7


  • Учителю
  • 6-сынып. ашық сабақ. Атмосфера тарауы қайталау

6-сынып. ашық сабақ. Атмосфера тарауы қайталау

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Атмосфера тарауын қайталау

Сынып: 6 «ә»

Пәні: география

Сабақтың тақырыбы: «Атмосфера» тарауын қайталау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты:

"Атмосфера" тақырыбы бойынша алған білім - білік дағдыларын жүйелеп қорыту, теориялық білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету.

Дамытушылық мақсаты:

Әр түрлі білім көздерімен жұмыс жасауды әрі қарай дамыту, дүниетанымдық қабілеттерін дамыту, белсенділіктерін арттыру, танымдық қызығушылықтарын жетілдіру.

Тәрбиелік мақсаты:

Экологиялық тәрбие беру, ауаны қорғауға, қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: жекелей, топтық жұмыстар, деңгейлік тапсырмалар, жұмбақтар шешу;

Сабақтың түрі: Аралас сабақ, қорытынды сабақ

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар: интерактивті тақта, постерлер, Дүниежүзінің физикалық картасы, глобус, оқулық, бағалау парағы, суреттер, кескін карта.

Әдіс-тәсілдер: СТО, дарынды және талантты оқушылармен жұмыс, көшбасшылық, оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану, жекелей, топтық жүмыстар, деңгейлік тапсырмалар, мақал-мәтел, халықтық болжамдар айту, жүмбақ шешу, шығармашылық тапсырмалар.

Пәнаралық байланыс: жаратылыстану, биология, химия, физика, әдебиет.



Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру (1 мин)

ІІ. Негізгі бөлім (41 мин)

1. Таныстыру сайысы (1-мин)

2. Атмосфера құрамы мен құралысы (5 мин)

3.Атмосфералық қысым (5 мин)

4. Атмосфера температурасы (4 мин)

5. Климаттық диаграмма (5 мин)

6. Жел , жел өрнегі (3 мин)

7. Ауа райы (4 мин)

ІІІ. Үйге тапсырма беру (1 мин)

1. Бағалау (2мин)

ІV. Қорытынды

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. (1 мин.)

- Оқушылармен амандасу

- Оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау

- Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару;

- Сынып 3 топқа бөлініп отырады, әр топқа ат қою;

Мұғалімнің кіріспе сөзі: (2 мин)

Оқушылардың қызығушылығын ояту.

Мұғалім

Ұлт тірегі- білімді ұрпақ қолында,

Ізденіңдер білім алу жолында.

Еліңді сүй, жеріңді сүй құрметте,

Жас қырандар алау оттай жалында.

Көзге ілінбейді,

Жұтсаң білінбейді. (Ауа)

Оқушылар ауа деп жауап бергеннен кейін сабақтың мақсатын өздері қояды. Содан кейін мұғалім оқушылардан ауаның қасиеттерін сұрайды.

Ауаның қасиеттері:

- Көзге көрінбейді

- Түссіз

- Дәмсіз

- Иіссіз

- Сығылады

- Жылуды сақтайды

- Отты жағады

1. Таныстыру сайысы (2-мин)

1-топ: азот%

2-топ: оттегі

3-топ: көмірқышқыл.

2-кезең. Атмосфера құрамы мен құралысы (4 мин)

Балалар жердің ауа қабығын біз не деп атаймыз. (баалардың жауабы тыңдалады)

Ауаның құрамы қандай?

Ендеше әр топтың атына сәйкес газдың құрамымен таныстырады. (әр топтан бір-бір оқушы ортаға шығып кішкене көрініс арқылы ауаның құрамымен таныстырады.)

Көрініс. АҒАЙЫНДЫЛАР ЖАНЖАЛЫ

  1. Оттегі. Сәлеметсіздерме мен оттегімін. Мені таныдыңдар ма? Мен ауаның ішіндегі ең маңызды газбын. Жануарлар мен адамдардың өмірі үшін маңызды газбын, олар оттегімен тыныс алады. Мен болмасам жану құбылысы жүрмейді.

  2. Азот. Жоқ мен ең маңызды газбын. Менің атым азот. Менің үлесім ауаның ішінде ең көп 78 пайыз. Мен тыныс алуға қатыспасам да, өсімдіктер өмірі үшін өте қажетпін. Өсімдіктер үшін минералды қорек болып табыламын. Ауадан азотты алып өсімдіктер тамыр мен түйнектеріне жинақтайды, ал олар шірігеннен кейін топыраққа сіңемін.

  3. Көмірқышқыл газы. Ауаның құрамындағы ең маңыздысы мына мен көмірқышқыл газымын. (азот мен оттегіні итеріп ығыстырады). Менің үлес салмағым аз болғаныменде, менсіз өсімдіктер өсіп, өмір сүре алмас еді. Сонымен қатар мен жерд жылытып тұрамын.Күннің сәулесін жерге жіберіп, қайтадан шығуға кедергі келтіремін. Сондықтан жердің Ай сияқты қатты қызып кетуі мен суынуынан сақтаймын.

  4. Озон. Жоқ, жоқ мен сендерден биігірек орналассам да менің маңызым өте зор. Мен «озон экранын» түзе отырып тірі ағзаларға өте зиянды күннің әсірекүлгін сәулесін сіңіріп, жер бетіне жібермей ұстап тұрып қаламын. Мен болмасам тірі ағзалар, бактериялар мен адамдар терілері күйіп, рак (ісік) ауруынан өліп кетер еді.

Мұғалім:балалар, ағайындылардың жанжалын шешуге көмектесейік. Сендердің ойларыңша қайсысы ең бастысы, маңыздысы? (оқушылар өз ойларын білдіреді)

Бауырлар! Жанжалдасуды доғарайық. Біз білеміз ғой бір-бірімізсіз біз ауа қабатын түзе алмас едік қой. Бәрімізде маңыздымыз.

1-топ: азот

2-топ: оттегі

3-топ: көмірқышқыл.

Ауаның құрамымен таныстырғаннан кейін оның қабаттарын тақтадағы сурет арқылы әр топтан бір оқушы шыға отырып түсіндіреді.

1-топ: азот - тропосфера, оның қалыңдығы, маңызы

2-топ: оттегі - стратосфера, биіктігі, температурасы және оның маңызы

3-топ: көмірқышқыл. - атмосфераның ең жоғарғы қабаты. Биіктігі, құбылыс



3.Атмосфералық қысым (5 мин)



Ауаның салмағы бар ма? Қысым деген не? Ауаның салмағы қандай? Сендерге тапсырма берілген болатын әр топ тәжірибе арқылы ауаның қысымын дәлелдейді.

(ауаның салмағы бар ол 1 см2 1,33 кг салмақ түсіреді. Оқушылардың жауабынан кейін олардың ауаның салмағы туралы даярлаған тәжірибелерімен таныстырады.)

1-топ: азот - Сызғыш пен газетті пайдаланып

2-топ: оттегі банка, су, тиын, тарелка, майшам, сереңке.

3-топ: көмірқышқыл. бөтелке, су құйып, бөтелкені теседі.

Немесе су құйылған стаканды қағазбен жауып төңкереді , сонда стакандағы су төгілмейді.



Қалыпты атмосфералық қысым сынап бағанасы бойынша нешеге тең? (760 мм)

Биіктеген сайын қысым қалай өзгереді? (әрбір 10 м сайын 1мм азаяды)

Ендеше тақтада берілген есепті есептеңдер?



Егер жер бетінде ауа қысымы 760 мм болса, 200 м және 2000 м биіктікке

ауа қысымы қандай? (200 м биіктікте 740 мм, егер 2000 м биіктікте 560мм сынап бағанасына тең)



4. Атмосфера температурасы (4 мин)

Оқушыларға келесі тапсырма орташа жылдық орташа температура мен жылдық амплитуда айырмасын табу керек. 2 мин уақыт беріледі.

1-топ. Тәуліктік орташа температураны тап



Сағ 1 .00

Сағ 7.00

Сағ 13.00

Сағ 19.00

Орташа тепм

-200С

-23 0С

-16 0С

-190С

0С



2-топ. Егер жер бетінде ауа қысымы 760 мм болса, 200 м және 2000 м биіктікке

ауа қысымы қандай?

</

3-топ.

Таудың етегінде температура + 30 0С, таудың биіктігі 4000 м, таудың басында ауа температурасы қанша?

Сергіту сәті



7. Климаттық диаграмма (5 мин)

Берілген сипаттау.

6-сынып. ашық сабақ. Атмосфера тарауы қайталау





8. Жел , жел өрнегі



(3 мин)

Ол келсе орман шулайды

Толқын теңіз тулайды.

Қуса өзен қуады,

Ешкім оны қумайды (жел).

Жел деген не? Желдің қандай түрлерін білесіңдер.

Бриз деген не? Күндізгі және түнгі бриздің соғу бағытын анықтаңдар

Муссон деген не?

1-топ:

Жел өрнегін сыз:



6-сынып. ашық сабақ. Атмосфера тарауы қайталау



Берілген кестені пайдалана отырып жел өрнегін салу

2-топ. Ауа райының шарты белгілерін пайдаланып берілген суретке метеорологиялық сипаттама бер.

9. Ауа райы (4 мин)



6-сынып. ашық сабақ. Атмосфера тарауы қайталау1-топ

3-топ. Ауа райының шарты белгілерін пайдаланып берілген суретке метеорологиялық сипаттама бер.





6-сынып. ашық сабақ. Атмосфера тарауы қайталау

2-топ



Берілген құралдар нені өлшейді. Сәйкестендір.

Термометр ауа қысымыны

Гигрометр жел жылдамдығын

Флюгер ауа температурасын

Барометр ауа ылғалдылығын





ІІІ. Үйге тапсырма беру (1 мин)

Үйге тапсырма «Атмосфераны қорғау» эссе жазу



1. Бағалау (2мин)

Әр топқа парақ беріледі, топ басшысы топтағы оқушыларды бағалайды.

ІV. Қорытынды



Балалар атмосфера тарауында не оқып білдік, қорытындылайық. Сонымен атмосфера қабатының қандай маңызы бар?

- Ауа қабығы болмаса, жер бетінің температурасы айдағы сияқты күн мен түннің арасында өте үлкен мөлшерде ауытқып тұрар еді.

- Күндіз тіктеп түскен күн сәулесі жер бетіндегі заттардың бәрін бірден күйдіріп жіберер еді.

- Керісінше, түндегі суық 100°С асып кетер еді.

- Атмосфера күн сәулесін шашыратып тарататындықтан, күндіз жер беті өте қатты қызып кетпейді, түнде ауа қабаты жылуды ұстап тұрады да, жер бетін қатты салқындаудан сақтайды.

- Атмосфераның төменгі қабатында бұлт үйіріліп, жауын - шашын жауады.

- Жерге кеңістіктен метеориттер үздіксіз ұшып келіп жатады, бірақ олар ауада жанып кетеді. Атмосфера болмаса, метеориттер жерді үздіксіз соққылап жатар еді



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал