- Учителю
- Сабақ жоспары география пәнінен тақырыбы: «Сауд Арабия» (11 сынып)
Сабақ жоспары география пәнінен тақырыбы: «Сауд Арабия» (11 сынып)
Қолданбалы курс
Сабақ № 14
Сыныбы 11 «А»
Күні 08.12.2015 ж.
Тақырыбы: Сауд Арабия
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сауд Арабиясы Корольдігінің географиялық орны, табиғат жағдайлары, ресурстары, халқы, саяси жағдайы мен экономикасы туралы білім қалыптастыру;
Дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, картамен жұмыс және өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;
Тәрбиелік: саяси саналылыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар: Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, атластар, кескін карталар
Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың жоспары:
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.
Үй тапсырмасын сұрау
Ең алдымен мұғалім оқушылардың дәптерлерінен Оман сұлтандығының аумағы табиғат жағдайлары мен ресурстарына шаруашылық тұрғыдан баға берулерін тексереді, кейін кескін карталарын тексеріп, бағалайды. «Оман сұлтандығының туристік объектілері» деген тақырыпқа хабарламаларын тыңдайды.
Өткен тақырыпты еске түсіру үшін балаларға келесі сұрақтарды қояды:
1. Оман сұлтандығының ЭГЖ-ның басты ерекшелігі қандай?
2. Шаруашылығының қандай басты салаларын білесіңдер?
3. Сыртқы экономикалық байланыстары, экспорт, импорт түрлері;
4. Табиғаты мен табиғат ресурстары.
5. Ірі қалаларына мысал келтіріңдер. Сұрақтарға жауап береді, кескін карталарын және дәптерлерін тексеруге береді. «Оман сұлтандығының туристік объектілері» туралы хабарлама оқиды.
Жаңа сабақ:
Сауд Арабиясы Корольдігі
Ресми атауы - Сауд Арабиясы Корольдігі.
Тәуелсіздік күні - 23 қыркүйек 1932 ж.
Жер аумағы - 2,15 млн. км2 (дүние жүзінде 14 орын).
Халқы - 24 млн адам.
Астанасы - Эр-Рияд.
Мемлекеттік тілі - араб тілі.
Ұлттық валютасы - сауд риалы.
Басқару формасы - абсолюттік монархия.
Географиялық орны. Сауд Арабиясы Корольдігі Арабия түбегінде орналасқан. Шектесетін мемлекеттер - Ирак, Иордания, Оман, БАӘ, Йемен. Солтүстік-шығысын Парсы шығанағы, батысы мен оңтүстік-батысын Қызыл теңіз сулары шайып жатыр.
Сауд Арабиясының 50%-ға жуығын шөлдер алып жатыр. Қалғандары шөлейттер, шұраттар (оазис) және Қызыл теңіз жағалауында аздаған ауыл шаруашылығына жарамды жерлер таралған.
Климаты- ыстық, құрғақ. Қаңтардың орташа температурасы +150С, шілдеде +300С-тан жоғары.Жылдық жауын-шашын мөлшері - 100 мм төмен, кейбір таулы аудандарда 400 мм-ге дейін. Ұлттық паркі - Асир.
Әкімшілік жағынан 13 минтакатқа (провинция) бөлінген.
Ұлттық және діни құрамы: жергілікті арабтар (Сауд арабиялық) - 87,5%, басқа ел арабтары - 9 %. Мемлекеттік тілі - араб. Мемлекеттік діні - ислам.
Саяси жағдайы. Сауд Арабиясы абсолюттік теократиялық монархия. Оны корольдіктің негізін қалаған Абдель Азиз ибн Абдель Рахман аль-Фейсал Аль Сауд корольдің балалары мен немерелері ұрпақтан-ұрпаққа мұрагер ретінде басқарады. Қасиетті құран мемлекеттің конституциясы болып есептеледі және ислам шариғаттары елдің заңы ретінде қабылданған. Мемлекет басшысы да, діни басшы да король болып табылады, сонымен қатар король премьер министр, қарулы күштер қолбасшысы мен жоғарғы сот қызметтерін де атқарады. Оның құзыреті тек шариғат нормалары мен Сауд салт-дәстүрлерімен ғана шектеледі.Саяси партиялар мен ұйымдарға тыйым салынған. Сауд Арабиясы БҰҰ-ның, Араб мемлекеттер лигасының, ОПЕК т.б халықаралық ұйымдардың мүшесі.
Экономика. Экономикасының негізі - мұнай мен газ өнеркәсібі. Арабия дүние жүзіндегі мұнайға ең бай мемлекет. Елде ірі мұнай өңдейтін, мұнай-химия кәсіпорындары, сонымен қатар химикаттар, пластмассалар, газ өнеркәсіптері, болат және басқа да металдар өңдейтін кәсіпорындар жұмыс істейді. Тамақ және жеңіл өнеркәсіптер, құрылыс материалдарын өндіретін өнеркәсіп салалары да жақсы дамыған.Алтын, күміс және мыс өндіреді.Ауыл шаруашылығы және балық аулау, сонымен қатар туризм саласы да дамыған.
Экспорты: мұнай және мұнай өнімдері, бидай, сүт өнімдері, жұмыртқа, балық, құс, көкөністер мен гүлдер т.б
Импорты: өндірістік құрал-жабдықтар, машиналар, қару-жарақтар, ЭЕМ, құрылыс материалдары, маталар мен киімдер т.б
Қорытындылау: Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылармен қоштасады. Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге талдайды.
Бағалау: Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды. Оқушылар мұғалімді тыңдап, бағаланады.
Үйге тапсырма беру
1. Сирия
2. Кескін картамен жұмыс
</