7


  • Учителю
  • Презентация по географии на тему География пәнінен жобалап оқыту технологиясын пайдалана отырып,оқушылардың шығармашылығын дамыту

Презентация по географии на тему География пәнінен жобалап оқыту технологиясын пайдалана отырып,оқушылардың шығармашылығын дамыту

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Презентация по географии на тему География пәнінен жобалап оқыту технологиясын пайдалана отырып,оқушылардың шығармашылығын дамыту

























































Орындаған:№ 37 С.Маулен атындағы орта мектебінің география пәнінің мұғалімі-Тохтарова Салтанат Абдумуратовна

Тақырыбы:География пәнінен жобалап оқыту технологиясын пайдалана отырып,оқушылардың шығармашылығын дамыту.

Білім көп,-өмір аз,

Керегіңді тасқа жаз

Қазақ мақалы

Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.

5 қыркүйек 2012 Қазақстан Президенті «Назарбаев Университеті» студенттері алдында сөйлеген сөзінде былай деген еді: "Біз «білім - ғылым - инновациялар» үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжып келеміз....

Қазіргі уақытта Интеллектуалдық мектептер желісі белсенді дамытылуда.

Олардың тәжірибесі біртіндеп бүкіл орта білім беру жүйесіне таратылатын болады. Озық технологияларды алға бастыру үшін орта білім беруге электронды оқыту енгізілуде.

2012 жылы ол 581 мектепте енгізілетін болады. Бұдан былай ауылдық мектептер балалары, мүмкіндігі шек­теулі балалар оқу материалдарына қол жеткізе алатын болады.

Біз орта білім беруді жаңғыртуды жалғастыруға тиіспіз.»

Елбасының осы сөздерінен соң білім саласында біршама өзгерістер орын алып,оқушыларға тақырыптың жеңіл және жан-жақты жеткізілуі үшін және де естерінде ұзақ сақталу үшін әр түрлі реформалар жасалынды.Оқу әрекетінің тиімділігін арттыру үшін оқушыны білім алу процесіндегі белсенді әрекет ететін субьектіге айналдыру керек деген идеялар көтерілгелі көп болды. Осындай идеялардан туындаған технологиялардың бірі - жобалап оқыту технологиясы.

Жобалап оқыту технологиясының негізін салушы Карл Фрей өзінің "Жобалау әдісі" атты кітабында (Бельц қаласы, Германия, 1977 ж.) жобалау әдісі туралы былай түсіндіреді:

  • Оқушылардан болсын немесе оқытушы тарапынан болсын практикалық маңызы бар бір жоба (проект) ұсынылуы тиіс;

  • Жобаға қатысушылар оқыту түрі, міндеттерді атқару туралы өзара келіседі;

  • Оқушылар алған білімдерін танымдық және практикалық міндеттерді шешуге пайдаланады;

  • Жеткіліксіз білімді әртүрлі ақпарат көздерінен өз бетінше оқып үйренеді;

  • Оқушылар ұжымда жұмыс істеп үйренеді. Зерттеу біліктерін (проблеманы анықтау, ақпарат жинау, бақылау, тәжірибе жүргізу, талдау, жорамал жасау, қорытындылау) меңгереді;

  • Оқушылардың жүйелі ойлауы дамиды.

Карл Фрейдің жобалау әдісінің практикалық құндылығын ескере отырып,№37 С.Мауленов атындағы орта мектебінде География пәнінен оқушылардың шығармашылығын дамыту үшін жобалап оқыту технологиясын пайдаландық.Жоғарыда аталып өтілген әдісті 6 және 7-інші сынып оқушыларының қолдану барысында:

  • География пәніне қатысты өздеріне қызықты бір тақырып таңдалды;

  • Нақтылы тақырып аясында өз бетінше әртүрлі ақпарат көздерінен мәліметтер іздеу ұсынылды;

  • Жиналған мәліметтерді мұғалімге тексертіп,қажетті ақпараттар іріктеліп алынды;

  • Іріктелінген ақпараттар негізінде қорытынды жасалынып,келесі сыныпта сол тақырыпты ауқымы кеңірек деңгейде өткізу жоспарланды.

Осы жобалап оқытуға қатысқан оқушылардың бойынан,жобаға дейінгі кезбен салыстырғанда келесі өзгерістер анық байқалды:

  • Білім сапасының жоғарылауы (Үй тапсырмасын тиянақты орындап келетіндігі,сабақ барысында белсеңді атсалысып,сабаққа деген ынта мен зейіннің артуы.)

  • Үй тапсырмасына дайындалу кезінде тек кітаппен шектелмей,қосымша дерек көздерді оқитынын.

  • Ұжымда беделді болып,ұжыммен жұмыс істеу қабілеті артқаны көрінеді.

Жоғарыда келтірілген деректерді негізге ала отырып,жобалап оқытудың мектеп оқушылары арасында практикалық құндылығының жоғары екенін,жан-жақты дамыған ,білімді жастарды тәрбиелеуде ең қолайлы тәсілдердің бірі болып табылатынына көзіміз жетті.Алдағы уақытта осы әдісті жоғарғы сынып оқушыларына да қолданып,осыған дейінгі жұмыстарды ары қарай дамыту жоспарланып отыр!



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал