр «Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады»
Үйге тапсырма: Тесттік жұмысқа дайындалу
Оқушыларды бағалау: