7


  • Учителю
  • Сабақ жоспары география пәнінен 'Табиғи қорлар'

Сабақ жоспары география пәнінен 'Табиғи қорлар'

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала



Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Аймихан Маржангүл

8 «а» сыныбы.

Оқушының саны 27

Ақмола облысы

Макинск қаласы Балуан Шолақ атындағы мектеп лицей

1 Апта

11.05.2012

1. Сабақ. №26 дәрісхана

Сабақтың атауы

Тақырыбы :Табиғи қорлар

Сілтеме

Ә.Бірмағанбетова, К.Мамырова. 6 сынып оқулығы. 142-144 бет.

Слайдтар.

Сабақ жоспары

Жалпы мақсаты


Табиғат байлықтары дегеніміз не ? адам өміріндегі , шаруашылықтағы маңыздылығы, басқа сфералармен байланысы, таралу заңдылықтары жайлы ұғымды қалыптастыру. Оқушыға табиғаттағы байлықтарды сақтау, қорғау керектігін аяушылықпен қарамасаң оңың кейбір түрлері жойылып ал кейбірі қалпына келетіндігін түсіндіре отырып . Адам қажеттілігіне тұтынтын заттардың барылығы табиғи қорларда екендігін ұғындыру.

Міндеттер:


1. Оқушылардың қызығушылығын ояту

2. Жаңа тақырыпқа оқушылардың білетін білімі арқылы кіру

3. Оқушылардың өздерін-өздері оқыту арқылы білім беруге ықпал жасау, сыни тұрғыдан ойлау процестері арқылы әр баланы қамтуға жағдай жасау 4. Жаңа сабаққа белгілі бір ой қорытындылар жасау

Мұғалімдер үшін оқу нәтижелері

1.Оқушылардың бірін-бірі оқытуы арқылы аталған тақырыпты меңгеріп шығу

2.Мұғалім оқуға бағыттап отыру

3.Оқушылардың өзін және достарын бағалау мүмкіндіктерін жасау

Сабақта туындаған негізгі идеялар

1.Оқушының өмірдегі біліміне, білетініне, сүйену

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ойлау дағдысын, мәнерін, амалдарын қалыптастыруға ықпал жасау

Күтілетін нәтиже

1Табиғат байлықтарының түрлі жолдармен қалыптасатындығы жөнінде, білімдерін кеңейту;

2.Жаңа теориялық ақпаратты беру арқылы оқушыға жаңа ұғымбарды қалыптастыру;

3. Жаңа білімнің өмірде бар екендігін, оны біз өмірде байланыстарда пайдаланудың мүмкіндіктері қандай деген жаңа сабаққа үлкен қызығушылық тудыру;

Тапсырма

Интернет желісін пайдаланып қосымша мәліметтер жинақтап келу

Сабақтың жүрілуі бойынша мұғалімнің жазбалары: Мұғалімдер немен айналысады және оқушылар немен айналысады.

Оқушыларды ұйымдастыру, сәлемдесу 0,5мин

№2 сабақ. Тақырыбы: Табиғи қорлар .

Өткен сабаққа шолу .Сауыр-Тарбағатай , Жетісу-Алатауы, Тянь -Шань тауларына

Жасаған сипаттама әр топтан бір оқушы қорғайды . уақыты /1мин/

Бағалау критерийлері :

Географиялық орны

Биік нүктесі

Өзендері

Климаты

Қазба байлықтар

Жануарлары мен өсімдіктері

Слайд 1 Табиғат байлықтары дегеніміз не? /0,5мин

Жеке 0,5мин -жұпта 1мин-топта талдап флипчартқа түсіріңіздер 3мин сыныпта қорғау / 1мин /

Тапсырма . Біздің айтқанымыз жаңа ақпаратқа сай келе ме, салыстырамыз. Мен слайдты шығарып отырамын, сіздер не екенін айтып отырасыздар слайдтан қараймыз? Слайд ½ Мұнай слайдта жеке-жеке шығару/

  • өсімдіктер/ слайдта жеке-жеке шығару/

  • жан-жануарлар / слайдта жеке-жеке шығару/

  • көмір слайдта жеке-жеке шығару/

  • ауа (атмосфера) / слайдта жеке-жеке шығару/

  • су/ слайдта жеке-жеке шығару/

  • ғарыш / слайдтан жеке шығару/

  • климат /слайдтан жеке шығару/

Сонда бүгінгі тақырып не болды ? Оқушы жауабы «Табиғи қорлар және өндіріс »

?сұрақ Неліктен физикалық географияда пайдалы қазбалардың, өсімдіктердің, жануарлардың, топырақ жамылғысының, судың таралуына көп көңіл бөледі?

Жеке- жұпта -топта талдау жасап өз ойларыңды қағаз бетіне жаз уақыт / 5мин /

сыныпта қорғау 1 мин

Ой қорыту

«Табиғи қорлар » тақырыбына эссе жаз жеке. жұпта, топта талқыла / 3мин/

Сыныпта қорғау әр топта бір оқушы / 1мин /

Бағалау

Өзін-және достарын бағалау /5мин/

Үйге тапсырма :

1.Өз елді мекендеріңде қандай табиғи қорлар бар?

2. Экология туралы не білесің ?

Кері байланыс парағы

Сабақ соңы



Сабақ өткізуге дейінгі жасаған болжау.

Рефлективті есеп

1-сабақ. Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Табиғи қорлар және өндіріс» Сабақтың түрі-жаңа сабақ. «Егер мұғалім мен оқушының білім игеруді бастау нүктесі өзара үйлеспейтін болса, онда оқуда табысқа жету күмәнді болады» делінген нұсқаулықта. Осы тұжырымдаманы үнемі есіме түсіріп, басшылыққа ала отырып, әр сабағымды табысты білім беру мақсатында құрастырамын. Оқушыларды жұмысқа ынталандыру және сыныпта болатын жағдайлардың бәріне белсенді қатысуға мүмкіндік беруге тырысамын..

Тәжірибеден өту кезеңінде 5 «в», 8 «а» сыныбын сабақ өткізуге алдым. 8 «а» сыныпта өткізетін тақырыбым - «Табиғи қорлар және өндіріс » Бұл тақырыпты ала отырып, ең алдымен сабағыма мақсат қоюуым керек. Оқушыларды топ-топқа бөліп отырғызу керек. 8 сынып, ересек болғандықтан оларды топқа қалай бөлемін деп ойландым әлде өз қалаулары бойынша бөлемін бе, тіпті сол жерде неше түрлі топқа бөлудің амалын ойландым.Әлде өз қалаулармен отырғызуды да ойландым.Содан тау,су,орман, өсімдік, атаулары арқылы топқа отырғызатын болып шештім. Енді оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыра отырып, жаңа сабақ кіру - менің міндетім болғандықтан, қызықшылығын арттыру үшін қандай тәсілдер қолдану керек.Оқушының қызығушылығын оятатындай тапсырма арқылы жаңа сабақты аша алатындай, қандай да бір оъбект, видео, сурет, сөзжұмбақ немесе өлең жолдарымен бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастырудан бастап, сын тұрғысынан ойлау әдісінің ой қозғау, миға шабуыл, топтастыру, жұпта талқылау сияқты стратегияларын пайдалануым керек. Осының бәрін ой елегінен өткізе отырып. «Оқушылардың бірін-бірі оқытуына мүмкіндік беріңіз» деген нұсқаулықтағы пікірді ескеріп. Ой қозғаудан бастаймын. « орман-тоғайдың ,өзен көлдердің ,мұнай, көмір, кен орындарыны слайдтан көрсетіп отырып, оқушылардың ойын білемін де, қоршаған ортада оларды қалай жіктеуге болады ? Қазба байлық дегеніміз не қайдан аламыз? қандай түрлері бар?» деген сұрақ қоямын, «Қандай табиғи қорларды білесіздер » сөзін топтастырудан бастаймын. Бұл жерде оқушының белсенділігі артып, оқушы өз білетінін еске түсіреді .Диалог барысында оқушылар келісілген нәтижеге жету үшін күш- жұмсайтын және Мерсер (2000)сипаттағандай тең құқылы серіктестер болып табылады.(нұсқаулық 39бет) көрсетілген. Мерсердің зерттеуінде әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады делінген. Міне, осы дәлелді ескере отырып, оқушыларды өзара сөйлету диалогтық оқыту мақсатында тапсырма беремін. Енді мағынаны тану кезеңі, яғни жаңа ақпарат алу кезеңі болғандықтан, мұнда оқулық бойынша мәтінді тақырыпшаларға бөліп әр топта бөліп беремін Бұл тапсырмаға Жигсо1, Жигсо 2 әдісін қолданамын. Тақырыпты мамандықтар бойынша (географ, геолог, биолог, климатолог) бөлемін . Сөйтіп тапсырманың орындалу әдістерімен түсіндіремін. Ой қорытынды бөлімінде « Табиғи қорлар және өндіріс» тақырыбына эссе жазғызамын.Бұл сабаққа бағалаудың өзін-өзі және достарын бағалау парағы арқылы өздеріне бағалатамын да, үй тапсырмасын келесі сабаққа байланыстырып беремін.

1 Адам экологиясы тақырыбына мәлімет жинап келу.

2. Өз елді мекендеріңде қандай «табиғи қорлар» бар ойыңды флипчартқа түсіріп кел деп тапсырма беремін. «Мұғалімдер оқуды бағалаумен (жиынтық бағалау) қатар, оқыту үшін бағалауды (формативтік бағалауды) пайдаланғанда, бағалау оқудағы аса пайдалы құралға айналады. Оқыту үшін бағалау - оқушылар уақыт кезеңінің ішінде өз білімдерінің деңгейін өздері бағалайтын, кейін мұғалімдермен бірге өзін-өзі жетілдіру жолындағы келесі қадамдарын айқындайтын үдеріс» делінген. /нұсқаулықта / сондықтан сабақ соңында кері байланыс әдісі арқылы сабақтың ұнағаны немесе ұнамағанан, келесі сабаққа ұсыныстарын білу үшін алдын ала дайындалып, ілінген көңіл-күй нышанына стикерлер жабыстыру арқылы білемін.


Пайдаланған әдебиеттер:

Мұғалімге арналған нұсқаулық.

8 сынып оқулық,әдістемелік құрал.

Табиғи қорлар және өндіріс тақырыбында өткізілген сабаққа талдау.

Бұл сабақ тәжірибедегі 1 сабағым жоспар бойынша сабақты бастамас бұрын . Сәлемдесіп қызығушылықтарын оятып алу үшін /1 мин /тренинг өткіздім .Содан кейін өсімдік, жануар, тау, су аттарымен топқа бөліп отырғыздым. Мерсер және Фишер (1993) ЖАДА-ның тапсырманы орындау жауапкершілігін білім алушыға беру қасиетін көпіршелердің басты мақсаты деп қарайды.Көпірше деп саналу үшін білім берумен оқуда мынандай жағыдайлар керек:

А) оқушыларға өз бетінше орындай алмайтын тапсырманы орындауға мүмкіндік беру.

Ә)Оқушы тапсырманы өз бетінше орындауға мүмкіндік беретін құзыреттілікке қол жеткізуді мақсат ету.

Б)көпіршелер тәжірибесін қолдану нәтижесінде оқушылардың өзіндік құзыреттіліктің жоғары деңгейіне қол жеткізуіне жағыдай тудырады делінген.(Мерсер1999) Нұсқаулық 29бет Солтұрғыда ойланып өткен тақырыппен байланыстыра отырып, үйге берілген тапсырма бойынша Жетісу Алатауы, Сауыр -Тарбағатай, Тянь-Шань тауларына берілген сипаттамадан бойынша әр топта талқылап кімде толық мағұлмат бар , сол оқушы қорғауға шығатынын айттым. Интерактивті тақтаға тауларды слайдтан шығарып қойдым.

Бұл тапсырмаға 1-ші топтан Жансая,2-ші топта Дана,3-ші топта Аягөздер қорғауға шықты . Ол оқушылар 3 -еуіде сыныптағы үздік оқушылар болғандықтан ба бірінші сабақта көшбасшылық жасап өздері дайындалып келген тақырыптарды картаны, тақтадағы суретті пайдаланып тақырыптарды түсінікті нақты жауаптармен қорғап шықты .Нұсқаулықта 35 бет-те көрсетілгендей оқушы оқу үрдісіне белсене қатысқанда ғана материалды терең меңгеруге қол жеткізеді. Басқаша айтсақ , жеке бағдарланған білім беру шеңберінде , оқушылардың сыныпқа келген кездегі бастапқы сенімдерін , білімін және өзіндік ойын негізге ала отырып , өз пайымдауын жасауға қаблетті екенін мұғалім түсінеді Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын қосатын « көпірді салуға » негізделсе , онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер көпірдің екі жағында қадағалай білуі тиіс делінген. Сондықтан сыныпта алдын ала берілген бағалау парағына тақтада көрсетілген критерийлер бойынша баға қою керектігін ескерттім. Сыныпта бірнеше оқушы дайындықсыз келді . Олар кешегі күні спорттық сайысқа кетіп тапсырманы білмегендерін айтты. Енді кезек тәжірибедегі жоспар мен жүрілуі керек .

Миға шабуылдан бастадым. « Қазба байлық дегеніміз не қайдан аламыз?»,

« қандай түрлері бар?» деген сұрақ қоя отырып, «Қандай табиғи қорларды білесіздер » сөзін жеке, жұпта ойланып , топта талдау жасап , флипчартқа түсіріп , әр топта бір оқушы қорғауға шығатынын айттым. Оқушылар өз білімдеріне сүйене отырып , бұл тапсырманы ойымдағыдай белсенділікпен шығып қорғап берді.

Мағнынаны тану кезеңінде Жигсо1 әдістерін қолданып. Мәтінді мамандықтар бойынша бөліп бердім (географ, геолог, биолог, климатолог ) тасырманың орындалу жолымен таныстырып .бірінші орындау барысында әртоп та тақырыпшаларды бөліп беріп , Жигсо 2 де топтарды жұмыс тобына бөлідім ( әр топта өз түсінігенін басқа топта айтып беруге) содан кейін отбасына оралып жан жақтан алып келген ақпараттарын өзара түсіндіріп топта бір оқушының қорғайтыны айттым. Тапсырманы орындау барысында уақыты дұрыс пайдалана алмай қалды бірінші сабақ болғандықтан әлі бірден алып кете алмады . Бырақ орындалуы кезеңдер бойынша жүзеге асты . Жақсы оқитын оқушылар басқаға өз оқыған тақырыбын жеткізе алды ,ал нашар оқитындар керісінше болды . үй тобында жақсы қорғап шықты . Бұл жолы зерттеудегі Жанардың өз жауапкершілігіне берілген тапсырмаға белсенділік танытып , топта еркін сөйлеп жолдастарын таң қалдырды .Жанардың топта сыныптаспарымен тығыз қарым қатынас жасауға жақсы мүмкіндік туып , енді еркі сөйлеуге үйрене бастады. Өз тобында қорғаушы болып берілген тақырыпты қорғап шықты.Басқа топтарда өз тақырыптарын өзгеге түсінікті етіп қорғап шықты. Ой қорту кезеңінде «Табиғи қорлар және өндіріс» тақырыбына бүгінгі жан- жақты жинаған ақпараттарды пайдалана отырып, оқулықтағы 220 -226 беттегі мәтінге сүйенеіп эссе жазғыздым.тапсырманы жеке, жұпта, шағын топта қорғаттым .Бұл жолы топтық жұмыс орындау барысында дәстүрлі оқытудан әлде қайда тиімді екендігіне көзім жетті .Сабақ бойында барылық оқушы сабаққа белсенділігі тақырыпты өз беттерімен меңгеруі бірнеше тапсырма орындау барысында оқушылар толық бағалануға мүмкіншілігі мол болды. Бұл сабаққа бағалаудың өзін-өзі және достарын бағалау парағы арқылы өздеріне бағалатып, өз бағаммен келісе отырып журналға түсіретінімді айттым. Үй тапсырмасын келесі сабаққа байланыстырып.

1 Адам экологиясы тақырыбына мәлімет жинап келуге.

2. Өз елді мекендеріңде қандай «табиғи қорлар» бар ойыңды флипчартқа түсіріп кел деп тапсырма бередім . Нұсқаулықта / 45 бет / көрсетілгендей Джин Раддок «Оқушы үнінің » белгілі жақтаушысы ретінде «Оқушылармен пікірлесудің мақсаты - қабылдаушының көзқарасынан алғанда оқытудың не екендігін түсіну, жекелеген оқушылар мен топтар үшін қалай жақсарту» екендігін жазады. Осы пікірге келісе отырып соңында кері байланыс әдісі арқылы сабақтың ұнағаны немесе ұнамағанан, келесі сабаққа ұсыныстарын білу үшін алдын ала дайындалып, ілінген көңіл-күй нышанына стикерлер қалтыруларын ескерттім.Сабақ соңында олардың жазғанстикерлерін оқысам былай былай жазылыпты .

Сабақтың топтық жұмыстарда әр кім өз ойларын сыныптастарымен бөлісе отырып

Сыни тұрғыда ойланып өз ойларына жан-жақты тәсілдермен орындау қызықты болатыны . Сабақта өз ойларын бір- біріне айтып (диалогтық тісілмен) бірлесе отырып өзін- өзі реттеу тиімді екендігін , алдағы уақыта сабақтардың жеті модуль әдістерімен жүргізілуің ұнайтындығын жазыпты. Маған да олардың бүгінгі сабақта белсене қызықтап топтар арасында тапсырмаларды бір- бірімен жарыса орындағандары ұнады. Мақсатыма жеттім кемшілігім бағалау кезеңінде журналға бағаларын түсіріп үлгере алмай қалдым Келесі сабақтың бұданда қызықты өтуіне тапсырмалар ойланамын.

Пайдаланған әдебиеттер:

Мұғалімге арналған нұсқаулық.

8 сынып оқулық,әдістемелік құрал.





 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал