- Учителю
- География пәнінен конференция сабақ жоспары
География пәнінен конференция сабақ жоспары
ЭКСПО - дүниежүзілік көрмелері тарихынан тағылым.ЭКСПО-2017 Қазақстанның болашағы (конференция сабақ)
Конференция сабақ тақырыбы:
"ЭКСПО - дүниежүзілік көрмелері тарихынан тағылым.ЭКСПО-2017
Қазақстанның болашағы"
Конференция сабақтың білімділік мақсаты: ЭКСПО Халықаралық
көрмелерінің тарихы туралы деректермен таныстыру.Көрмелердегі
жаңалықтар және ғылым мен техникадағы, мәдениет пен өнердегі
нәтижелер мен жетістіктерін көрсету және ақпараттандыру.
Дамытушылық: Халықаралық көрмелер туралы білімін тереңдете
отырып,шығармашылық және дарындылық қабілеттерін шыңдай түсу.
Тәрбиелік: 2017 жылы халықаралық көрменің Астанада өтуіне мақтаныш
сезімін ояту.
Күтілетін нәтиже: Конференция қатысушыларына ЕХРО Халықаралық
көрмесі жайлы мәліметтерді жарнамалай отырып, өнертапқыш
қасиеттері бар адамдарды тарту.
Конференцияның тартымдылығы:
ЭКСПО халықаралық көрмелерінің өміршең жоба екенін жастарға
ұғындыру.
Конференция сабақтың ғылыми маңыздылығы:
ЭКСПО халықаралық көрмелерінің тарихи деректері туралы оқушылардың
шығармашылық жұмыстарын таныстыру.
Таныстырылымдық шешім:
Конференция сабақты өткізу үшін мектептің мультимедия кабинеті
таңдалды.
Конференция сабаққа 8-10-11 сынып оқушылары ЭКСПО халықаралық
көрмелері туралы зерттеу жұмыстарымен қатысады.
Барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі.1.Келген қонақтар мен қатысушыларды
сабақ мақсаты және жоспарымен таныстыру.
ІІ.Жоспары:
1. 10 сынып оқушысы Ғанибаева Мария: "Бүкіләлемдік көрмелер тарихы
бастау алған ел - Ұлыбритания"
2. 10 сынып оқушысы Салыбекова Оразкүл: "Франция
Республикасы.Көрмені өткізуден көшбастаушы қала - Париж".
3. 8 сынып оқушысы Сәрсенбаева Аружан: "1873 жылы
Вена.Австро-Венгриядағы халықаралық көрме тарихы "
4. 10 сынып оқушысы Ерімбетова Гүлзада: "Бельгиядадағы халықаралық
көрмелер тарихы"
5. 8 сынып оқушысы Сапарбекова Мәдина "ЭКСПО - 93.Корея: "Дамудың
жаңа жолын таңдау"
6. 10 сынып оқушысы Базарбаева Динара: "Испаниядағы ЭКСПО
көрмелері"
7. 11 сынып оқушысы Пурханов Абай: "Германияның Ганновер қаласында
өткен ЭКСПО-ның 58- ші көрмесі "
8. 10 сынып оқушысы Уразымбетов Сардар: " АҚШ -та өткізілген
халықаралық көрмелер"
9. 11 сынып оқушысы Құрбанов Асылбек: "1967 және 1986 жылдардағы
Канададағы халықаралық көрмелер тарихы"
10. 10 сынып оқушысы Аметалиева Әйгерім: "Австралия, 1988 жыл
"Техника ғасырындағы бос уақыт""
11. 8 сынып Абдиқадирова Анара: "Жапониядағы ЭКСПО көрмелері"
12. 8 сынып оқушысы Аллиярова Азиза: " ЭКСПО - 2010.Қытай."
Шанхай.Жақсы қала - жақсы өмір""
13. 8 сынып оқушысы Теңізбаева Жанар: "ЭКСПО- 2012.Оңтүстік
Кореяда."Жанды мұхит және жағажай".
14. 10 сынып оқушысы Түрікменбаева Роза: "ЭКСПО-2017.Астана.Болашақ
қуаты - Қазақстан қолында"
ІІІ. Қорытынды.
Конференция сабақ барысында қатысушылар назарына жас және әдемі
елміздің астанасы - Астана жайлы және халықаралық көрмелер жайлы
қызықты слайдтар ұсынылды.
ЭКСПО өткізу бәсекелестігі олимпиадалық ойын өткізу құқығымен
тең.
Сабаққа қатысушылар өздерінің белсенділіктерін көрсетті,сұрақтар
қойды және өз ұсыныстарын айтты.
ІУ. Марапаттау: