- Учителю
- Есірткіден аулақ бол!
Есірткіден аулақ бол!
«Есірткіге қарсы күрес »тақырыбына әзірленген сценарий
(Безендірілген сахна,шарлар,сахна төрінде тақтадан тақырыпқа сай бейнебаяндар көрсетіліп тұрады, халықты өзіне тартатын музыка ойнатылады)
1-жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар!
Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні аясында есірткіге қарсы ұйымдастырылған фестивалға хош келіпсіздер!
Елбасының «Қазақстан -2030» жолдауында көрсетілген өзекті мәселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі.
2-жүргізуші:
Нашақорлық - бүкіл қоғамның қасіреті, болашағымызға қауіп төндіріп тұрған індет. Дәл қазіргі таңда әрбір жанұяның есігі мен терезесіне үңіліп, айналасын торып, ғасыр індеті жүр.
1- жүргізуші:
Есірткі, анаша - ғасыр тажалы. Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде.
2-жүргізуші:
Нашақорлықпен күресуге қарсы ұйымдастырылған іс- шараның өтуіне ұйытқы болған ------------------------------------------ ортамызға шақырайық! (Басшы біріне сөз беріледі)
1- жүргізуші:
Көмейіне бұлбұл ұялаған әнші, ән өнерінің майталманы ,өзіміздің жерлесіміз эстрада жұлдызы -------------------- бүгін бізбен бірге.Қанекей,қошеметпен қарсы алайық!
(Сахнада ән шырқалады)
І. Салауат үгіт насихат тобының қойылымы.. «Есірткіге жол жоқ! »
2-жүргізуші:
Ғасыр дертімен күресу керек. Дүниедегі ең қымбат нәрсе ол сенің өмірің. Сенің өмірің ол өз қолыңда.Ендеше,құрметті жиылған қауым!Сіздерге іс- шара барысында бірнеше байқаулардың өтетіндігін хабарлаймыз.
-
«Өз өмірің өз қолыңда! » Көрерменмен сурет байқауы (Асфальт үстіне, плакат ж/е т.б сурет салу)
1-жүргізуші:
Президент Н.Ә. Назарбаевтың ҚР-ның халқына жолдауында : «Біздің жас мемлекетіміз өседі және орнығып, нығаяды, онымен бірге біздің балаларымыз бен немерелеріміз де өсіп жетіледі. Олар өз ұрпағының жауапты және жігерлі өкілдері болады. Біз өз қоғамымыздағы құра отырып, біздің азаматтарымыздың өмір бойы дені сау болуы және оларды таза табиғи ортаның қоршап тұруы үшін кең өріс ала түсетін күш жігерлерді қолдану қажет» деген болатын.
2-жүргізуші : Осы мақсатты іске асырудағы біздің стратегиямыз келесі бөлімдерден тұрады: аурудың алдын алу және салауатты өмір салтына ынталандыру - делінген. Бүгінгі өткізіліп отырған іс - шарамыз міне, осы ойға бағыт ұстайды.
Салауатты өмір сүрейік, спортпен айналысайық, Салауатты өмір салтын ұстанайық!
2.Спорттық сайыстар өткізу. (Веложарыс, арқан тартыс немесе тағы басқа)
1-жүргізуші:
Мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі, еліміздің ертеңі -жастар, дәлірек айтсақ XXI ғасыр жастары. XXI ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры, жалпылама айтқанда күн сайын шығатын технологиялық жетістіктер жасөспірімдердің қызығушылығын толтыруда және ол өз кезегінде барған сайын жас жеткіншектердің тәрбиесіне, біліміне, ең бастысы денсаулығына көңіл аз бөлуде.
Ашық алаңға бірыңғай формадағы (Мысалға Қызыл футболка,сары кепка) жастар шығып (саны -50-60) жаттығу түріндегі флешмобты билейді.
(Билеп болған соң жылдам қимылмен төмендегі белгіні бейнелеп көрсетуі тиіс. Немесе «Өмір». «Денсаулық» сөздерінің бірін жазуға болады) (Төбеден қарағанда анық көрінеді)
2-жүргізуші :
Құрметті халайық!Сіздерге «Нашақорлық- қоғамдық дерт» атты анкета (Сауалнама) таратылады.Барлықтарыңыз шынайы жауап берулеріңізді сұраймыз!
(Көмекшілер халыққа қаламсап пен парақша таратып шығады)
Мұнан әрі іс- шара
1.Әншілердің әніне, би өнеріне,ойындарға ұласады.
2.Халыққа үгіт-насихат парақшасы таратылады.
3.Салют ату,шарлар ұшыру
4.Іс- шараға белсене қатысушыларға сыйлықтар ұсыну
САУАЛНАМА
1. Өзіңнің ойың бойынша қай жастағы адам:
- шылым шегеді
- арақ ішеді
- есірткі заттары
2. Ішетін жастарға қалай қарайсың (бәрібір, сөз қыламын, қызығамын)?
- ұл балаларға
- қыз балаларға
3. Сенің ата-анаң (балаң) қалай қарайды осындай әдеттерге
- мүлдем қарсы
- сөз қылады, әңгімелейді
- бәрібір
4. Сенің ата-анаң (балаң)шылым шегіп, арақ ішеді ме, есірткі қолданадыма?
- әке (ұл)
- анна(қыз)
5. Өзің татып көрдің бе (иә, жоқ)
- арақ ішуді
- есірткі заттарын
6. Алғаш рет темекі шеккеннен алған әсеріңіз?
-әлсіздік
- бастың ауруы
-қолданған жоқпын
7. Шылым не үшін қажет?
- ермек үшін
- жолдастарыма қарап
- қызығамын
8. Ішімдік не үшін керек?
- көңіл көтеру
- мәселе шешу үшін
- қарым-қатынас үшін
9. Қандай есірткілердін аттарын білесің? (жаз)_________________________
__________________________________________________________________
10. Зиянды әрекеттер туралы қортынды ________________________________
__________________________________________________________________
Үгіт- насихат парақшасының үлгісі
Есірткіден аулақ бол!
Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтеріне сүйенсек дүниежүзінде 200 миллионнан артық нашақор бар екен. Олардың басым бөлігін жастар құрайтынын ескерсек есірткі салдарының жалпы адамзатқа төндіріп отырған қаупі орасан.
Сценарийдің жоспары
1.Сахнаны безендіру
2.Музыкалық қондырғылармен қамтамасыз ету және қолдану
3.Эстрада жұлдыздарын шақыру,олардың қажеттерін қамтамасыз ету
4.Іс- шара барысын жүргізу, ойын,би түрлерін қарау
5.Сахналық қойылымның қажеттілігін қамту
6.Сауалнамалар, үгіт парақшаларын тарату
7.Салют ату,шарлар ұшыруды орындау
8.Спорттық сайыстарды ұйымдастыру
9.Бірыңғай форманы қамтамасыз ету
10.Флешмоб ұйымдастыру
11.Марапаттау,сыйлықтар тарату
12.Өткізілетін іс- шараны бейнекамераға және фотоға түсіру