- Учителю
- Презентация по географии на тему Климаттың адам өміріндегі маңызы
Презентация по географии на тему Климаттың адам өміріндегі маңызы
Cолтүстік Қазақстан облысы
Петропавл қаласы
Сафуан Шәймерденов атындағы
қалалық классикалық гимназияның
география пәні мұғалімі
Сагнаева Азиза Муслимқызы
Педагогикалық өтілі: 2,5 жыл
Сабақ жоспары
№ 27 - сабақ
Күні: 9.12.2015ж.
Сабақтың тақырыбы: «Климаттың адам өміріндегі маңызы»
Сынып: 8 «Ә»
Пән: География
Сабақтың мақсаты: Климат туралы алған білімдерін өмірде қолдана білу.
Оқыту құралдары: Қазақстанның физикалық картасы, Қазақстан аумағындағы жиынтық күн радиациясы картасы.
Негізгі ұғымдар: климат, климат құрушы факторлар: географиялық ендік, ауа массалары, климатқа мұхиттар мен ағыстардың, жер бедері мен биіктіктің әсері.
Номенклатура: Астана, Петропавл, Қарағанды, Жезқазған, Тараз, Шымкент және Солтүстік Қазақстан облысы, Алматы, Владивосток.
Сабақтың әдістері: Венн диаграммасы, домино, 5 жолды өлең, есептер шығару.
Сабақтың типі: алған білімді қорытындылау сабағы.
Бағалау: оқушылар бағалау парағын толтырады.
Сабақтың барысы
І .Ұйымдастыру: (5 мин)
-
Оқушыларды түгендеу;
-
Сыныпты топқа бөлу.
Оқушыларға суреттерді таңдату арқылы сыныпты 4 топқа бөлеміз, әр топқа өзім топ басшысын сайлаймын. Тақтаға бағалау критерилері ілінеді, топ басшысы бағалау парағына критерилер бойынша бағалап отырады.
1-топ: Бұлт
2-топ: Күн
3-топ: Жауын-шашын
4-топ: Жел
ІІ. Қызығушылықты ояту.
Мұғалімнің кіріспе сөзі: Балалар, бүгінгі сабақ алған білімді жүйелендіру сабағы.
Сабақтың тақырыбы «Климаттың адам өміріндегі маңызы»
«Қазақстанның климаты» бөлімін қорытындылап отырмыз.
Әр топтың бағалау парағы бар, сол бағалау парағы арқылы топ басшысы бағалайсыздар.
ІІІ. Тапсырмалармен жұмыс: (15 мин)
1 топ. Климат қалыптастырушы факторлар. (Кластер)
2 топ. Дүние жүзінің және Қазақстанның климаты мен ауа райының ерекшеліктері мен ұқсастықтары анықтау. ( Венн диаграммасын толтырыңыздар.)
3 топ. Дүние жүзінің климаттық белдеулерін және Қазақстанның климаттық белдеуіне тән белгілерді анықтау.( Картамен жұмыс.)
4 топ. «Домино» әдісі. Алдарында терминдер және анықтамалар берілген соның ішінен домино ойынының шарты бойынша жалғасын тауып , дұрыс орналастыру.
1.Климат-ауа райының көп жылдар бойын қайталанып отыратын белгілі бір типі.
2.Жиынтық радиация - тура және шашыранды радиацияның қосындысы.
3.Арктикалық ауа массасы- Солтүстік мұзды мұхит үстінде қалыптасады.
4. Воейков белдеуі- 50º с.е. бойымен жоғары қысымды алап.
5.Изобара-ауа қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызық.
6.Сайқан желі - Жоңғар қақпасынан соғатын жергілікті жел
7.Шаңды дауыл-ауа құрғақ кезде, борпылдақ топырақты алапта соғатын қатты жел.
8.Көктайғақ-аязды ауа райынан кейін сіркіреме жауын жауғанда қалыптасатын, жұп-жұқа мұз жамылғысы.
