7


  • Учителю
  • Доклад на тему «Сындарлы оқыту теориясын География сабағында тиімді пайдалану»

Доклад на тему «Сындарлы оқыту теориясын География сабағында тиімді пайдалану»

Автор публикации:
Дата публикации:
Краткое описание: Осындай жаңа педагогикалық технологиялардың жиынтығы болып табылатын, өзіміз оқып жатырған білім берудегі Кембридж тәсілінің теориялық негіздеріне сүйене отырып практикаға енгізіліп жатырған 7 модульден құралған бағдарламаның менің өмірімде алатын орны ерекше болм
предварительный просмотр материала

Мақала тақырыбы: «Сындарлы оқыту теориясын География сабағында тиімді пайдалану»

Облыс, аудан: Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы

Мекеменің аты: О.Жұмабеков атындағы орта мектеп базасындағы Тірек мектебі (Ресурстық орталық)

Қызметі: География пәнінің мұғалімі Жилкибаева

Токжан Иматаевна


Осындай жаңа педагогикалық технологиялардың жиынтығы болып табылатын, өзіміз оқып жатырған білім берудегі Кембридж тәсілінің теориялық негіздеріне сүйене отырып практикаға енгізіліп жатырған 7 модульден құралған бағдарламаның менің өмірімде алатын орны ерекше болмақ. Әлемдік тәжірибеге негізделе отырып жасақталған бұл бағдарлама оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлелін нанымды жеткізе алатындай, сенімді, сыни пікір - көзқарастары жүйелі дамыған, танымдық қызығушылығы мен мүмкіндігі жоғары оқушы қалыптастыруды мақсат етеді.

Қазақта «7» қасиетті санға теңесе, мен үшін де осы бағдарлама мазмұнындағы 7 модульдің қасиеті ерекше болды. Бұл модульдердің көпшілігін бұрыннан сабағымызда пайдаланып жүрсек те, тереңіне үңіліп, олардың өзіндік философиясын түсініп көрмеппін. Әрине, бұрынғы дәстүрлі әдістерді де жоққа шығаруға болмайды, әр тәсілдің өзіндік артықшылықтары болады.

Модульдер:
1) «Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер»
2) «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету»
3) «Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау»
4) «Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану»
5) «Талантты және дарынды балаларды оқыту»
6) «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту»
7) «Білім берудегі басқару және көшбасшылық»

Осы 7 модульді апарып сабақтарыма салған кезде сыныптағы көрініс, оқушылардың көзқарасы мен оқу үрдісіне қатысы жаппай оң жағына қарай өзгерді, өзімде, өмірлік көзқарастарым да өзгеріп сала берді. Біз қолданып жатырған бағдарламаның түрлі тәсілдерді жинақтағанына қарамастан сындарлы оқыту негіздері қамтылған. Бұл 7 модульдің барлығы да «География пәні» сабақтарында қолдануға ыңғайлы әрі тиімді. Оқушыларға дәстүрлі сабақтарымдағы Дүние жүзінің физикалық картасын қолданып тусіндірілген сабақтардан, интерактивті тақта арқылы электронды оқулықтардын тапсырмалар орындап, ғаламтор арқылы алынған бейне роликтер көрсету арқылы жүргізілген сабақтарға қызығушылық танытады.

Қазіргі заманауи технологиялар дамып, барлық мектептер жаңа ақпараттық технологиялармен қамтылған деп айтсам, артық айтпаған болар едім. Ақпараттық коммуникациялық технологияны сабақ кезінде басқада технологиялармен біріктіріп өткізіп жүрмін. АКТ оқушылардың дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, өмірге деген көзқарасын жан-жақты дамытып, шығармашылық қабілетіне жол ашуда ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану - заман талабы. Мектептегі технологияларға компьютер, теледидар бағдарламалары, электрондық оқулықтар, ғаламтор сабақтарымызда оқушылардың қызығушылығын ояту, ынтасын арттыруда бұл құралдарды пайдаланып жүрміз. Өз сабақтарымда электрондық оқулықпен жұмыс, интерактивті тақта, активоит, Microsoft office, бейнефильмдер көрсету арқылы оқушылардың естерінде ұзақ сақтау дағдыларын жетілдірумен қатар, үйге тапсырма берген уақытта көбіне ғаламтор беттерінен іздеуді ұсынып, кейде нақты ғаламтор сайттарына сілтеме беріп отырамын. Әрине қазіргі оқушылар кітапханаға барғаннан гөрі ғаламтормен жұмыстануға көбірек қызығушылық танытады, заман талабына сай жеткілікті дәрежеде сандық сауаты бар, өмір жағдайларының барлық аспектілерінде жаңа технологиялардың бар мүмкіндіктерін пайдаланып, оны өмірлік қажеттіліктеріне қарай пайдаланатын ұрпақ тәрбиелеуде АКТ таптырмайтын тәсіл болып қала бермек. Практика кезіндегі екінші сабағымды «Табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыс» тақырыбы бойынша өткіздім. Сыныпта оқушыларды төрт топқа бөліп тапсырмалар бердім. 4 топ бойынша ақылдасып, тапсырма орындауы керек болатын.

Мысалы:
І. «Географтар»: 1. Қоғам дегенді қалай түсінесін? 2. Табиғат байлықтары 3. Табиғаттың қазіргі экологиялық жағдайы қандай?

ІІ. «Геологтар»: 1. Өздерің тұратын жерде қандай табиғат байлықтары бар, олар қалай пайдаланылады?

ІІІ. «Климатологтар»: 1. Табиғат ерекшеліктерінің адамға әсері қандай? 2. Жергілікті жерде болатын жауын - шашын мөлшері қанда?

IV. «Гидрологтар»: 1. Климаттың адам шаруашылығына әсері қандай? 2.Атмосфераның жай - күйі?

Оқушылардан мұқият тыңдап отыру сұралады, өйткені тақырыпты қаншалықты меңгергенімен тығыз байланыты.

Оқушылардың тапсырманы орындауда сыни турғыда ойланулары күрделі болды. Себебі «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» (СТО) бағдарламасы қазіргі таңда білімді, білгенін өмірге пайдалана алатын шәкірт тәрбиелеуде алатын орны ерекше. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы - әлемнің түпкір - түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі, ал бағдарламаның негізі Ж.Пиаже Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.

СТО маңыздылығының нәтижесі:
1. Әдіс түрлері.
2. Белсенді практикалық іс-әрекетте болуы
3. Басқалармен қарым-қатынас жасай білу,қорғай білу.
4. Қажет болса өз көзқарасын өзгерту.
5. Топтық тұжырымға келе білу.
6. Топ алдына шығып,өз тұжырымын айта білу.

Мектептегі тәжірибеде өткізген сабақтарымның барлығында дерлік сыни тұрғыдан ойлауға үйрету технологиясы стратегияларын қолданып, белгілі нәтижелерге қол жеткізе алдым. Мысалы, алғашқы сабағымда кластер құру, «мәртебесі жоғары, төмен» сұрақтар, екі түрлі күнделік,джигсо, сұрақ қоя, ой бөлісу, сен маған, мен саған, симантикалық карта толтыру стратегияларын қолдану арқылы балалар өз беттерінше тұжырым жасауға, ойларын еркін жеткізуге, ұқсас құбылыстар арасынан тиімдісін таңдай білуге тырысты.
Педагогикалық қызметте дарынды және қабілетті балаларға қатысты мәселе ойлауды, талқылауды және мұқият жоспардауды қажет етеді. Оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруда мектеп бүкіл оқушылар үшін мектеп стандартын күрделендіре отырып анағұрлым жоғары нәтижелерге қол жеткізе алады. Тәжірибе кезіндегі сабақтар барысында дарынды балалармен жұмысты жүргізуде деңгейлік тапсырмаларды төрт деңгейде беруді үйрендім.

1-деңгейдегі тапсырмаларын орындау барысында «танып білу» және үлгі бойынша «қолдану» арқылы орындалады,яғни жаңа сабақ бойынша берілген тапсырмалармен жұмыс жүргізіледі.Бұл тапсырмалар білімнің минималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушының жас ерекшеліктерне сай болады. 2-деңгей тапсырмалары түрленіп , күрделене түседі. Оқушы өз бетімен керегінше қызмет етеді. Оқу мотивтері қанағаттанарлық дәрежеде. Ықыласы жоғары. Оқушының қабылдауы ,жазба жұмыстарын орындау көрсеткіштері міндетті деңгейден әлдеқайда жоғары болады. 3- деңгей тапсырмаларына талдау, жинақтау, қорыту жасалады.

Ал 4- деңгей тапсырмалары дарынды, ізденімпаз, қабілеті жоғары, талапты балаларға арналды. Ондай оқушыларға мұғалім тек тақырыбын ғана береді, оқушының өзі мақсатын қояды, нәтижесіне жетеді, жазба жұмыстарын өз бетінше орындайды. Мысалы, өткізген екінші сабағымда дарынды оқушыларды бір топқа топтастырып, Блум өлшемдері сұрақтарымен жұмыстандыру барысында оқушылар мұғалімнің көмегінсіз, өздерінің білітілігі, ой ұшқырлығы арқасында көптеген нәтижелерге қол жеткізе алды.
Сонымен қатар білім беру үрдісінде оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып білім беру - маңызды.

Білім беру үшін бағалау және оқытуды бағалау модулі біз үшін жаңалық болмаса да, осы курс нәтижесінде бағалауға деген мүлдем жаңа көзқарас қалыптасты десем, қателеспеймін. Балаларды ынталандыруда тәуекелге барып, оқушылардың жауаптарын жоққа шығармай, сол қателерін өзіне түзете арқылы жұмыстандыру қажеттігін, бағалау критерийлері арқылы әділ бағалауға қол жеткізудің мұғалім үшін де, оқушы үшін де тиімділігін ұғынып, тәжірибемде пайдаланып, оң нәтижелерге қол жеткізе алдым. Бағалау барысында оқушының өзін-өзі бағалауы,жұпта және топта бағалануы орын алды. Оған дәлел сабақ беретін 7 «В» сыныбындағы білім сапасының 60℅-дан 70℅-ға көтерілуі болды.

Мұғалімдер дамыту жұмыстарын жүргізу барысында рефлексияны, жоспар құруды, кеңес береуді біртіндеп жүзеге асыру әдісі арқылы қолдау таба алады. Шын мәнісінде ол мұғалім, ата-ана, оқушылар, жалпы мектеп өз тәжірибелерін жетілдіру үшін қатысатын үдерісті басқару мен басшылық етуден тұрады.

Көшбасшылықты дамыту бойынша жұмыс мектепте жаңа білімді қалыптастырады, дегенмен мектептен тыс жерде алынған жаңа білімдерді беру де мұғалімнің өз мектебіне орасан зор пайдасын тигізеді.

Қорытынды ойым:

Осы мектептегі тәжірибе барысында іс-тәжірибемді жетілдіре отырып, жаңа стратегиялық шешімдер қабылдау арқылы, жаңа тәсілдерді сабағымда пайдалану арқылы оқушыларды және өзге де әріптестерімді сабағыма қызықтыра алу арқылы, тәжірибеге алған сыныпта білім сапасының өсуінен байқалған нәтижелерге қол жеткізу арқылы да көшбасшылыққа қол жеткізе алдым деп ойлаймын.

Әдебиеттер:
1. Г.Кертаев. «Оқытудың кейбір әдістері». Алматы,1991.
2. Б.Р.Айтмамбетова . «Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері». Алматы,1991.
3. Беспалько В.П. «Педагогика технологиясы.» 1998.
4. «Мұғалімге арналған нұсқаулық» НИШ 2012ж

5. Ғаламтор мәліметтері



 
 
X

Чтобы скачать данный файл, порекомендуйте его своим друзьям в любой соц. сети.

После этого кнопка ЗАГРУЗКИ станет активной!

Кнопки рекомендации:

загрузить материал