7


  • Учителю
  • 'ҚұРлық сулары' тақырыбы бойынша сабақтың тапсырмалары

'ҚұРлық сулары' тақырыбы бойынша сабақтың тапсырмалары

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала

§32. Құрлық сулары

Нәтижеге бағытталған бағалау бөлімі (12 балдық критериалды бағалау жүйесі арқылы кері байланыс)

І деңгей (бес ұпай) І қадам: «Білу»

Бос орынға қажетті сөздерді тауып жаз:

1-Тапсырма: Құрлық суларына ...........мен ..............., ......................мен ...................,................. .............., сондай-ақ жасанды су көздері(............,...........,..............) жатады. Орналасу орнына байланысты құрлық сулары .............және .................сулары деп бөлінеді. ................дегеніміз - арна деп аталатын табиғи ойыс арқылы ағып жатқан су.

2-Тапсырма: .............деп құрлық бетіндегі іші суға толған ойысты айтады. Құрлық сулары ...............және ...............жарамды болғандықтан маңызды болып келеді

3-тапсырма: ..............дегеніміз құрлықтағы тұщы судың жиынтығы.

4-Тапсырма: Жер қыртысының жоғарғы қабаттарына сіңген сулар құрлықтағы ...............суларын құрайды. Жерасты суы ...................жағдайына, ...................., қысым.........................мөлшеріне қарай қалқыма, ................ және............ сулары болып, .....топқа бөлінеді.

2- қадам: үлгі бойынша «Қолдану»

5-Тапсырма:Атластан Жердің маңызды географиялық нысандары картасын пайдаланып, ірі мұздықтар орналасқан аймақтарды, ірі өзендер мен көлдерді тауып, кескін картаға түсір.

ІІ деңгей (5 ұпай + 4 ұпай = 9 ұпай) 1-қадам: «Түсіну»

Себебін анықта. 1-тапсырма: Неліктен адамзат өзендерге ықпал етуде? Ж: Себебі: аса ірі қалалар, ............................, көпшілігі, ........................ алқаптары өзен бойларында орналасқан.

2-тапсырма: Не себепті өзендер режімінің кері өзгерістері табиғаттың құрамдас бөліктерінің өзгерістерін тудырады? Ж: Өйткені әрбір ............. біртұтас .................................бөлігі болып табылады.

2-қадам: «Талдау»

3-тапсырма: 1) Сызбаны толтыр.

Құрлық

сулары

....................асты сулары

.......................су көздері

2) Тақырыптың басты идеясын жаз

3-қадам: Қолдану

4-Тапсырма: Атластан Жердің маңызды географиялық нысандары картасын пайдаланып, бірнешеуін қосқанда Байкал көлінің тереңдігіне сәйкес келетін көлдерді кескін картаға түсір.

ІІІ деңгей (5 ұпай + 4 ұпай + 3 ұпай = 12 ұпай ) І қадам: «Жинақтау»

Сұраққа жауап бер. 1-Тапсырма: 1) Өзің тұрған жердегі құрлық суларына сипаттама бер. Сулар шаруашылықта және күнделікті тұрмыста қалай қолданылады?

2-қадам: «Баға беру»

Сен қалай ойлайсың?

2-Тапсырма: Өзендер мен көлдерді ластамау үшін сен не істер едің?

3-тапсырма: Тақырыптың мазмұны бойынша эссе (пікіріңді) жаз.



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал