- Учителю
- Табиғаттағы тіршілік әлемі тақырыбы бойынша тест тапсырмалары (5 сынып)
Табиғаттағы тіршілік әлемі тақырыбы бойынша тест тапсырмалары (5 сынып)
«Табиғаттағы тіршілік әлемі» тақырыбы бойынша тест
1.Тірі организмдер қанша патшалыққа бөлінеді:
а) 2 ; ә) 3 ; б) 4 ; в) 5.
2.Флора деген не?
а) өсімдік; ә) жануар ; б) бактерия ; в) саңырауқұлақ.
3.Қазір жәндіктердің қанша түрі белгілі:
а) 1 млн; ә) 2 млн; б) 1,5 млн; в) 2,5 млн?
4.Бір клеткалы жануар:
а) құрттар; ә) амеба; б) балықтар; в) аскарида
5.Жыртқыштарды көрсет:
а) инфузория; ә) құрттар; б) шортан; в) жылқы
6.Малярия масалары қандай ауру жұқтырады:
а) ұйқы; ә) безгек; б) тұмау; в) сарыауру
7.Әр түрлі жануарлардың бір-бірімен қосарланып тіршілік етуі:
а) жыртқыштық; ә) симбиоз; б) комменсализм; в)паразитизм
8.Масыл деген мағынаны білдіреді:
а) жыртқыштық; ә) симбиоз; б) комменсализм; в) паразитизм.
9.Қазақстанда шамамен қанша өсімдік бар:
а) 3000; ә) 4000; б) 6000; в) 5000.
10.Өсімдікке жасыл түс беретін зат:
а) фетонцид ; ә) крахмал; б) хлорофилла; в) ақуыз
11.Жапырағы тікенек тәрізділер:
а) шырша, терек; ә) жауқазын, терек; б) секвойя, арша;
в) самырсын, үйеңкі
12.Бөлме өсімдіктерінің түрлері:
а) су сүйгіш, жарық сүйгіш; ә) жарық сүйгіш, көлеңке сүйгіш, жылу сүйгіш; б) жылу сүйгіш, топырақ сүйгіш; в) көлеңке сүйгіш, су сүйгіш
13.Құрамында фитонциді бар өсімдіктер:
а) сарымсақ, пияз, қарағай; ә) сарымсақ, орамжапырақ;
б) қарағай, орамжапырақ; в) пияз, картоп;
14.Қант қызылшасы өсірілетін аудан:
а) солтүстік; ә) оңтүстік; б) оңтүстік-шығыс;
в) солтүстік -батыс
15.Бақша өсімдіктері:
а) қарбыз, қауын, асқабақ; ә) қарбыз, шабдалы, пияз; б) қауын, алма, шие; в) асқабақ, қарақат.
16.Мәдени өсімдіктердің жаңа түрін шығаратын ғалым:
а) селекционер; ә) биолог; б) эколог; в) сейсмограф.
17.Саңырауқұлақтарды дайындауды адамдар қай жануардан үйренген дейді?
а) қояннан; ә) тиіннен; б) жарғанаттан; в) борсықтан.
18. Ең қауіпті саңырауқұлақ:
а) майқұлақ; ә) шыбынжұт; б) жиренқұлақ; в) аққұлақ.
19. Ағаш арқылы тіршілік ететін, зиянын тигізетін саңырауқұлақ :
а) шыбынжұт; ә) аққұлақ; б) ағашқұлақ; в) терекқұлақ.
20.Пенициллин препараты алынатын саңырауқұлақ:
а) зең ; ә) шыбынжұт, б) аққұлақ; в) терекқұлақ.
21.Өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтарын ыдырата отырып, қарашіріктің түзілуіне әсер етеді:
а) жәндіктер мен жануарлар; ә) саңырауқұлақтар мен бактериялар; б) құстар мен бактериялар;
в) жыртқыштар мен саңырауқұлақтар.
22.Жасанды бірлестік:
а) орман; ә) өзен; б) бақша; в) көлшік.
23.Табиғи бірлестік:
а) егінді алқап; ә) бақ; б) бақша; в) шалғын.
24. Бақ өсімдіктері:
а) қызанақ, пияз; ә) алма, өрік; б) аскөк, шабдалы; в) қызанақ, өрік.
25. Жабайы өсімдік:
а) күнбағыс; ә) раушангүл; б) жолжелкен; в) нарғызгүл.