7


Урок Атмосфера 6 класс

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание:
предварительный просмотр материала





Бекітемін: _______________ _______

Мектептің оқу ісінің меңгерушісі Күні

Сабақтың тақырыбы: §24 Атмосфераның құрамы және құрылымы.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға таныс жер қабықтарын еске ала отырып, ауа қабаты, құрылысы, маңызы, зерттелуі туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық: Халықтық педагогика элементтерін пайдаланып ауа қабықтары туралы танымын дамыту.

Тәрбиелік: Табиғат - ананың сиы таза ауаны қорғауға, қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды меңгерту

Сабақтың әдісі: түсіндірме, сұрақ - жауап

Сабақтың түрі: саяхат сабақ

Оқыту технологиясы: топпен жұмыс

Көрнекілігі: cлайд,электронды оқулық

Пәнаралық байланыс: химия, биология, қазақ әдебиеті, сурет.

Сабақтың барысы : І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй тапсырмасы

ІІІ. Жаңа материалды меңгерту

IV. Атмосфераның құрамы

V. Атмосфераның құрылысы

VI. Атмосфераның маңызы

VII. Атмосфераның зерттелуі

І.Ұйымдастыру бөлімі : оқушылармен амандасу,сыныпты түгендеу

Оқу құралдарын тексеріп,сабаққа дайындау

ІІ.Үй тапсырмасы : Литосфера тарауы бойынша деңгейлік тапсырмалар

















І деңгей:

1. Жер қыртысы дегеніміз не?

2. Литосфера дегеніміз не?

3. Тау жынысы дегеніміз не? Және оның қандай түрлерін білесіндер?

4. Магмалық тау жынысы дегеніміз?

5. Шөгінді тау жынысы дегеніміз не? Және олар нешеге бөлінеді?

6. Метаморфты тау жынысы дегеніміз не?

7. Жер сілкіну дегеніміз не?

8. Жанартау дегеніміз не?

9. Таулар дегеніміз не? Тауларды биіктігіне қарай топтарға бөл.

10. Жазықтар қалай пайда болады?





ІІ деңгей бойынша қойылатын тапсырмалар:

Картамен жұмыс. "Адаспай тап"





ІІІ деңгей бойынша қойылатын тапсырмалар:

Кім жылдам?ойыны Урок Атмосфера 6 класс

1. Ең биік тау? (Гималай)

2.Ең ұзын тау? (Анд)

3.Ең аласа тау? (Орал)

4.Ең биік жазық? (Үстірт)

5.Ең үлкен арал? (Гренландия)

6.Ең терең шұңғыма? (Мариана)

7.Ең алғаш картаны кім ойлап тапты? (Эротосфен)

8.Жердің шар тәрізді екенін кім дәлелдеді? (Магеллан)

9.Екі ендіктің арасын қосатын сызық. (Меридиан)

10.Ең ұзын өзен? (Ніл)





ІV.Терминдік сөздермен жұмыс.

Тақтаға бірнеше терминдік сөздер жазылады. Оқушылар сөздердің анықтамасын түсіндіреді. Ядро, мантия, сейсмограф, эпицентр, бархан, гейзер, лава, магма, эхолот, т.б.











V . Танымдық ойын.

Географиялық мәліметтерге, терминдерге байланысты оқушыларға төмендегідей ойындар беріледі. Бұл цифрлар нені көрсетеді?

а) 200 м-ге дейін-...................

11022м-...........................Урок Атмосфера 6 класс

8848-.............................

1000-2000м дейін-.......................

200-500и-ге дейін-...................

500м жоғары-........................

366 күн-...........................

40000км-.......................

132м-................................



ІІІ. Жаңа материалды меңгерту

IV. Атмосфераның құрамы

V. Атмосфераның құрылысы

VI. Атмосфераның маңызы

VII. Атмосфераның зерттелуі

Атмосфера - ауа қабаты деп аталады. Атмосфера гректің «атмос» және «сфера» дейтін сөздерінен құралған қазақша «ауа қабаты» деген мағынаны білдіреді.

Атмосфераның құрамы. Жер шарын жан-жағынан атмосфера деп аталатын ауа қабығы қоршап жатыр. Ол жердің ішкі қабығы. Ауа дегенеміз әр түрлі газдардың қосындысы. Олардың ішіндегі ең көбі азот - N 78 % . Оттегі - O 21 % құрайды. Ауада азот көп болғанымен, тіршілік үшін ең маңыздысы -оттегі. Адам мен жануарлар оттегімен тыныстайды. Ол - кез келген организмнің тіршілігі үшін қажетті зат. Өсімдік те, жануарлар да оны ауадан алады. Бұдан басқа ауа құрамында көмірқышқыл газы бар. Ол жанудан және жануарлардың тыныс алуынан түзеледі. Бұл газдың ауа құрамындағы үлесі аз болғанмен (0,03 %), жердегі тіршілік үшін маңызы зор. Өсімдіктердің өсіп жетілуі (тіршілік) үшін қажет. Ауаның құрамына газдардан басқа су буы, түрлі шаң - тозаңдар кіреді. Атмосфераның төменгі шекарасы айқын, ол жер немесе су беті. Биіктік артқан сайын ауа сирей береді де, ақыр соңында ғаламдық кеңістікке ұласып кетеді.

Сондықтан да жоғарғы шекараны дәл белгілеп айту қиын, шамамен 2-3 мың км шамасында бітеді. Төменгі қабатта ауа тығыз әрі ауыр болады. Ауа көзге көрінбейді, қолға ұстауға келмейді. Бірақ қайда барсақ та бізді қоршап тұр. Ол орын алады.





Урок Атмосфера 6 классУрок Атмосфера 6 класс



























Атмосфераның құрамы

Ауаның құрамы, температурасы, тығыздығы және т б. бір жерден екінші жерге барғанда және биіктік бойынша өзгереді. Атмосфераның бұл қасиеттері, әсіресе биіктік бойынша үлкен өзгеріске ұшырайды. Температураның және газ құрамының өзгерісіне қарай атмосфера биіктік бойынша үш қабаттан тұрады. Ең төменгі қабат тропосфера (грекше тропос-бұрылыс, өзгеріс) деп аталады. Бұл жер бетінен 8 - 9 км ал экватордан 18 км -ге созылады. температура 55° С - қа дейін төмендейді. Тропосфера ауасы күн сәулесі қыздырған жер бетінен жылу алады. Сондықтан неғұрлым жоғарылаған сайын соғұрлым суық болады. Әрбір км - ге биіктеген сайын температура орта есеппен 6 С -ге төмендейді. Оның үлесіне бүкіл ауаның 80 % -ы тиеді. Су буы да бұлттар, жауын- шашын, жел яғни бұл сферада ауа райы қалыптасады. Тропосфераның жоғарғы жағында стротосфера (грекше стратум - қабатталған ) қабаты жатады. Оның жоғарғы шекарасы 50 - 55 км биіктікке дейін барады. Мұнда су буы жоққа тән. Оның төменгі бөлігінде біраз биіктікке дейін температура біршама тұрақты, ал жоғарғы жағында айтарлықтай тез өзгереді. Стротосфераның 20 км ден 30 км -ге дейінгі биіктік аралығында озон шоғырланған. Жұқа озон ауаның қызып кетуін тудыратын ультракүлгін күн сәулесін жұтады. Атмосфераның жоғарғы қабатын мезосфера және термосфера қабаттары құрайды. Ауаның температурасы алдымен 80-90 км биіктікке дейін қайтадан төмендейді. Одан әрі температура тез көтеріліп 1000 -2000 С -қа өседі. Мұнда күннен атмосфераның төменгі қабаттарына дейін жетпейтін ерекше зарядтар таралады да, газ бөлшектерін электрлендіреді. Олар күн сәулесін жақсы жұтып алатындықтан, қатты қызады. Күннен таралған электр зарядтары атмосфераның биік қабаттарында поляр шұғыласы құбылысын тудырады.

















Атмосфераның маңызы. Жер бетіндегі өтіп жатқан түрлі құбылыстар, өзгерістер, тіршілік атаулы ауамен байланысты. Атмосфера күн сәулесін шашыратып түсіреді. Сондықтан жер беті күндіз күн сәулесінен қатты қызбайды, түнде, өте қатты суымайды. Ол жылылықты ұстап тұрады. Сонымен қатар атмосфера ғаламшарды метеориттерден қорғайды метеориттер жерге жетпей-ақ жанып кетеді. Ауа - тіршілік көзі. «Ауа - өмір тынысы» деп халық бекер айтпаған. Тыныс алу тоқтаса, өмір де тоқтайды. Ең қымбат, қасиетті нәрсені «ауадай қажет» деп, ауаны ерекше бағалаймыз. «Ауаны қылышпен кеспе» деген ырым бар. Тіршіліктің төрт тірегін қастерлеу халық салты, өмір заңы. Біздің планетамыздағы тіршілік атмосфера қабатына тығыз байланысты. Ауаның құрамындағы оттегімен тыныс аламыз. Ауа болмаса жер бетін айдағы сияқты құлазыған қу шөл алып жатар еді.

Атмосфераның ластануы. Адамның шаруашылық әрекетінің дамуына байланысты отын көп жағылатындықтан, ауа барған сайын ластанып, ондағы көмірқышқыл газының (СО2) мөлшері артуда. Ауаны табиғаттағы апатты құбылыстар, өрт, машина, зауыт, фабрикадан, т.б шыққан түтіндер ластайды. Ауаны тазарту үшін елді мекендерді көгалдандыру және ірі кәсіпорындарда тұтқыштар орнату қажет.

Атмосфераны зерттеу. Атмосферадағы түрлі құбылыс, өзгерістерді зерттеудің зор маңызы бар. Атмосфераны зерттейтін ғылымды метеорология деп атайды. Жер бетіндегі көптеген метеорологиялық станциялар тәулігіне кемінде 4 рет арнаулы аспап-тар көмегімен атмосферадағы өзгерістерді бақылап отырады. Адам аяғы жетуі қиын жерлерде автоматты радиометеостанциялар жұмыс істейді. Жердің жасанды серіктері, ғарышкерлердің ұзақ мерзімді орбиталық станцияларда жүргізген мәліметтердің де маңызы зор.

Урок Атмосфера 6 класс

Атмосфераның жоғарғы қабаттарынзерттеуге

Радиозонд қолданылады.

Радиозондтардың шарықтау

биіктігі 35-40км













Дәптермен жұмыс: Жаңа термин сөздерді жазып алу.

Сабақты бекіту:

І деңгей

Жердің ауа қабаты қалай аталады?

ІІ деңгей

Ауаның газ құрамын ата?

Атмосфераның жоғарғы қабаттарын зерттеуге арналған құрылығы?

ІІІ деңгей

Атмосфераның қабаттарын ата?

Грекше атауларын ата?

ІV деңгей

Атмосфераны қорғау(оз ойларын айту)





Үйге тапсырма:§24

Бағалау:





































Урок Атмосфера 6 класс

































Тақырыбы: «Атмосфера тарауы»Урок Атмосфера 6 класс





























География пәні мұғалімі: Тұрсынғалиқызы Нағима







 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал