7


  • Учителю
  • Африканың өзен-көлдері сабақ жоспары

Африканың өзен-көлдері сабақ жоспары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

Сынып: 7 «А,Б,В»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Африка табиғатының ерекшеліктері туралы, білім дерін қалыптастыруды одан әрі жалғастыру. Африканың өзендері Ніл, Конго (Заир), Замбези және Виктория, Чад т.б.көлдер туралы білім беру.

Дамытушылық: Африканың өзендері Ніл, Конго (Заир), Замбези және Виктория, Чад, т. б. көлдерінің орналасу нүктелерімен таныстырып, ойлауға, дамытуға негізделген шығармашылық қиялын жүйелеу, визуалды түрде саяхат жасау қабілеттерін одан әрі дамыту. Түрлі карталарды салыстыру, өздігімен презентациялар жасау қабілеттерін шыңдау.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұжымдылыққа, өз бетімен жұмыс жасай білуге үйрету және әлем табиғатын үйрене келе, өз отанының табиғатын аялауға, сүюге, экологиялық біліммен біргелікте тәрбие беру.

Сабақтың оқу жабдығы: Африканың климаттық, физикалық картасы, интер белсенді тақта, слайдтар.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: картамен жұмыс, баяндау, иллюстративтік.

Пән аралық байланыс: тарих

Ұйымдастыру.

II. Үй тапсырмасын сұрау.

III. Жаңа сабақ

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Үйге тапсырма беру.

VI. Оқушылардың білімін бағалау.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздерме балалар! Міне біз бүгін, Африка материгіндегі саяхатымыздың 5-ші күнін бастаймыз.

2. Сергіту сәті.

3. Үй тапсырмасын тексеру.

Үй таспсырмасын «ЕҢ ЕҢ ЕҢ » ойынын өткізу арқылы тексеріледі. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, жауаптарын картадан көрсету арқылы бекітеді.

4. Топқа бөлу.

1. Құрлықтағы ең биік нүкте:

Килиманджаро жанартауы, биіктігі 5895м

2. Құрлықтағы ең үлкен арал:

Мадагаскар, ауданы 590 мың км

3.Құрлықтағы ең үлкен көл:

Виктория, ауданы 68 мың км

4.Құрлықтағы ең ұзын өзен:

Ніл, ұзындығы 6671км

5. Құрлықтағы ең үлкен шөл:

Сахара, ауданы 7 млн км

6. Құрлықтағы ең ірі жануар:

Африка пілі, салмағы 7,5 тонна

7. Құрлықтағы ең терең көл:

Танганьика, тереңдігі 1470м

8. Құрлықтағы ең ірі сарқырама:

Тугела, биіктігі 933 м

"Блиц турнир" ойыны

1. Африканың ең биік нүктесі:

Килиманджаро жанартауы

2. Ертеректе жанартау атқылаудың ірі орталығы болған тау:

Айдаһар (дракон)

3. Кобальт пен мыстың ірі қоры орналасқан жер:

Замбия мен Заир

4. Платина, алтын мен алмастың ірі қоры орналасқан жер:

Оңтүстік Африка

5. Уранның ірі қоры орналасқан жер:

Нигер мен Намибия

6. Мұнайға бай шығанақ:

Жерорта теңізі жағалауы мен Гвинея шығанағы

7. Фосфориттің д.ж/гі аса ірі кен орындары орналасқан тау:

Атлас тауы

ІІІ. Сабақты баяндау

Африка- үлкен өзендер құрлығы. Ол құрлық ішкі суларының жылдық ағынының мөлшері (5400 км3) бойынша Еуразиямен Оңтүстік Америкадан кейінгі орында тұр. Өзендер экватор төңірегі мен құрлықтың оңтүстік-шығыс жағалауында жиі. Шөлді аудандарда, әсіресе, Сахарада климаттың ертеде ылғалды болғанын аңғартатын құрғақ өзен арналары (вади) көптеп кездеседі. Ірі өзендері - Ніл (6671 км, дүние жүзіндегі ең ұзын өзен), Конго, Замбези, Нигер, Оранж. Нілдің су алабының кеңдігі соншалық. ол бүкіл Африка құрлығының оннан бір бөлігін торлап жатыр. Ніл Руанда мен Эфиопияаның таулы аймақтарынан бастау алып, оңтүстіктен солтүстікке қарай қарай ағады. Оранж өзенінің төменгі бөлігі Калахари мен Намибия шөлдері арқылы ағады. Өзеннің сағасында өте бай гауһар кені бар. Асау Нигер өзені Батыс Африканың бес мемлекетінің қалқы үшін азық пен су көзі болып отыр. Африканың жиырмадан астам тайпасы тіршілігін Нигермен байланыстырып, осы өзенге үміт артады. Заир ( Конго) өзені ұзындығы жағынан әлемде бесінші орында. Ал қара құрлықта солтүстік шығыс Африкадағы Нілден кейін екінші орында. Замбези - Африканың Ніл, Заир, Нигер өзендерінен кейінгі төртінші өзен жүйесі. Ол Орталық Африкадан Үнді мұхитына қарай алты мемлекеттің жерінен ағып өтеді. Лимпопо өзені Ботсванадан бастау алады. Өзен арналарында шоңғалдар мен сарқырамалар көп кездеседі. Замбези өзенінің бойында атақты Виктория сарқырамасы бар (биіктігі 120 м, ені 1800 м). Құрлықтағы өзендердің гидроэнергетикалық мүмкіндігі өте жоғары. Ірі артезиан алаптары Сахара мен Калахари жерінде жатыр. Африка көлдерінің ірілері: Виктория,Танганьика, Ньяса, Рудольф, Чад.

ІV. Сабақты бекіту - блум таксономиясы.

А . Атлас және кескін картамен жұмыс.Африканың өзендері мен көлдерін түсіру.

Ә. Ніл және Конго (Заир) өзендеріне жоспар бойынша сипаттама беру.

Өзеннің материктегі орнын, қай алапқа жататындығын анықтау.

Өзен қайдан басталады, қайда құяды?

Қоректену көздері.

Шаруашылық маңызы.

Б. Географиялық шынжыр.

1 - топ:

667165059068

6671 - Ніл өзенінің ұзындығы

650 - Танганьика көлінің ұзындығы

590 - Мадагаскар аралының ауданы

68 - Виктория көлінің ауданы

2 - топ:

589514709337

5895 - Килиманджаро жанартауының биіктігі

1470 - Танганьика көлінің тереңдігі

933 - Тугела сарқырамасының биіктігі

7 - Сахара шөлінің ауданы

Жаңа сабақты бекіту

1.Жер шарындағ ең ұзын өзен

А) Амазонка Ә) Ніл Б) Конго (Заир)

2. Эфиопия таулы қыратынан ағып шығатын Нілдің бір саласы қалай аталады?

А) Көк Ніл Ә) Сары Ніл Б) Қызыл Ніл

3. Ніл өзені қандай шөлді кесіп өтеді?

А) Намиб шөлін Ә) Атакама шөлін Б) Сахара шөлін

4. Ніл өзені қайсы теңізге құяды?

А) Жерорта Ә) Каспий Б) Кариб

5. Ніл өзені қай жерден бастауын алады?

А) Шығыс Африка таулы үстірті

Ә) Кап таулары

Б) Айдаһар таулары

</<font face="Times New Roman, serif">V. Үйге тапсырма: Африканың өзен көлдерін кескін картаға түсіру.







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал