- Учителю
- 'Шығыс Қазақстан' 9 сынып сабақ жоспары
'Шығыс Қазақстан' 9 сынып сабақ жоспары
Сынып: 9 а Күні:
Тақырыбы: Шығыс Қазақстан. ЭГЖ ерекшеліктері, табиғат жағдайы мен ресурстары және халқы.
Білімділік мақсаты - Шығыс Қазақстанның экономикалық-географиялық жағдайына тоқталу, әкімшілік-аумақтық ұйымдастыруы туралы білім беру мен ауданның табиғат жағдайына, ресурстарына, халқына және еңбек ресурстарына шаруашылықтық баға беру. Халықтың урбандалу деңгейін анықтау.
Дамытушылық мақсаты - Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты - оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, өз ойларын жеткізе білуіне, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.
Оқу құралдары: Оқулық, 9 сынып Атлас, Қазақстанның әкімшілік-аймақтық картасы, Қазақстанның физикалық картасы, кескін карталар
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Оқыту әдістері: Репродуктивті,проблемалық әдіс
Сабақтың жоспары: І кезең - ұйымдастыру (2 мин)
ІІ кезең - үй тапсырмасын тексеру (15 мин)
ІІІ кезең - жаңа тақырыпты меңгеру (25 мин)
ІV кезең - білім мен икемділіктерін бекіту (40 мин)
V кезең - үй тапсырманы беру (3 мин)
VІ кезең - бағалау кезеңі (3 мин)
VІІ кезең - қорытынды (2 мин)