9. Антициклон-атмосферадағы ауа қысымы жоғары аймақ.
Қорытынды: Әр топтан бір оқушыға сөз беріледі.
IV. Есепте (10 минут)
1 топ.
1)Солтүстік Қазақстан облысына бір жылда Күннен 1 см ² ауданға түсетін жылу мөлшерін анықтаңыздар.
Картадан бір жылғы жұтылған күн радиациясының көрсеткіші анықталады. СҚО ауданы солтүстігінде (90 ккал/см ²), ал оңтүстігінде (100 ккал/см ²) изосызықтары аралығында орналасқан:
Рж= (90 + 100): 2 = 95 ккал/см ²
2) Картадан Петропавл қаласының жиынтық күн радиациясының мөлшерін анықтаңыз.
2 топ.
1)СҚО ауданы солтүстігінде (90ккал/см²), оңтүстігінде (100 ккал/см²) изосызықтары аралығында орналасқан. Бір жыл ішінде 1м² жерге жұтылған радиация түрінде қандай жылу мөлшері түседі?
Рж= (90 + 100): 2 = 95 ккал/см ²
95 ккал/см ² ∙ 10 000 см ² = 950 000 ккал.
2) Картадан Астана қаласының жиынтық күн радиациясының мөлшерін анықтаңыз.
3 топ.
1)Бір жылда 1 м² жерге жұтылған радиация түрінде түсетіндей мөлшерде жылу алу үшін қаншама жоғары сапалы көмір жағу қажет?
(1 кг. жақсы көмір жанғанда 7 500 ккал/кг жылу береді). СҚО ауданына бір жылда 95 ккал/см.² жылу мөлшері түседі.
Рж= (90 + 100): 2 = 95 ккал/см ²
95 ккал/см ² ∙ 10 000 см ² = 950 000 ккал.
950 000 ккал: 7 500 ккал/кг = 127 кг.
2) Картадан Алматы қаласының жиынтық күн радиациясының мөлшерін анықтаңыз.
4 топ.
1)Жер бетінің бір га - ға түскен бір жылғы жұтылған радиацияның орнын толтыру үшін қаншама жоғары сапалы көмір жағу қажет?
Рж= (90 + 100): 2 = 95 ккал/см ²
95 ккал/см ² ∙ 10 000 см ² = 950 000 ккал.
950 000 ккал: 7 500 ккал/кг = 127 кг.
127 кг ∙ 10 000 м² = 1 270 000 кг немесе 1 270 тонна.
Мұншама жүкті тасу үшін, 50 тонна жүк алатын үлкен вагондардың қаншасы керек болар еді?
1 270 т.: 50 т. = 25 вагон.
2) Картадан Шымкент қаласының жиынтық күн радиациясының мөлшерін анықтаңыз.
V. Ой толғау. Оқушыларға алған білім ақпараттарын түйіндеп айту үшін бесжолды өлең құрастыруды ұсынамын . (7 минут)
1 топ Бұлт
2 топ Күн
3 топ Жауын-шашын.
4 топ Жел
VІ.Рефлексия. 5 минут
VІІ. Қорытындылау. «Микрофон».
VІІІ. Үй тапсырмасы. www.kazhydromet.kz</<font face="Times New Roman, serif"> сайтының көмегімен:
1-топ: Петропавл-Өскемен қалаларының метеорологиялық және синоптикалық карталар арқылы үш күннің ауа райын салыстырмалы түрде бақылау.
2-топ: Петропавл-Шымкент қалаларының метеорологиялық және синоптикалық карталар арқылы үш күннің ауа райын салыстырмалы түрде бақылау.
3-топ: Петропавл-Орал қалаларының метеорологиялық және синоптикалық карталар арқылы үш күннің ауа райын салыстырмалы түрде бақылау.
4-топ: Петропавл-Қарағанды қалаларының метеорологиялық және синоптикалық карталар арқылы үш күннің ауа райын салыстырмалы түрде бақылау.
ІX. Бағалау: Оқушының бағалау парағы.